Мнение экспертов
Экология саласындағы қателіктер адамзатқа қарсы қылмыс деп танылады
Парижде өтетін СОР 21 конференциясында талқылануы тиісті мәселелер бойынша алдын-ала отырыс өткізген 60 елдің саясаттанушылары мен сарапшылары осындай шешім қабылдады.
Бұл саладағы мәселелер жаңа емес, бірақ проблеманы шешуде жаңаша жолдары қаралуда. 100-ден астам елдің басшылары кездесетін жиынды тарихи оқиға ретінде бағалауға болады. Бұл конференцияда климат пен СО2 бойынша Копенгаген саммиті және Киота протоколына қарағанда маңызды шешімдер қабылданады. Экологияға қатысты талаптар мен жаңа стандарттар айтылады.
Жалпы алғанда СОР21 конференциясын Астаналық "Жасыл Энергия" EXPO 2017 көрмесінің алғышарты, жарнамасы ретінде қарастыруға болады. Париждік СОР21 Астанадағы EXPO 2017 көрмесіне бағыт береді. Мұндай эксклюзивке тек Қазақстан ғана ие және біздің бүкіл әлем алдында экологияға қамқор қатынасының мысалы ретінде ерекшеленуімізге мүмкіндігіміз бар.
Бірақ, әзірге, экология министрлігінің болмауымен, сайғақтар өлімінің бізді еш қызықтырмауымен ғана ерекшеленіміз. Біз уран рудасына жақын орналасқан елдімекендердегі адамдардың ұйқышылдық ауруының себептерін қарастырған жоқпыз. Алматы тұрғындары СО2 концентрациясы өте жоғары түтін арасында өмір сүруге мәжбүр.
Барлығы адамның билігінде. Адам бақытын да, қайғысын да өзі жасайды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024