Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Екібастұз-Семей-Өскемен" жоғарғы вольтты желісінің құрылысы басталды

"Екібастұз-Семей-Өскемен" жоғарғы вольтты желісінің құрылысы басталды

 "Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясы" АҚ (ШҚ АЭК) аумағын 2015 жылы жаңаландыруға, электр бағандарын капиталды жөндеу жұмыстарына, құрылыс жобасына 3,9 млрд теңге бөлінеді. Сондай-ақ, "Екібастұз-Семей-Өскемен" жоғарғы вольтты желілерінің құрылысы басталды деп хабарлайды Қазинформ.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасысының жетекшісі Айтқазы Шерубаев кеңейтілген аппарат жиналысында аталған жобаларға бақылау  күшейтілгенін жеткізді. Осы уақытқа дейін аумақта жоспарланған жобалар бойынша, электр бағандары желісінің 1 шақырымы тұрғызылды, 110 шақырым қайта ұйымдастырылып, модернизацияланды, электр бағандарының 553 шақырымы капиталды жөндеу жұмысынан  өтті. Ал биылғы жылдың ең басты құрылысы «KEGOC» АҚ-ның "Екібастұз-Семей-Өскемен" жоғарғы вольтты желісі болмақ. Оның ұзындығы - 1559 шақырым, 865 шақырымы ШҚО арқылы өтеді. Шығыс Қазақстан үшін жоба құны 45,5 млр теңге болды. Жобаның мақсаты - Шығыс Қазақстанды Ресейдің Біріккен энергетикалық жүйесінің электроэнергия транзиттерінен тәуелсіз ету, электр-энергетика жетіспеушілігін азайту. Сондай-ақ, Өскемен мен Семейде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының инфрақұрылымын модернизациялау, сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасып жатыр. Модернизациялау бойынша 12 жоба нысандарына жылу тарату ісі жүзеге асырылады. Жұмыстың орындалуы үшін 2 111,5 млн теңге қаржы бөлінеді.

Похожие материалы