Экономикалық өсу қоғамның әл-ауқаты мен өндірістің тиімділігін арттыру (дипломдық жұмыс)
Қазақстан ХХІ ғасырдың баспалдағында нарықтық эконономикаға бейімделіп, көптеген жетістіктерге қол жеткізіп дүениежүзіне таныла бастады. Жақын арада Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауында өтпелі кезеңде жетістіктерімізді атап, осы уақыттағы және болашақтағы ұстанатын жолымызды, яғни экономика салаласындағы атқаратын қызметінің негізгі мақсаттары мен міндеттерін айқындап көрсетті. Қазазстан экономикалық әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында айқындалған стратегиялық бағдарламаның негізінде, біз жас буын оқымыстылар, ғалымдар өз үлестерін аянбай қосатыны белігілі.
Ұлттық экономикамыздың жеткен жетістіктерімен қоса әліде болса, шешілмеген осал тұстарымызда баршылық. Біздің борышымыз Қазазқстанның өркениетті, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылуы үшін аянбай еңбек етуімізді талап етеді. Қазіргі экономоикалық өсу, қоғамдағы әл-ауқаттылық жағдайы, өндірістік тиімділік бүгінгі күнннің өзекті мәселесі. Ғылыми салада бүгінгі жаңа теориялық ізденістерін тереңдетіп жетілген және жетілмеген тұстарына көңіл бөліп одан ары дамытуға өз үлестерімізді қосуға атсалысқанымыз жөн деп санаймын.
Менің дипломдық бітіру еңбегімнің тақырыбы: «экономикалық өсу қоғамның әл-ауқатымен өндірістік тиімділік» - жайында, негізгі мақсат экономикалық өсудің теориялық бағыттарына көңіл бөле отырып қазіргі нақтылы жұмыс істеп тұрған нарықтық экономиканы одан ары жетілідіуімізді қажет етеді. Экономикалық өсудің мәнін, ұғымын, нысандарын талдап және оның факторларын экономикалық тиімді жүргізу туралы анықтауы болып табылады. Экономикалық өсуді қамтамасыз етуде Қазақстаннның экономикасы үшін келесі маңызды мәселелерді қарастырған дұрыс. Алдымен әлемдік тәжірибелерге сүйеніп ғылыми жетістіктерінің альтернативті нұсқаларына көңіл бөліп, біздің ұлттық экономикамызды ерекшелік қасиеттеріне баса назар аудара отырып тұрақты әлеуметтік экономикалық дамуды қамтамасыз ету керек.
Бүгін экономикалық өсудің негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып отыр. Өткен шақпен салыстырғанда өндіру көлесмін екі-үш есе ұлғайтуға қол жеткіздік. Бүгінгі Қазақстан тұрақты, тиімді әрі сенімді әріптес екеніне барша әлемге аян, ақиқат.
Алдымыздағы міндетіміз экономикалық дамуды жеделдетуіміз үшін экономиканы диверсификациялауға бағытталған индустриялық-инновациялық стратегияны іске асыру. Экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін:
- еліміздегі джәне өңірдегі бекем тұрақтылықты нығайту;
- өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
- жаһандану талаптарына сәйкес экономиканы серпінді дамыту;
- шикізаттық емес секторларды ілгерілетуге баса ден қою;
- жаңа технологияларды дамыту қажет.
Диплом жұмысының бірінші тарауында экономикалық өсудің буржуазиялық және қазіргі жаңа теорияларына сараптама жасалды. Экономикалық өсу ұғымын анықтап мәнін ашуға және оған әсер еитуші факторларына тоқталдық. Экономикалық өсудің кейнсшілер теориясында, соғыстан кейінгі жылдарында әлемге танымал ілімнің жетістіктеріне баса назар аударды.
Екінші тарауда Стратегияның негізгі мақсаты – бәсекелестікке шыдайтын, импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған тауар шығаратын өнеркәсіптер құрып, қызмет көрсету саласын мығымдау.
Индустриялы-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес біз экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустриялануын тездетуге, машина жасау мен өнеркәсіп жабдықтарын жолға қоюға тиіспіз. Яғни инновация – негізгі қозғаушы күш болмақ.
Енді осы тұрақты экономикалық өсудің бүгінгі таңдағы ең негізгі қозғаушы факторы болып отырған Индустриялы-инновациялық даму стратегиясының мақсаты мен міндеттері туралы тоқталып өтсем деймін.
Стратегияның басты мақсаты шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әр тараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу; ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау болып табылады.
Өңдеуші өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабілетті және экспортқа негізделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндірісі мемлекеттік индустриялы-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.
Өнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттырудың негізгі шарттарының бірі, оның қоғамдық ұйымдастыруының жетілдіру формалары – шоғырландыру, мамандандыру, кооперациялау және орналастыру болып табылады.
Қазақстанда өндіністің шоғырлануы аса жоғары болып табылады. Республиканың ірі кәсіпорындарының қатарында жүзге жуық салыстырмалы ірі корпоративтік бірлестіктер құрылды. Олар бір-біріне көлемдері, кәсіпорын құрамы, меншік құрылымы, ұйымдық формасы және басқару жағдайы бойынша ерекшеленеді. Қазақстандағы корпоративтік сектордың жектілікті дәреэжеде дамымағандығына және аздығына қарамастан, мұнда қазірдің өзінде корпоративтік құрылымның тұрақты типтері айқын көрінуде.
Қазіргі кезде әлемде және отандық экономикада терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер орын алуда. Аталған өзгерістер экономикалық парадигманың өзгеруіне қажетті тарихи алғышарттарды қалыптастырды. Ұзақ уақыт бойы қоғамдық әл-ауқат көздеріең алдымен материалды-техникалық базаның қалыптасуы тұрғысында қарастыылады, ал елдің даму деңгейі материалды өндіріс көлемін арттыру қарқындарымен анықталады.
Экономикалық ғылымдар және экономикалық тәжірибесі көрсеткендей инновациялық дамуда жаңа технологиялар экономиканы тиімді модернизациялауды қамтамасыз етеді. Бұл әсіресе ҚР үшін өте маңызды, өйткені 1990 жылдан бастап елімізде технологиялық дағдарыс қалыптасты. Өндірістің техникалық деңгейі құлдырады, ғылыми өнімдекрдің шығуы азайды, ғылыми-техникалық потенциалымыз қысқарып кетті, сондай-ақ бұрынғы экономикалық жүйе түгелімен жойылды, еліміз өзінің ішкі сұранысын қамтамасыз ете алмай қалды. Осының салдарынан ЖІӨ көлемі де 1990 жылмен салыстырғанда 1995 жылы 40%-ға дейін азайды.
Егер, өткен шаққа көз салатын болсақ, Кеңестік Одақ кезеңінде материалдық-техникалық қамсыздандыру, соғыстан кейінгі жылдар қарқынмен дамып, жүйелі іске аса бастады.
«Экономикалық өсу теориялары»шеңберіндегі бірқатар теориялар, атап айтар болсақ;
- Харрод-Домардың моделі;
- Экономикалық өсудің неоклассикалық бағыты;
- Экономикалық өсудің неокейнстік бағыты;
- Өсудің қазіргі заманғы,жаңа теориялары және т.б негізі болып табылады.
Нақты бір өсу қарқынына жетуді көздеген кез-келген ел нақты теорияларды арқа етері сөзсіз. Әрине барлық теорияны дұрыс, сәтті практикалық қолданысқа ие деп айту өте қиын.
Қазіргі экономикалық теорияларда экономикалық өсу терияларының негізін ағымын экономисі Рой Харрод пен американдық экономист Евсей Домар салды.
1 бөлім. Қоғамның әл-ауқатын қамтамасыздандырудағы экономикалық теориялары
1.1 Экономикалық өсудің буржуазиялық және қазіргі заманғы теориялары
Кез келген қоғамның гүлденуінде немесе құлпырауында маңызды роль ойнайтын ұзақ мерзімді экономикалық өсуді қамтамасыз ету проблемалары сонау меркантилистер теориясында үлкен орынға ие болған. Буржуазиялық әдебиеттерде соғыстан кейінгі жылдарда алдыңғы орынды алған бұл теориның таралуының обьективті негізгі – социализімнің күшеюі мен екі әлемдік жүйелердің экономикалық жарысы болып табылады. Экономикалық қарқынының проблемасы имперализнің колониалды жүйесінің қалауымен байланысты өрши түсті, дамушы елдердің экономикалық артта қалуның алдын алу міндеті жас ұлттық мемлекеттерде өндірістің өсу қарқынымен байланысты.
Экономикалық өсу тақырыбы аясындағы мәселердің өзектілігі - өсу теориясының таралуның негізінде терең және ішкі себептердің жатуында: алдыңғы қатарлы қатарлы дамыған елдерде экономикалық даму қарқының баяулауы,жұмыссыздықтың асқыну, мемлекеттік монополистік капитализнің күшеюі – мұның бәрі ұдайы өндіріс темпі, экономикалық өсу, өрлеу проблемарын алға тартты.
«Экономикалық өсу теориялары»шеңберіндегі бірқатар теориялар, атап айтар болсақ;
- Харрод-Домардың моделі;
- Экономикалық өсудің неоклассикалық бағыты;
- Экономикалық өсудің неокейнстік бағыты;
- Өсудің қазіргі заманғы,жаңа теориялары және т.б негізі болып табылады.
Нақты бір өсу қарқынына жетуді көздеген кез-келген ел нақты теорияларды арқа етері сөзсіз. Әрине барлық теорияны дұрыс, сәтті практикалық қолданысқа ие деп айту өте қиын.
Қазіргі экономикалық теорияларда экономикалық өсу терияларының негізін ағымын экономисті Рой Харрод пен американдық экономист Евсей Домар салды. « Халықаралық экономикалық теория» еңбегінде Харрод сыртқы сауда мультипликаторы концепциясын тұжырымдады. « Экономикалық цикл кітабында ол экономикалық циклге кейнстік анықтама береді,яғни оның себебі мультипликатор иен акселератордың арақатынасы дейді. Дәл осы ара қатынас Харродты эконмикалық өсу аясын зерттеуге әкелді,бұл туралы ол ең алғаш 1939ж « Динамика теориясының очеркі» атты мақаласында жарияланды, ал кейініректе бұл туралы 1948 –жылы « Эконмикалық динамика теория кітабында мәлімдеді.
Экономикалық өсудің неокейнстік бағыты. Экономикалық өсудің неокейнстік теориялары Кейнс теориясының сыны процесінде паайда болды. Бұл теория дағдарыстың жағдайдағ экономика негізінде қалыптасты. Ол техникалық прогрестен, халықтың өсуінен абстракцияланды. Алайда, оның қолдануы қысқа мерзімге есептелді. ҒТП, бұзыла бастады, сөйтіп одан абстрациялану мүмкін болмай қалды. Капиталистік елдердің дамудың әркелділігі қушейе түті. Германия, Франция, жапония, Италия елдерінде өсудің жоғары темпі байқалды.Бұл жағдай мұқият түсіңдіруді талап етті, ал Кейнс теорисы мұндай мәселені шешуге қабілетсіз болды.
Экономикалық өсу теориялар әртүрлі коньюктуралық жағ дайға жарамды, жалпы ұдайы өндіріс теориясын жасауға талпыныспен түсіндіріледі. Неокейнстіктер экономикалық саясаттың басты мақсаты- толық жұмысбастылыққа жету болуы тиісдейді. Оладың пікірінше, осындай жолмен жұмыспен қамту мәселесін шешуге болады. Буржуазиялық әдебиеттерде соғыстан кейінгі жылдарда алдыңғы орындарды алған бұл теорияның таралуының обьективті негізгі – социализмнің күшеюі екі әлемдік жүйелердің эканомикалық жарысы болып табылады. Американ эконоисті Э.Домар «халықаралық конфликт өсу проблемасын өмір сүрудің шарты етеді» дейді.
Экономикалық даму темпі проблемасы имперализмнің колониалды жүйесінің құлауымен байланысты өрши түстіғ дамушы елдердіңэкономикалық артта қалуының алдын алу міндеті жас ұлттық мемлекеттерде өндірістің өсу темпімен байлаысты.
Өсу теориясының таралуның негізінде терең және ішкі себептер жатыр алдыңғы қатарлы капиталистікелдерде экномикалық даму темпінің баяулауы, жұмыссыздықтың асқынуы, мемлекеттік монополистік капитализмнің қүшеюуі – мұның бәрі капиталистік ұдайы өндіріс темпі проблемасын алға тартты.
Экономикалық өсудің неокейнстік теориясының мазмұны. Бұл концпекциялардың Дж.М. Кейнстің көзқарастары болды, яғни капиталистік экономиканың стихиялы механизмі сұраныс пен ұсыныс арасындығы тепе-теңдікті қамтамасыз ете алмайды, нәтижесінде адамдардың және материялдық ресуртардың толық емес жұмысбастылығы орын алады, капиталистік экономиканың тұрақтылығына жету үшін тиімді сұраныс проблемасының маңызы зор тиімді сұранысты анықтайтын факторларға әсер ете отырып, экономиканы мемлекеттік реттеу капиталистік экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ететін жағдайда.
Неокейнстіктердің негігі проблемасы- өткізу проблемасы болып табылад, яғни егер сұраныстың қозғалыундағы өндірістік ресурстардың толық тұтынылуын қамтамасыз етсе, онда экономика динамикалық тепе-тең жағдайда болады. Тиімді сұраныстың өзгеруі өндірістің нақты деңгейін және оның потенциялды мүмкін деңгейден ауытқуын анықтайды. Ұлттық табыстың өсуі (ұлттық табыстан сұраныс деңгейі тәуелді) кейнстіктердің пікірінше, капитал қорлануының фунциясы болып табылады, ал капиталға сұраныс ұлттық табыстың өсу темпімен анықтайды.
Экономикалық өсудің Неокейнстік моделіне маңызды орынды тұтыну мен қорлану арасындағы сандық өзара байланысты қарастырулар алады. Неокейнстіктер экономикалық өсудің басты факторы ретінде инветицияны, басқаша сөзбен, капиталдың қорлану нормасын санайды.Басқа да фактор ретінде өндірістің капитал сыйымдылығын (капиталдың шығарылған өнімге қатынасы) атайды. Буржуазиялық экономистер бұл коэффициенттіңиндустрияландыру кезінде артқанын «кемелденген экономика кезеңінде төмендегенін байқаған. Ал кейбір кейнстіктер бұл коэффифиент үнемі тұрақты дейді.
Кейнстітер инвестицияларды екіге бөледі:
- туынды – тұтынудың өсуінен пайда болған
- тәуелсіз – техникалық прогреске, мемлект саясатына, халық санының өсуіне негізделген.
Бұл жалпы алғанда, жасанды болып келеді. Тәуелсіз (автаномды) инветитциялар шындығында тіпті тәуелсіз емес. Олар жалы капиталистік ұдайы өндірістік, пайда нормасының қозғалысына тәуелді. Неокейнстік теорияда қолдану прлблемасы жинақмен байланысты қарастырылады. Егер инвеститциялар жинақтауға тең болса, онда эконмика қиыншылықтарды сезінбейді. Жинақтардың инветитциялардан артып кетуі кәсіпорындардың жүктелмеуінен және жұмыссыздыққа әкеледі. Инвеститциялардың сұраныстың жинақтардан артуы бағалардың өсуіне әкеледі. Жалпы жинатау мен қорлану арасындағы пропорция ұлттық табыты пайдалануды талдауда үлкен қызығушылық тудырады, Бірақ та Неокейнстіктер осы 2 – дәрежелі байланыстардың көмегімен негізгі экономикалық процестерді түсіндіруге тырысады. Өздерінің теориялық талдулары арқылы олар өсу темпіне айтарлықтай түсіндірмелер береді. Мысалы , Э Хансен АҚШ-тағы өндірістің өсу темпінің баяулауын соғыстан кейінгі жылдарда жекекапитал салымдары мен тұтыну сұранысына әсер ететін автономды күштерінің әсерінің әлсіреуімен түсіндіріледі. Оның ойынша, АҚШ-тың бүкіл жүйесі инвеститциялық мүмкіндіктер баяу ұлғайып жатса да, жинақтаудың өсуіне бағынады. Оның себебін ол тұтыну сұранысының жетіспеушілігінен , нәтижесінде күштерді толығымен пайдаланбаудан, капитал сыйымдылығ коэффициенттің төмендеуінен , материялдық өндіріс сферасына қарағанда капиталл сыйымдылығы төмен болатын қызмет көрсету сферасының ұлғаюынан көреді.
Мультиплекатор мен акселятордың үйлеуі негінде циклдік кейнстік моделі құрылған. Мұндағы негізгі мәселе – сұраныс мәселесі.
Жинақтау қорлануға теңестіріледі, өндірістік және өндірістік емес инвестициялар арасында үнемі айырмашылық бола бермейді. Жұмыс істеушілердің тұтынуы капиталистердің тұтынуымен теңестіріледі. Нақты тұтынудың орнына психологиялық категория ретіндегі «тұтынуға бейімділік» келеді. Көптеген формулалардың кемшілігі параметрлердің тұрақтылығы да болып табылады. Мысалы, Харродта капитал сыйымдылығы коэффиценті тұрақты, ал негізінде ол еңбек өнімділігінің өсуі мен техникалық прогрестің нәтижесінде өзгеріп отырады. Бірқатар экономистер өсу формулаларын барынша қарапайымдауға қарсы шығып, ұдайы өндіріс процесіне әсер ететін кейбір қосымша факторларды ескере отырып, неғұрлым күрделі модельдер құрды. Олар еңбектің ролін, оның өнімділігінің артуын, техникалық прогрестің ролін ескере бастады, капитал салымдары құрылымдарының мақсатты өзгеруінің критерийлерін іздестіре бастады. Бұлар көпфакторлы модельдер деп аталды.
Модельдеудегі жаңа момент – экономикалық өсудегі көп секторлы модельдер жасау (ағылш. экономисті Р. Стоун) болды, мұнда өсу модельдері баланстық кестелермен, «шығын-өнім шығару» моделімен үйлестірілді. «Шығын-өнім шығару» моделі экономика салалары арасындағы байланысты көрсетуге талпынады, ол шахматтық баланстық кесте түрінде құралады, онда әрнбір сала екі реттен қатысады: өндіруші және сатып алушы ретінде.
Горизонтальды сызық бойымен әрбір салада өндірілген өнімдер мен қызметтердің бөлінуі, ал вертикальді сызық бойымен сол саланың шығындары көрсетіледі.
Экономикалық өсудің көпсекторлы моделін жасау экономикада құрылымдық жылжуларды бейнелеуге, экономикалық бағдарламалау үшін және салалық құрылымының өзгеруі үшін негіз болуға бағытталады. Бұл модельді қарастыру буржуазиялық экономистердің нақтылыққа ұмтылуын көрсетеді, алда олар танымал оң нәтижелерге жетті. Стационарлы қоғам моделінен бастаған олар өсу моделіне өтті. Техникалық прогреске, ұлтттық табысты бөлуге, капитал-өнім қатынасының өзгеруіне абстракциялана отырып, осы бағыттың экономистері нәтижесінде осы факторларды модельде қамтыды. 1-модельде бір тауар, бір өндіріс факторы қарастырылды. Келешекте сызықты бағдарламалау негізінде басқа да факторлар қамтылды. Экономиканың әр түрлі секторларындағы капитал салымдарының салыстырмалы тиімділігі проблемасын талдауда, математикалық аппаратты жетілдіруде экономистер көптеген жетістіктерге жетті.
Алайда, модельдің мәнділігі осы модельдің негізінде жатқан ғылыми емес экономикалық теорияның әсерінен төмендеді. Оларға «шекті пайдалылық» теориясы, «өндіріс факторлары» теориясы, «капитализм дамуындағы дағдарыссыздығы» теориясы объективті экономикалық процестердің мазмұнын бейнелемейді. Ұлттық табысты құруда тек еңбек қана емес, сонымен қатар капитал мен табиғи ресурстар да қатысатыны туралы тұжырымдаған «өндіріс факторларының» теоретиктері сондай-ақ ұлттық табыстың өсу факторларының нақты ролін дәлелдейді. Қоғамдағы барлық табыстардың сомасы ретіндегі ұлттық табысты анықтау ұлттық табыстың мөлшері мен көздерінің құруына әкеледі.
Мемлекеттің көмегімен дағдарыс пен жұмыссыздықты жоюға болатыны туралы көзқарас тұрақты «балансталған» өсу моделі негізінде жатыр. Модельде капитализмнің антогонистік қарама-қайшылығы, оның заңдылығы сыналады.
Көптеген маңызды әлеуметтік-экономикалық факторлар модеьде ешқандай көрініс таппайды. Оларға таптық күрес, капиталдың қорлану көлеміне, жұмыс күшінің құнына әсер ететін факторлар, ақшалай және нақты жалақы арасындағы қатынас, т.б. жатады.
Неокейнстіктердің экономикалық өсуге болжау жасау. Болжаулар ретсіз және конъюктураның өзгеруін алдын-ала болжау мақсатын көздеді. Ал қазірде болжаулар экономикалық саясаттың міндеттерін шешу мақсатын көздейді: тиімді экономикалық өсуді, толық жұмысбастылықты, инфляцияның алдын-алуды қамтамасыз ету және т.б. Қазіргі экономистер және тұтас экономикалық институттар жекелеген елдердің және әлемдік капиталистік экономиканың экономикалық дамуын болжауға көп көңіл бөлуде. Мұндай болжамдар үш түрлі болады:
- ұзақ мерзімді (10-25 жыл)
- орта мерзімді (3-5 жыл)
- қысқа мерзімді (1 жыл)
Қазіргі буржуазиялық саяси экономияның маңызды, жаңа элементтерінің бірі ұзақ мерзімді болжамдар жасау болып табылады. Бұл бағыттағы экономистер болжамдар жасауда екі түрлі әдісті қолданады. Біріншісі, индивидуалды жоспарлар мен фирмалардың болжамына анкеталық сауалнамаларға негізделген микроталдауға сүйенеді. Мұндай мәліметтер мемлекеттік секторға қатысты мәліметтермен қосылады. Біруақытта мемлекеттік және жеке индивидтердің жоспарлары құрылады. Мұндай әдістің кемшілігі сауалнама жолымен алынған мәліметтердің күдіктілігі болып табылады, өйткені фирмалар өздерінің нақты мақсаттары туралы хабарлап отыруға мүдделі емес. Жоспар негізіне жеке кәсіпорындардың мүдделері жатады, бұл бүкіл экономика аумағында ірі проблемаларды шешуде мемлекеттің араласуын шектейді.
Екінші әдіс макроэкономикалық талдауға негізделеді, яғни жалпы мақсаттарды көздейді. Бұл үшін статистикалық мәліметтердің экстраполяциясы мен эконометриялық әдістер қолданылады. Эконометрикалық әдістер экономикалық айнымалылар арасындағы қатынастарды зерттеуге негізделеді. Эконометрика өткен экономикалық әрекеттерді түсіндіреді және экономикалық айнымалылар арасындағы өзара ықтимал байланыстарды сипаттайтын математикалық теңдеулер құру жолымен болашақты анықтайды.
Болжауларда экономистер саяси экономияның барлық методологиялық бастаулардың көрінісін тапты.
Неокейнстіктер капиталистік экономиканы реттеудің тікелей және жанама әдістерін жасады. Экономикалық дамуға мемлекеттің жанама әсер ету әдістеріне: салық саясаты, бюджеттік қаржыландыру, несиелік саясат, амортизациялық аударымдар жатады. Әдебиеттерде бұл әдістер автоматты тұрақтандырғыш, несиелік тұрақтандырғыш, институционалды тұрақтандырғыш атауына ие болды.
Капиталистік елдер үкіметтері Кейнспен ұсынылған ссудалық пайызды реттеуді кең қолданды. Ал қазір пайыз нормасының өзгеруі бірінші кезекте негізгі капиталға капитал салымын қолдау үшін ұзақ мерзімді несиелеуге қатысты жүргізіледі.
Американдық экономистер практикада қолданыс тапқан жеткіліксіз қаржыландыру принципін алға тартты. Мұнымен байланысты «реттелетін инфляция» белсенді экономикалық саясаттың қажетті элементі ретінде қарастырылады. Мемлекеттік несие өндірістің салалық құрылымының өзгеруінде, экспорттық салаларды ынталандыруда, экономиканың арта қалған салаларын қолдауда, инфрақұрылымды дамытуда, техникалық прогресті алға тартуда маңызды роль ойнай бастады.
Несиелік саясат аясында мемлекетпен жүргізілетін барлық іс-шаралардың жиынтығы, мемлекеттің ссудалық капитал рыногындағы операцияларын, коммерциялық банктердің міндетті резервтер нормасының өзгеруі, тұтыну және ипотекалық несиелердің арзандауы немесе қымбаттауын қоса айтқанда, капитал салымының динамикасына және оның құрылымына айтарлықтай әсер етеді. Алайда, бұл саясат басқа да мемлекеттік-монополистік іс-шаралар секілді қарама-қарсылық сипатқа ие. Бұл алдымен мемлекеттік қарыздың және инфляцияның өсуімен байланысты.
Реттеу әдістерінің бірі – жеделдетілген амортизация болып табылады. Э. Хансеннің пікірінше, амортизациялық аударымдардың өсуі инвестициялық сұраныстың жалпы қысқаруының орнын толтыруы мүмкін. Амртизациялық аударымдарды реттеу туралы ұсыныс белгілі объективті негізге ие. Амортизация үлесі жалпы капиталист салымына артады және капитал салымдары негізгі капиталды амортизациялау деңгейіне тәуелді. Жалпы, бұл тенденция техникалық прогреспен байланысты. Капитализм жағдайында ол өндіріс өсуінің төмен темпінде қорлану нормасының төмендеуі нәтижесінде күшейеді.
Жеделдетілген амортизация және корпорацияға салықтық жеңілдіктер капитал салымдарын ынталандырады. Олар ең алдымен жаңа, әсіресе әскери салымдарға әсер етеді, экспортқа жұмыс істейтін салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Мұндай шаралар монополия пайдасының өсуіне әкеледі, жаңа салаларға капитал салымдарымен байланысты тәуекелді төмендетеді. Сонымен қатар жеделдетілген амортизация және корпорацияға салықтық жеңілдіктер салалардың дамуының әркелкілігін және олардың арасындағы диспропорцияны күшейтеді. Негізгі қорлардың қызмет етуі өзгеріссіз қалса да амортизациялық аударымдардың өсуі инвестициялық сұраныстың жалпы қысқаруының орнын толтыра алмайды. Бұл яғни қандай да бір уақыт арасында негізгі қорлар жаңартылып тұрады. Сонымен қатар амортизациялық аударымдардың өсуі қайта қорлануға бағытталған таза қорлануға сұранысты азайтады. Яғни инвестицияға кедергі болып тұрған қарапсаттардың жеткіліксіздігі емес, рыноктың кемшілігі.
1960-70 ж.ж. буржуазиялық экономистер арасында мемлекет тарапынан түзету шаралары балансталған және тұрақты өсу үшін жеткіліксіз деген түсінік орын алады. Олардың назарын Франциядағы «индикативті жоспарлау» тәжірибесі аударды. Ағылшын және американ экономистері мемлекеттік жоспарлаудың қажеттігі туралы идеяны жиі айтатын болды.
Буржуазиялық экономистердің ойынша, жоспарлау өндіріс құралдарына меншік сипатымен байланысты емес, және жоспарлы шаруашылықты жеке меншік негізінде құруға болады. Бұл жасалған бағдарламалар экономикалық жағдайды талдау мен кол жеткізуге тиісті мақсаттарды анықтауды қамтиды. Олар сондай-ақ міндеттердің 2 типін құрайды: нақты, яғни ұлттандырылған салаларға қатысты заңдық сиаптқа ие негізгі қызметтер мен өндіріс салалары бойынша және басқа да барлық салалар үшін тапсырмалар. Мұндай жағдайда олар кепілдемелік сипатқа ие.
Бағдарламалардың орындалуын қадағалау жанама сипатта. Сонда да экономикалық бағдарламалау мемлекеттің экономикаға араласуына жаңа мүмкіндіктер береді. Ол экономиканың өсу темпін арттыру, экономикадағы құрылымдық жылжуларды ынталандыру міндеттерін алға тартады. Осымен байланысты мақсатты реттеу шаралары жасалады. Бағдарламалау көмегімен монополиялар пайдасын арттыра алады, еңбек етушілердің эксплуатациясын күшейте алады.
Осылайша, біреулер өсу темпінің артуына пайдаға қатысты ұлттық табысты қайта бөлу жолымен қол жеткізуге болады десе, басқалары өсу темпінің артуына жалақыға қатысты ұлттық табысты қайта бөлу. Экономикалық өсудің посткейнстік теориясының кейбір өкілдері өз теорияларын Маркстің ұдайы өндірісті талдауымен байланыстырады. Негізінде олар қоғамдық өндірістің бірінші және екінші бөлімшелерінің технико-экономикалық өзара байланысында өсу мен бөлудің өзара байланысының негізін табуға тырысады. Посткейнстіктердің жасаған қорытындылары экономикалық процестерді бейнелейді және реакционды саясаттың негізделуі үшін қызмет етеді.
Н. Калдор моделі. Неокейнстік экономикалық ойдың өкілдері Дж. Робинсон, Н. Калдор, Л. Назинетти және т.б. әртүрлі бағыттарда тепе-тең, балансталған экономикалық өсуді зерттеу дәстүрін жалғастырды. Тепе-тең өсу моделін нақты өсу моделіне жақындатуға ұмтыла отырып, олар бұл модельге ұлттық табыстың пайда мен жалақы арасында бөліну, жетілмеген бәсеке, инфляция, өнімнің тұтыну және өндіріс игілігіне бөліну факторларын қосты. Кейнстік теорияға сәйкес инвестициялар экзогенді болып табылады – олар пайда нормасын анықтайды. Сондықтан Калдор бойынша жағдай келесі 2 сценарий негізінде сипатталады:
- Инвестициялардың өсуі олардың жинақтан да жоғары болуына әкелсін. Мұндай жағдайда инфляция табыстың жалақыдан да тез өсуінен болады. Өйткені жалақының өсуі ұжымдық кемсімнің негізінде ғана іске асырылғандықтан. Жалақының тек тұтынылып, ал пайданың кейбір бөлігінің жинақталуы жинақтың өсуіне әкеледі, сөйтіп ол инвестицияны қуып жетеді.
- Керісінше, егер инвестициялар жинақтан төмен болса, еңбек келісімі бойынша бекітілген жалақыға қарағанда тауар бағасы тез түседі, нәтижесінде жинақ та төмендейді және тепе-теңдік қайта орнайды.
Экономикалық өсудің неоклассикалық теориясы. Экономикалық өсудің неоклассикалық теориясының пайда болуы мен таралуы біріншіден, кейнстік теорияға негізделген мемлекеттік – монополиялық реттеу (мемлекеттік шығындардың өсуі, мемлекетік бюджет тапшылығы, инфляцияның күшеюі) тәжірибесінің теріс салдарларымен, ал екіншіден, экономиканың даму темпі жоғарылап, ал жұмыссыздық төмендейтін салыстырмалы жағымды конъюктурамен түсіндіріледі. Осындай ортада өндірістің өсуі пайдаланылмаған күштер есебінен ғана емес, сонымен қатар жаңа техника енгізу, еңбектің өнімділігін арттыру есебінен де мүмкін екендігі туралы сұрақ туады. Үшіншіден, өсудің кейнстік теориясы капитал жеткіліксіздігі мен жұмыс күшінің үлкен ресурстары орын алатын дамушы елдер үшін ұсынылмаған.
Экономикалық өсудің неоклассикалық теориялары неокейнстік модельдерді сынау процесінде пайда болды. Осылайша кейнстік модельдің кейбір нағыз сезімтал белгілері алға тартылды /3/:
- Бұл модельдерде өндірістің өсімі жаңа капитал салымдарының функциясы ретінде қарастырылады, ал өсім пайдаланылмай қалған өндірістік күштерді пайдалану үшін жаңа жұмысшыларды тартумен де қамтамасыз етіледі.
- Модельдер өндірістің капитал сыйымдылығының өзгеріссіздігінен дәлелдейді, өндірістің екі немесе одан да көп капитал сыйымды әдістерінің арасында таңдауға мүмкіндік бермейді.
Бұл теорияның көренкті өкілдері американ экономисті Р. Солоу және ағылшын экономисті Дж. Мид. Бұл бағыттың өкілдері өндіріс факторларының иелері шекті өніммен марапатталатын жағдайдағы еркін бәсеке тұпсырымына сүйенеді. Олардың пікірінше өндіріс факторларының бағасына әсер ететін еркін бәсеке механизмдері арқылы басты өндіріс факторларының толық пайдаланылуына қол жеткізуге болады. Егер мысалы, капитал салымдарының темпі өте жоғары болса, онда өндіріс құрал-жабдықтарына бағалар жоғарылайды. Соңғысы капиталистерге капитал сыйымдылығын төмендетудің шараларын іздестіруге мәжбүр етеді, бұл капитал бағасының төмендеуіне әкеледі. Бұл теорияның тағы бір ерекшелігі – оның өсу факторы ретінде тек капитал салымын ғана емес, басқа да компоненттерді – еңбек, табиғи ресурстар, техникалық прогресс, т.б. қарастыруында. Соңғысы дербес факторы ретінде немесе басқа факторлардың өнімділігіне әсер ету құралы ретінде қамтылады.
Өсудің қазіргі теорияларының еркшелігі – олар өсуді тепе-теңдіктің бұзылуы емес, қалыпты жағдай деп түсінуінде. Әңгіме, сұраныс пен ұысныс сәйкес болатын балансталған өсу туралы болып отыр.
Еркін бәсекеден тыс балансталған өсу шарты – тұрақты ақша жүйесі болып табылады. Сондықтан да неоклассикалық теорияның жақтаушылары мемлекеттің экономикаға араласуын тұрақтылықты бұзудың факторы ретінде қарастыра отырып, мемлекетік инфляциялық шығындарға қарсы шығады.
Неоклассикалық теория негізінде «алтын ғасыр» моделі жасалынды. Бұл модельде ұлттық табыстағы жинақ үлесі тұрақты деп қабылданады, өсу темпі техникалық прогресс пен өз алдына қызмет ететін халықтың көбеюіне тәуелді және тұтынудың өсуіне, әл-ауқаттың артуына тәуелді емес.
Неоклассикалық теорияда негізгі рольді өндіріс факторларының бар болуы және олардың тиімді пайдаланылуында потенциалды мүмкін өсу темпі проблемасы пайда болды. Бұл Кобб-Дугластың өндірістік функциясында жақсы сипатталады. Олар ең алғаш АҚШ-тың өндеу өнеркәсібінде өнім көлеміне капитал мен еңбек шығындарының әсерін эмпирикалық жолмен анықтауға тырысты. Осыдан жасаған олардың тұжырымы: өнім бір-бірін шексіз ауытыра алатын екі фактор – капитал мен еңбектің функциясы болып табылады. Кіші квадраттар әдісін пайдалана отырып, Кобб пен Дуглас өнім мен капитал еңбек шығындары арасында статистикалық байланыс орнатты.
Кобб-Дуглас функциясы экономикалық өсудің жекелеген факторларының ролін сандық бағалау жұмыстарына бастама болды. Ол екі бағытта жүзеге асады:
- өндіріс масштабына тәуелсіз факторларының тұрақты тиімділігі алғышарттарынан бас тарту
- ұлттық табыстың өсуіне әсер ететін үшінші айнымалы ретінде, дербес фактор ретінде техникалық прогрестің әсерін ескеру.
Бұл зерттелер практикалық қызығушылық тудырады, алайда өндірістік функцияның теориялық негізі бұрынғыша «шекті өнімділік» теориясының антиғылымдық постулаты болып қала береді.
Өсудің неоклассикалық теориясы сондай-ақ «кемімелі табыстылық заңына», «шекті өнім» категориясына негізделеді.
Неоклассикалық теорияның өкілдері өсудің көзі ретінде пайданың өсуін айтады. Кәсіпорынның толық жүктелмеуінің, жұмыссыздықтың себебі неоклассиктердің пікірінше, инвестиция мен техникалық прогрестің төмен темпі, оның негізінде пайданың, техникалық жаңашылдыққа ынтаның төмендігі жатыр. Бұл тезисте олардың практикалық қолданысқа ұсынылуы да негізделеді. Олар жалақыны көтеруге, әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерге, шығындардың көбеюіне бағытталған мемлекеттің шараларына қарсы шығады, пайдаға салықты төмендетуді және жанама салықтарды ұлғайтуды ұсынады.
Өсудің неоклассикалық теориясының «көтерілуі» олардың техникалық прогресті қамтуымен тығыз байланысты. Өзінің алғашқы вариантында бұл теория ұлттық табысты бөлудегі өзгерістерді түсіндіре алмады. Оның өкілдері өндіріс факторларының өсу темпіндегі өзгерістерді олардың шеткі өнімдерінің өзгеруімен түсіндіреді. Бірақ та табысты бөлудегі қатынас бұрынғыша қалады. Егер өзгеріс болатын болса, онда «шекті өнімділік» заңы әсер етпейді. Олар бұған келіспейді. Сондықтан да олар ұлттық табысты бөлудегі пропорцияның бұзылуының себебі техникалық прогресс екенін дәлелдеуге ұмтылды. Егер техникалық прогресс капиталды-интенсивті сипатта болса, онда капиталдың шекті өнімі мен пайда нормасы жалақыға қарағандатез өседі. Бұған тағы ресурстарды алмастыру икемділігінің әсері қосылады.
Өсудің неоклассикалық теориясының қазіргі варианты – монетарлық теория болып табылады. Бұл теориның авторлары М. Фридмен және Шварц 1869-1960 ж.ж. АҚШ-тың монетарлық тарихы кітабында ұдайы өндіріс процесінің тұрақсыздығының бұзылуының себебі ақша сферасындағы қозғалыстар болып табылады және «ұзақ мерзімді жоспарда ақшалардың тұрақсыздығы экономикалық өсудің тұрақсыздығына әкеледі». Олардың ойынша, ақша массасының қысқаруы экономикалық өсу темпінің баяулауына, ал көбеюі – жылдамдауына әкеледі. Бірақ бұл теорияның осы тұжырымы нақты дәлелдеулерден шықпағандықтан, нақты практикаға жақындығы төмен.
Экономикалық өсудің неоклассикалық теориясының тамыры өнімді өткізу проблемасын ескермегендігінен тұрады. Бұл экономистер минималды шығындарда максималды пайда алу мүмкіндігіде өндіріс шығындарына назар аудара отырып, ұдайы өндіріс проблемасын бір жақты талдайды.Олар осы мақсаттарда жалақының төмендеуі өткізу шарты мен сұраныстың азаюына әкелетінін ескермейді. Бұл теория экономикалық дағдарыстарды ескермей, тұрақты тепе-теңдік концепциясына негізделгендіктен, нақты өмірден мүлдем алыс.
Неоклассикалық бағытты сынауда посткейнстіктер белсенді араласады. Мысалы, осы бағыттағы итальян экономисті Т. Сраффа еркін бәсекенің билік етуі туралы тезистің әлсіздігін алға тартады, неоклассиктердің ұлттық табысты «әділетті» болу және ресурстарды тиімді пайдалану арқылы максималды пайда табуға ұмтылысын нәтижессіз дейді. Рикардоның құн теориясына сүйене отырып, Сраффа неоклассиктердің табысты бөлу, «шекті өнімділік», «шекті пайдалылық» теорияларын сынға алады.
Жалпы экономикалық өсу проблемалары ертеден бері экономистердің назарында болған. Солардың ішінен бес негізгі проблеманы атауға болады: /4/
- Экономикалық өсу факторлары
- Қазіргі және болашақтағы тұтынудың арақатынасы және олардың өсу темпіне әсері
- Экономикалық өсу мен табыстарды бөлудің өзара әсерлесуі
- Экономикалық өсудің тарихи тенденциясы
- Тепе-тең (тұрақты, балансталған) өсу шарттары
Кез-келген державаның гүлденуінде немесе құлдырауында маңызды роль ойнайтын ұзақ мерзімді экономикалық өсуді қамтамасыз ету проблемалары сонау меркантилистер теориясында үлкен орынға ие болған.
Ағылшын классикалық мектебінің экономикалық өсудің жекелеген маманданған теориялары болмады. Бірақ та ол ұлттық байлықтың өсу факторларымен және оның табысты болуымен арақатынасымен анықталады. Классиктердің бұл тақырып шеңберіндегі қысқаша тұжырымы келесідей: байлықтың өсімі өндіріс факторларының көлемімен және олардың өнімділігімен анықталады.
Р. Солоудың неоклассикалық өсу моделі. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өсу теориялары соғысқа дейінгі дағдарыстық кезеңмен салыстырғанда басқаша дами бастады. 1950- жылдары көптеген батсы елдерінде тұрақты өсу кезеңі басталды. 1950-жылдың ортасынан бастап, экономикалық өсу теорияларының дамуының жаңа кезеңі басталды, ол 1970-ж дейін жалғасты. Осы кезеңде басты рольді Р. Солоудың өсу моделі алды. Американ экономисті Р. Солоу өзінің ғылыми жұмыстарын негізінен журанл мақалалары түрінде жариялады. Басты еңбектері: «Сызықты бағдарламалар және экономикалық талдау», және «Өсу теориялары». Солоу моделінің негізі оның «экономикалық өсу теориясына үлес» мақаласында салынған. Ол Харрод-Домар моделіндегі экономиканың тұрақсыздығының негізгі себебі өндіріс факторлары – еңбек пен капитал арасындағы қатаң арқатынасты сипаттайтын капитал сыйымдылығының тұрақты, белгіленген көлемі болып табылады. Мұндай жағдайда осы факторлардың бірі «жүктелмеген» болып қалады. Неоклассикалық теорияның принциптеріне сәйкес капитал мен еңбек арасындағы қатынас айнымалы болуы тиіс.
Экономикалық өсудің қазіргі жаңа көзқарастарының сипаты. Ұзақ мерзімді экономикалық өсудің себептерін түсіндіруде неоклассикалық талдаудың әлсіздігі дәстүрлі теорияның көңілінің толмауына әкелді. Олардың жағдайына сәйкес экономикада ұзақ уақыт мерзімде өсудің қандай да бір ішкі көздері жоқ. Мұндағы талдау капитал мен еңбек ресурстарының арақатынасы ұзақ мерзімді жоспарда тепе-теңдікке жететінін көрсетуге бағытталады. Мұндай біржақты әдісте сыртқы «шоктардың» немесе техникалық прогрестің жоқтығы нәтижесінде кез-келген экономиканы нольге әкеледі. Халықтың жан басына шаққандағы ЖҰӨ - нің өсуі технологиялардың өзгеруінен пайда болатын уақытша құбылыс ретінде қарастырылады. Мұндай теория әлемдік экономиканың әртүрлі бөліктерінде ұзақ мерзімді экономикалық өсудің феноменін түсіндіре алмауы таң қаларлық емес.
Дәстүрлі неоклассикалық модельге көңіл толмаушылық 1980-1990 ж.ж өсу темпінде ел аралық айырмашылықтарда қарыздық дағдарыстың тереңдеуімен күшейе түсті. Дәстүрлі теория бұл құбылыстарға қанағаттанарлық түсіндірмелер бере алмады. Неоклассикалық сызбада техникалық прогрестің себептерін көру мүмкін емес, себебі ол экономикалық субъектілердің шешіміне мүлдем тәуелді емес. Капиталдың тапшылығы 3-әлемде инвестициялардың жоғарғы рентабельділігіне әкеледі. Үлкен сыртқы қарыздары бар елдерге арналған Әлемдік Банк пен Халықаралық валюталық қормен құрылған инвестициялардың өсуіне еркін нарық құру саясаты бағытталады. Инвестициялардың өсуі, күтілгендей, өмір деңгейі мен еңбек өнімділігінің өсуін тудыруы тиіс. Алайда, сыртқы сауда мен ішкі нарықтың еркіндікте болуына қарамастан, көптеген дамушы елдер стагнациядан шыға алмады және жаңа шетел инвестицияларын тарта алмады, олар тіпті өз капиталының шетелге ағып жатқанын да тоқтата алмады. Кедей елдерден бай елдерге капитал құйылуларының мұндай табиғи емес бағыты өсудің жаңа теорияларының, соның ішінде, әсіресе эндогенді өсу теориясының пайда болуына әкелді. Оның пайда болуы даму теориясы аясында 90 ж. маңызды құбылыс болды.
Эндогенді өсу теориясы. Жаңа теория эндогенді өсуді – қоғамдық өндіріспен басқарылатын елдегі экономикалық жүйені анықтайтын ЖҰӨ-нің тұрақты артуын талдауға бағытталады.
Неоклассикалық теорияға қарағанда бұл модель ЖҰӨ-нің өсуін ұзақ мерзімді тепе-теңдіктің табиғи өнімі ретінде қарастырады. Өсудің жаңа теориясының басты мақсаты – факторлар мен өсу темпінде ел аралық алшақтықты түсіндіру болып табылады.
Эндогенді өсу модельдері сырт көрінісі бойынша неоклассикалық теорияға ұқсайды, бірақ қорытындылар жасауда олардан ерекшелінеді. Жалпы, эндогенді өсу модельдері неоклассиктердің капиталдың кемімелі шекті өнімділігі туралы алғышартын теріске шығарады, және көбінесе капитал салымдарының рентабельділігіне әсер ететін сыртқы эффекттілерге көп көңіл бөледі. Техникалық прогреске көп көңіл бөлінсе де бұл модельде ұзақ мерзімде ол экономикалық өсудің жалғыз мүмкін себебі емес.
Дамуды жылдамдату үшін жинақтардың рөлін күшейте отырып, жаңа теория дәстүрлі теорияға қарсы шығатын бірқатар қорытындылар жасады. Ең алдымен сыртқы экономикалықбайланыстардың болмауынан елдер арасында өсу темпін автоматты түзету мүмкін емес – олар өзгеріссіз қалады және елде техникалық даму мен жинақтау деңгейіне тәуелді болады. Сонымен қатар бай және кедей елдерде жан басына шаққандағы табыстар мен ішкі жинақ нормалары біркелкі болмайды. Елде ұзақ мерзімді немесе уақытша тежелуінің асқынуы және елдің экономикалық артта қалуына әкеледі.
Эндогенді өсу моделінің ең қызық аспектісі – кедей елдерден бай елдерге жасанды капитал құйылымын түсіндіру, бұл өз кезегінде 1-ші және 3-әлем елдеріндегі табыстық алшақтықты күшейтеді. Инвестициялардыңпотенциалды жоғары рентабельділігі көбінесе адам капиталына (білім беру жүйесі), инфрақұрылым мен НИОКР-ға комплементарлы инвестициялардың төмен деңгейімен түсіндіріледі. Кедей елдер осы инвестиция түрлеріненсалыстырмалы тиімділігі аздарын шығарып тастайды. Жеке инвестор өзі үшін жоғарыда аталған сфераларға инвестиция салып, оған аз қолайлық келсе, онда ол инвестиция салудан бас тартады, яғни еркін рынок механизмі комплементарлы инвестициялардың қажетті деңгейін қамтамасыз етпейді.
Мұндай қосымша инвестициялар қоғамдық, сондай-ақ жеке пайда әкелетіндіктен, мемлекет ресурстарды бөлуді жақсарта алады, өз есебінен қоғамдық тауарлар мен қызметтер көрсетеді және бір уақытта жеке инвестицияларды ынталандырады. Сондықтан да эндогенді өсу модельдері даму процесінде мемлекеттің белсенді араласуын қолдайды.
У. Ростоу: экономикалық өсу стадиялары. Оның пайда болуы көбінесе 3-әлемде сфералардың әсер етуі үшін болған 1950-60 ж.ж жүргізілген қарулы соғыс кезеңіндегі саяси күреспен байланысты. Бұл теорияның ең көрнекті өкілі американ экономисті және тарихшысы У. Ростоу болды. Оның теориясына сәйкес әлсіз даму жағдайынан шығу кез келген ел өтуге тиісті стадиялар немесе қадамдар сериясымен сипатталады. У. Ростоу өзінің «Экономикалық өсу стадиялары» кітабында былай дейді: «Кез келген қоғамның экономикалық құрылғысы мына 5 түсініктің бірінің көмегімен түсіндіріледі:
1.Дәстүрлі қоғам
- Жылдам даму үшін жасалған алғышарттардың жетілуі
- Өзін өзі ұстап тұратын өсуге ұмтылу
- Технологиялық кемелденуге ауысу
- Бұқаралық тұтыну арасы
Бұл стадиялар сипаттамалық өасиетке ие болумен қатар және қазіргі қоғам дамуының процестерін жалпылаумен қатар оларға өзіндік ішкі логика және жалғасушылық тән, осылайша олар экономикалық өсудің бір теориясын құрайды. Ростоу бойынша, барлық дамыған елдер тез дамудан өзін-өзі ұстап тұратын өсуге өту стадиясынан өткен. Ал дамушы елдер қазірде дәстүрлі қоғам немесе жылдам даму алғышартының жетілу стадиясында.
Жылдам дамуға өту үшін олар белгілі бір алғышарттарды орындауы қажет. Сондай басты шарттардың бірі – экономикалық өсуді жылдамдату мақсатында ішкі және шетелдік жинақтарды қозғалту.
Льюис моделі. Қазіргі жаңа экономикалық өсу теорияларының бірі – Нобель сыйлығының иегері А. Льюистің моделі болып табылады. 1950 ж. Ортасында құрылған Льюистің екі секторлы моделі 3-әлем елдерінің еңбек шығынды экономикасы үшін маңызды теория болды.
Льюис моделінде әлсіз дамыған экономика 2 секторадан тұрады:
- Натуралды ауыл шаруашылығымен, жабық қайта қоныстандыруымен және еңбектің нөлдік шекті өнімділігімен сипатталатын дәстүрлі сектор. Мұндай жағдай Льюиске осы секторда шығынды жұмыс күші түсінігін енгізуге тура келді.
- Әлсіз дамыған экономикада дәстүрлі сектормен қатар, жоғары өнімді қазіргі индустриалды сектор да бар, оған қалалық өнеркәсіп жатады. Қала өнеркәсібіне ауыл шаруашылығынан жұмыс күші ақырындап жылжи бастайды. Модельде ауылдан қалаға жұмыс күшінің миграциясына және индустриалды секторда жұмыспен қамту және өндірістің өсуіне үлкен мән беріледі. Индустриалды секторда миграция мен жұмысбастылық экономикалық өсуге тәуелді, ал ол өз кезегінде капитал қорлануымен және өнеркәсіпке инвестиция деңгейімен анықталады.Мұнда жалақы дәстүрлі сектордағы жұмысшының орташа табысын бірнеше есемейді. Оның пікірінше, қаладағы жалақы ауылдағыға қарағанда 30% -ке жоғары болу тиіс, өйткені олардың арасындағы мұндай алшақтық миграцияны яғни жұмыс күшінің ауылдан қалаға ауысуын ынталандырады.
Осы жұмыста қарастырылған негізгі теориялық бағыттардың, өкілдердің көзқарастары мен пікірлерін келесі негіздерде қорытындылауға болады:
- Харрод пен Домар экономикалық өсуді тек бір ғана факторға – капитал қорлануға тәуелді дейді. Харродтың пікірінше табыс көлемі 1-4% дейін өскен жағдайда табыстағы жинақ үлесі де 4 есеге ұлғаяды дегенді мүлдем елестетуге болмайды, яғни капитал қорлануы табысқа тәуелсіз.
- Неокейнстіктер бойынша, экономикалық тұрақтылыққа жетуде тиімді сұраныс проблемасының маңызы зор, олардың алдындағы негізгі проблема -өткізу проблемасы, яғни егер сұраныстың қозғалуындағы өндірістік ресурстардың толық тұтынылуын қамтамасыз етсе,онда экономика динамикалық тепе-теңдік жағдайда болады. Неокейнстіктің пікірінше ұлттық табыстың өсуі капитал қорлануының функциясы болып табылады. Олар экономикалық өсудің басты факторы – инвестициялар дейді.
- Неоклассиктер өсудің көзі ретінде пайданың өсуін айтады. Кәсіпорынның толық жүктелмеуінің, жұмыссыздықтың себебі – инвестиция мен техникалық прогрестің төмен темпі, осының негізінде пайданың, техникалық жаңашылдыққа ынтаның төмендігі. Олар жалақыны көтеруге, әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерге шығындардың көбеюіне қарсы шығады, пайдаға салықты төмендетуді және жанама салықтарды ұлғайтуды ұсынады. Бұл теорияның монетарлық бағытының пікірінше, «ұзақ мерзімді» жоспарда ақшалардың тұрақсыздығы экономикалық өсудің тұрақсыздығына әкеледі. Ақша массасының қысқаруы экономикалық өсу темпінің баяулауына, ал көбеюі – жылдамдауына әкеледі. Осы бағыттың көрнекті өкілі Р. Солоу: «пайыз ставкасы халық санының өсу темпі мен бүкіл экономикалық өсу темпіне тең болуы тиіс»
- Өсудің жаңа теориялары, соның ішінде эндогенді өсу теориясы неоклассиктердің капиталдың кемімелі шекті өнімділігі туралы алғышартын теріске шығарады және капитал салымдарының рентабельділігіне әсер ететін сыртқы эффектілеріне көп көңіл бөледі. Экономикалық өсудің тежелуі – адам капиталына, инфрақұрылым мен НИОКР–ға инвестициялардың төмендігі. Олар даму процесінде мемлекеттің белсенді араласуын қолдайды.
Льюис өзінің екі секторлы моделінде дәстүрлі сектордан индустриалды секторға өту мақсатында қала өнеркәсібінде (индустриалды) жалақыны 30% -ке дейін көтеруді ұсынады.
Жалпы экономикалық өсу проблемаларын былайша көрсетуге болады:
- экономикалық өсу факторлары;
- қазіргі және болашақтағы тұтынудың арақатынасы және олардың өсу темпіне әсері;
- экономикалық өсу мен табыстарды бөлудің өзара әсерлесуі
- экономикалық өсудің тарихи тенденциясы
- тепе-тең (тұрақты, балансталған) өсу шарттары
Осымен, біздің міндетіміз жоғарыда аталған териялардың негізінде қазіргі кезде қоғамның әл-ауқатын көтеру мақсатында экономикалық өсуді жан-жақты қарастырып, позитивті жақтарын ескерген жөн. Әрине әрбір ұлттық экономиканың ерекшеліктеріне байланысты экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін басты тетіктерінің қызметін оңтайлы іске асыру оңай шаруа емес. Сондықтан да әлемдік тәжірибеге көңіл бөлу, жетістіктерге мән беру, алдағы уақытты тұрақты дамудың кепілі болып табылады.
1.2 Экономикалық өсу, мәні және оның факторлары
Қажеттіліктердің жоғарлауы, дәстүрлі ресурстарды пайдалану, халық санының өсуі екі бірегей міндетті: экономикалық өсу мен экономиканың тиімділікті шешуді көздейді. Экономикалық өсу жасалынатын пайдалылықтардың көлемінің көбеюі, яғни халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарлауы болып табылады.
Өздігінен экономикалық өсу қарама-қайшылықтарға толы. Сөйтіп өндірістің және материалды игіліктердің тұтынуының ұлғаюын олардың сапасы мен өмір сүру жағдайының нашарлануының, тазартқыш құрылғыларды үнемдеудің арқасында жүзеге асыруға болады, ал өндірістің уақытша өсуіне ресуртарды жемқорлықты пайдаланудың нәтижесінде жетуге болады. Мұндай өсу не тұрақсыз, не мүлдем мәнсіз болып келеді. Сондықтан экономикалық өсу әлеуметтік тұрақтылық пен оптимизммен үйлескенде мән-мағынаға толы болады. Мұндай өсу бірқатар салмақталған мақсаттарға жетуді көздейді: өмір сүрі ұзақтығын көбейту, ауыруға шалдығу мен жарақаттану, мертігуге ұшырауды төмендету, білім беру менмәдениет деңгейін жоғарлату, қажеттіліктерді толық қанағаттандыру мен тұтынудың рационалдылығы, әлеуметтік тұрақтылық пен өз келешегіне деген сенімділікті арттыру, кедейшілік пен өмір сүру деңгейлеріндегі айырмашалықтарды жеңу, максималды жұмысбастылыққа жету, қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық қауіпсіздікті жоғарлату, қылиысты төмендету, т.с.с.
Экономикалық өсудің жолдары – бұл ұлғаймалы ұдайы өндірістің тарихи қалыптасқан бастапқы жолы. Әрине өзінің біріншілігінің нәтижесінде ол экономиканың бірқатар салаларын қамтитын көптеген мәселелерімен соқтығысты. Ал бұл мәселелерді атап өту экономикалық қатынастардың кейінгі дамуында болдырмау үшін маңызды. Экономикалық жағдайы боынаша алдыңғы қатарлы елдермен салыстырғанда жан басына шаққандағы табыс деңгейі төмен, нашар дамыған елдер әлемнің үлкен бөлігін құрайды. Бқұл елдер дами алады, бірақ қазіргі кезде экономикалық дамығандардан артта қалып отыр. Бұл жерде экономикалық өсудің экстенсивті жолы басым және олардың даму мәселелері үлкен қызығушылықты тудырады.
Даму кілті басты төрт факторларға негізделген:
- Халық
- Табиғи ресурстар
- Капитал жинақтау
- Техника
Сондықтан экономикалық даму жағдайында осы факторлармен байланысты сұрақтарды қарастыру қажет. Олар: табиғи ресурстарды пайдалануды жақсарту және оны анықтау, халықтың жұмысбастылығы жайлы мәселелер, капитал салымының техника экономикалық прогресі туралы негізін қамтиды.
Экономикалық өсудің категориясы кез-келген шаруашылық жүйелер кезінде қоғамдық өндірістің маңызды сипаттамасы болып табылады.
Экономикалық өсу – уақыттың белгілі бір кезеңіндегі қоғамдық өнімді сандық және сапалық жетілдіру болып табылады /1/.
Экономикалық өсу уақыттың әрбір берілген бөлігінде ресурстар шектеулігінің мәселелерін шешуді белгілі бір дәрежеде жеңілдетуді және адам қажеттіліктерінің неғұрлым кең шеңберін қанағатттандыру мүмкіндігін білдіреді.
Экономикалық өсу бір-бірімен тығыз байланысты екі әдіспен анықталып, өлшенеді: белгілі бір уақыт аралығындағы айнымалы, не болмаса потенциалды ЖҰӨ-нің көбеюі ретінде және белгілі бір уақыт аралығындағы кезеңнің жан басына шаққандағы нақты ЖҰӨ-нің көбеюі ретінде екі анықтама да қолданыла береді. Мысалы, егер басты назар саяси әскери потенциалының мәселелеріне арналса, онда бірінші анықтама сәйкес келеді. Бірақ жеке елдермен аймақтардағы халықтың өмір сүру деңгейін салыстыру кезінде екінші анықтама сәйкес келеді. Сөйтіп Үндістанның ЖҰӨ-і Швейцарияның ЖҰӨ-інен 70%-нан асады, әйтсе де Үндістан Швецариядан халықтың өмір сүру деңгейі бойынша 60 есеге артта қалып отыр. Әдетте бұл анықтамалардың кез келгенінен экономикалық өсу пайызбен, өсудің жылдық қарқындарымен өлшенетіндігі шығады.
Ең жалпылама түрдегі экономикалық өһсу өндіріс пен оның факторларының (өнімділігінің) нәтижелерінің сандық және сапалық өзгеруін білдіреді.
Қазіргі кезде әртүрлі ұлттар, халықтар мен олардың үкіметтерімен жүргізілетін экономикалық талқылаулар мен пікір сайыстарда экономикалық өсу мәселелері алдыңғы қатарларда тұр. Нақты өндірістің өсіп келе жатқан көлемі кез-келген шаруашылық жүйе соқтығысатын мәселелерді: адамдардың шексіз қажеттіліктерін шектеулі ресурстар жағдайында қанағаттандыруды белгілі – бір дәрежеде шешуге мүмкіндік туғызады.
Экономикалық өсудің эксиенсивті және интенсивті түрлерін ажыратуға болады. Бірінші жағдайда қоғамдық өнімнің көбеюі өндіріс факторларының сандық көбеюінің: өндіріске еңбек, капитал (өндіріс құралдарын), жердің қосымша ресурстарын жұмылдырудың нәтижесінде жүзеге асады. Бұл кезде өндірістің технологиялық базасы өзгермейді. Өйткені дәнді дақылдардың неғұрлым үлкен көлемін алу мақсатында тың жерлерді жырту, электр станцияларын құру мен сатық жинайтын комбайындарды үлкен көлемде шығару үшін жұмысшылардың неғұрлым үлкен көлемін тарта беру – осының бәрі қоғамдық өнімді көбейтудің экстенсивті жолдарының мысалы. Экономикалық өсудің бұл типі кезінде өнімнің өсіміне жұмысшылар санын мен олардың мамандану құрамының сандық өсуінің және кәсіпорын қуаттылығының көбеюінің арқасында, сонымен қатар орнатылған жабдықтың көбеюінің арқасында қол жеткізуге болады. Нәтижесінде бір жұмысшыға есептегендегі өнім шығару бұрынғыдай қала береді.
Ал экономикалық өсудің интенсивті түрі кезінде қолданылатын еңбек, капитал мен басқалардың көлемі өзгеріссіз қала берсе де бастысы өнімділік тиімдлігінің жоғарлауы мен өндірістің барлық факторларын пайдаланудан түскен кері қайтарылымдықтың өсуі болып табылады. Мұнда негізгісі болып өндіріс технологияларының жетілуі, өндірістің негізгі факторларының сапасының жоғарлауы табылады. Интенсивті экономикалық өсудің маңызды факторы – еңбек өнімділігінің жоғарлауы. Бұл көрсеткішті бөлшек түрінде белгілеуге болады: ЕӨ= Е/Ө, мұндағы ЕӨ - еңбек өнімділігі, Е- натуралды немесе ақша түрінде өрнектелген жасалынған өнім, Ө - еңбек бірлігінің шығындары ( мысалы, адам – сағат).
Экономикалық өсудің интенсивті түрі неғұрлым тиімді және сапалы жасалынған өндіріс факторларының кең қолдануына негізделген өнім шығару ауқымының көбеюімен сипатталады. Өндіріс ауқымының өсуі неғұрлым жетілдірілген техникаларды, алдыңғы қатарлы технологияларды, ғылыми жетістіктерін, аса үнемді ресурстарды, жұмысшылар мамандануын көтеруді қолдану арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл факторлардың арқасында өнім сапасының жоғарлауына, еңбек өнімділігі мен ресурстарды жинақтаудың өсуіне, т.с.с. қол жеткізіледі.
ХХ ғасырда етек алған ғылыми-техникалық революция жағдайында батыстың индустриалды елдерінде дамудың артықшылықты үлгісі ретінде интенсивті экономикалық өсу мойындалды.
Экономикалық өсуді өндіріс пен олардың факторларының нәтижелерінің өзгерістерін көрсететін өзара байланысты көрсеткіштер жүйесінің көмегімен бағалауға болады. Нарықтық экономика жағдайында тауарлар мен қызметтерді өндіруді қамтамасыз ету үшін өндірістің 3 факторы қажет:еңбек, капитал және жер (табиғи ресурстар). Яғни Ү – жиынтық өнім еңбек – (L), капитал – (К), және табиғи ресурстар – (N) шығындарымен өрнектелетін функция /2/: Ү=f(L,K,N)
Экономикалық өсуді сипаттау үшін бірқатар көрсеткіштер қолданылады. Олардың көмегімен өн.дірістің жекелеген факторларын қолданудың нәтижелілігі өлшенеді.
Экономикалық теорияда жиынтық ұсыныс жағындағы факторларды бөліп көрсетеді. Оларға:
А) табиғи ресурстардың көлемі мен сапасы
Б) еңбек ресуртарының көлемі мен сапасы
В) негізгі капиталдың көлемі
Г) ғылыми техникалық прогрестің деңгейі.
Жиынтық сұраныс факторларынан жоғарланған ұлттық өнімді сатуға байланысты және жиынтық сұраныстың барлық элементтері барлық көбейіп жатқан ресурстардың толық жұмсалуын қамтамасыз етілуі керек. Бұдан басқа жиынтық сұраныспен байланысты факторларға ресурстарды тиімді бөлу де жатады.
Факторлардың маңыздыларының бірі еңбек шығындары табылады. Бұл фактор біріншіден ел халқының санымен анықталады. Бірақ халықтың белгілі бір бөлігі еңбекке жарамдылар санына енгізілмейді және еңбек нарығына шықпайды, оларға оқушылар, зейнеткерлер, әскерілер, т.б. жатады. Ал жұмыс істегісі келетіндер еңбек күшін құрайды. Бұдан басқа еңбек күшінің құрамында жұмыссыздар, сонымен қатар жұмыс істегісі келіп, бірақ оны таба алмай жүргендер көрсетіледі. Сөйтіп 1999 ж. АҚШ-та бүкіл халықтың жұмыс бастылары 52% құраған.
Әйтсе де еңбек шығындарын жұмысбастылар санымен өзгерту нақты жағдайды толық мөлшерде көрсетпейді. Еңбек шығындарының неғұрлым нақты өлшемі болып еңбек уақытының сомалық шығындарын ескеруге мүмкіндік беретін жұмыс істелген адам-сағат көлемдерінің көрсеткіштері табылады. Жұмыс уақыты шығындарының көбеюі бірқатар факторларға тәуелді: халық өсімдерінің қарқындарына, жұмыс істеу ықыласына, жұмыссыздық деңгейіне, зейнетақымен қамсыздану деңгейіне, т.б. Барлық факторлар уақыт аралығында және елдер бойынша экономикалық дамудың қарқындары мен деңгейлеріндегі бастапқы айырмашылықтарды құра отырып өзгереді.
Сандық факторларымен қатар еңбек күшінің сапасы мен сәйкесінше өндіріс процесіндегі еңбек шығындарының сапасы маңызды рөл атқарады. Білім деңгейі мен жұмысшылар мамандануының жоғарлауынан еңбек өнімділігінің жоғарлауы жүреді. Ал бұл экономикалық өсудің деңгейі мен қарқындарының жоғарлауына себеп болады. Басқаша айтқанда еңбек шығындары жұмыс уақыты мен жұмысбастылар санының көбеюінсіз-ақ, тек еңбек күші сапасының жоғарлауы арқылы ғана ұлғая алады.
Экономикалық өсудің келесі маңызды факторы болып капитал табылады. Ол – құрылғылар, ғимараттар мен тауар қорлары. Негізгі капитал тұрғын қорды да енгізеді. Өйткенде үйлерде тұратын адамдар үйлер көрсететін қызметтерден пайда болады. Фабрикалық ғимараттар мен конторлар өз жабдықтарымен өндіріс факторлары болып табылады. Өйткені машиналардың үлкен санымен қаруланған жұмысшылар тауарларды көбірек шығарады.
Экономикалық өсудің тағы бір маңызды факторы – жер, нақтырақ айтсақ табиғи ресурстардың саны мен сапасы. Әртүрлі табиғи ресурстардың қорлары, құнарлы жерлердің болуы , жағымды да жайлы климат пен ауа-райлық жағдайлар елдің экономикалық өсуіне айтарлықтай салмақты үлес тигізетіні белгілі.
Әйтсе де, көлемді табиғи ресурстардың қолда болуы әр уақытта экономикалық өсудің жеткілікті факторы болып табылмайды. Мысалы, Оңтүстік Америка мен Африканың кейбір елдері табиғи ресурстардың көлемді қорларын иемдене отырып, әлі күнге дейін артта қалған елдер қатарында жүр. Бұл экономикалық өсуге ресурстарды үнемді де тиімді пайдалану ғана әкелетіндігін білдіреді.
Ғылыми – техникалық прогресс экономикалық өсудің басты құрылғысы. Ол өндіріс процесін жетілдіруді сипаттайтын бірқатар құбылыстарды қамтиды: технологияларды жетілдіру, өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа әдістері мен нысандары. Ол берілген ресурстарды шығарылатын түпкі өнімді көбейту мақсатымен жаңадан алмастыруға мүмкіндік береді. Бұл кезде әдеттегідей жаңа, неғұрлым тиімді, пайдалы салалар пайда болады. Тиімді өндірістің көбеюі, ұлғаюы экономикалық өсудің негізгі факторы ретінде қалыптасып келе жатыр.
Мемлекет экономикалық өсуді реттеуде маңызды рөл атқарады және ол бұлпроцесті ынталандыру үшін қандай тиімді шараларды қолданатындығын қарастыру қажет:
- Кейнсиандықтар экономикалық өсуді сұраныс факторларының көзқарасы жағынан ғана қарастырады. Олар әдетте өсу қарқындарының төмендігін ЖҰӨ-нің қажетті өсімін қамтамасыз етпейтін жиынтық шығындардың болжанбайтын деңгейімен түсіндіреді. Сондықтан олар капи –тал салымды ынталандыратын құрал ретінде пайыздың төмен ставкаларын («арзан ақшалар» саясатын) насихаттайды. Ал қажет болған жағдайда капитал салымның жоғарғы деңгейі инфляцияға әкелмес үшін үкіметтік шығындар мен тұтынуды шектеу үшін бюджетті-қаржылық саясат қолданылуы мүмкін.
- Кейнсиандарға қарама-қайшы «ұсыныс экономикасының» жақтаушылары экономикалық жүйенің өндірістік потенциалын көтеретін факторларға сүйенеді. Әсіресе, олар жинақтау мен капитал салымдарға ынталандыратын, еңбек сіңіру мен кәсіпкерлік тәуекелділікті мадақтайтын құрал ретіндегі салықтардың төмендетілуіне шақырады. Кейнсиандықтар көбінесе қысқа мерзімді мақсаттарға, атап айтқанда нақты ЖҰӨ-нің жоғарғы деңгейін сақтап отыруға, жиынтық шығындарға әсер етуге назар аударса, «ұсыныс экономикасының» жақтаушылары толық жұмысбастылық пен өндірістік қуаттардың толық қамтылуы кезінде қоғамдық өнімнің өсуін қамтамасыз ететін факторларға сүйене отырып, ұзақ мерзімді мәселелерді қарастырады.
- Әр түрлі теориялық бағыттардың экономистері экономикалық өсуді ынталандырудың басқа да мүмкін болатын әдістерін ұсынады. Мысалы, кейбір ғалымдар экономикалық өсуді ынталандыру үшін өнеркәсіп құрылымындарының қалыптасуында үкімет өзіне тікелей белсенді қатысушы рөлін алатын индустриалды саясатты үгіттейді.Сонымен қатар үкімет жоғары өнімділікті салалардың дамуын тездететін және төмен өнімділікті салалардан ресурстардың қозғалысын жылжытатын шараларды жүзеге асыруға жол береді. Білім беруге бағытталған шығындар да жұмыс күші сапасының жоғарлауы мен еңбек өнімділігінің өсуіне де ықпал ете алады.
Экономикалық өсуді ынталандырудың мүмкін болатын әдістерінің көптігі мен қиыншылықтарына қарамастан экономистердің барлығы экономикалық өсу қарқындарының көбеюі оңай мәселе еместігі мен капитал сыйымдылық пен жинақтарға бейімділік реттеу шараларына оңай берілмейтіндігі туралы ортақ ой – пікірді бөліседі.
Жоғарыда айтылғандардың бәрінен келесідей келесідей қорытындыны айтуға болады:
- Экономикалық өсуді жан басына шаққандағы нақты ЖҰӨ-нің өсуі немесе потенциалды ЖҰӨ-нің өсуі ретінде анықтауға болады. Ол ішкі және халықаралық әлеуметтік – экономикалық мәселелерді шешу үшін қолданылатын өндіріс өсімін қамтамасыз етеді.
- Экономикалық өсу келесі факторлармен анықталады: табиғи және еңбек ресурстары, капитал, технологиялар.
- Экстенсивті өсу кезінде жұмыссыздық жеңгейінің қысқаруына қол жеткізіледі және өсу қарқындарын жоғарлатуға үмкіндік беретін толық жұмысбастылыққа жету. Бірақ ол уақытша құбылыс, өйткені толық жұмысбастылық жағдайы жыл сайын толықтандырыла алмайды және келесі жылы өсу қарқыны өзгеріссіз қалады.
- Дамудың экстенсивті түрінде жұмысшылардың көбісі жоғары маманданбаған.
- Экстенсивті өсу көбінесе тоқыраушылық сипатқа ие. Іс-жүзінде техникалық прогресс жоқ, өндірістік негізгі қорлар моральді және физикалық тозады, жұмысшылардың қор қаруландырылуы төмендейді.
- Дұрыс салықтық және инвестициялық саясат кезінде мемлекет экономикалық өсуде маңызды рөл атқаруы мүмкін.
Жоғарыдғы мәселелерді қарастыра келе дамудың экстенсивті жолы өзін сарқып бітті. Жаңа, әлі даму үстіндегі экономикалық қатынастар жағдайында экономикалық жаңа өрлеуге жол бермей тек қайшылықтарға әкеледі. Сондықтан объективті түрде экономикалық өсудің үлгісін ауыстырып, халық шаруашылығын интенсивті даму жолына қою керек. Бірақ интенсивті жолдың өзі экстенсивтіден туындағанын ұмытпау керек. Жаңа экономикалық қатынастардың дамуына негіз құрып, экстенсивті өсу жолы бүкіл әлемнің ұлттық шаруашылықтарының дамуына үлкен үлесін енгізді.
2 бөлім. ҚР-ғы экономикалық өсу және өндірістің тиімділігін арттырудың негіздері
2.1 ҚР-ның экономикалық өсуді қамтамасыз ететін индустриялы-инновациялы саясат
Дамыған елдер тәжірибесі бойынша тек қана нарықтық принциптер негізінде материалдық-техникалық базаның қалыптасуы мүмкін емес. Елдегі инновациялық даму мемлекеттің араласуынсыз оң нәтиже бермейді, сондықтан инновация мен инвестиция мемлекеттік реттеудің оьбектісі болып табылады.
Көптеген дамушы елдер табиғи ресурстарға бай бола тұра, тұрақты дамуға қол жеткізе алмады. Қысқа мерзімде шикізат экспорты бұл елдердің мемлекттік қазынасына табыс әкеліп, тұрғындардың әл-ауқатын көтереді. Алайда, уақыт өте келе жоғары табыс экономиканы құлдыратады, яғни мемлекетті шикізат экспортынан және оның рыноктағы жағдайынан тәуелді етіп, шикізатты аз қажет ететін жаңа саланың дамуын ынталандырмайды және шикізатты күндердің күнінде таусылатынын еске алсақ, бұл мәселенің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Дәл осы жағдайдан шығудың бірақ жолы бар, ол – жоғары технологиялық өндірісті дамыту.
Қазіргі таңда ел экономикасы дамудың шешуші факторлары – ғылым мен инновациялық технологиялар екеніне күннен-күнге көз жеткізіп келеміз. Бүкіл әлемде озық технология мен техниканы насихаттайтын 1951 ж. Калифорнияда құрылған дүние жүзіндегі ең алғашқы технопарк – АҚШ-тағы «Силикон аңғарының» пайда болуына негіз болды. Өткен ғасырдың 80-ші жылдары технопарктер тек АҚШ, Еуропада ғана емес, Канада, Сингапур, Австралия, Бразилия, Үндістан, Қытай, Жапонияда да құрыла бастады.
Жапондықтар жаңа өнімді ойлап табу және оны жасап шығару жылдамдығынан американдықтар мен еуропалықтарды да басып озады. Жаңа автокөлік Жапонияда 1 айдан кейін шықса, АҚШ-та 4, Еуропада 2 айдан кейін шығады. Жапондықтар үшін өнімнің сапасын қажетті деңгейге жеткізу үшін 4 ай жетікілікті, АҚШ-та бұл көрсеткіш – 11 ай .
Ал Қытайда жаңа техника мен жоғары технологияны өндіріске енгізумен 1950ж. құрылған ҒТИП /ғылыми-техникалық индустриялы парктер/ айналысады. Онда технологиялық жетістіктер коммерциялық және өндірістік жағынан қарқынды жылдамдықпен игеріледі. ҒТИП қарамағына әр түрлі саладағы ғылыми орталықтар мен кәсіпорындар кіреді. ҒТИП олардың құрылуына жағдай жасайды, ғылыми зерттеулерін жүргізуге көмектеседі, ақпарат және қаржымен қамтамасыз етілуін қадағалайды, бір сөзбен айтқанда, кәсіпорынға «қолайлы орта» жасайды. Қытай экономикасына үлкен үлес қосып, инновацияны дамытып отырғанын ҒТИП құрамына кіретін кәсіпорын санының өсуінен байқаймыз. 1991 ж. – 2587, 1992 ж. – 9678, 1996 ж. 13722, 2000 ж. – 20796.
Ал Корея Республикасының /Оңтүстік Корея/ ғылым мен техниканы соңғы 50 жылда өте қарқынды дамытты. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемдегі ең кедей елдердің бірі болып шығып, соғыстан кейінгі зерттеулердің басым бөлігін қорғаныс, ядролық және космостық салаларға бағыттады. Корея Республикасы ғылыми-техникалық саясатын өткен ғасырдың 60-жылдардың ортасында қолға алды. 1967 ж. басты міндетіғылыми-техникалық саясатты жобалау және жүзеге асыру болып табылатын Ғылым және технология Министрлігі құрылды және Ғылым мен техниканы қолдау туралы Заң қабылдады. Осыдан кейінгі дамуы 5 жылдық кезеңдерге жоспарланған.
Финляндия 1991 жылға дейін экспортының жартысын КСРО-ға жіберетін. КСРО тарап кеткеннен кейін және 90-шы жылдардағы экономикалық дағдарыс Финляндия экономикасына да жағымсыз әсер етті. Мысалы, жұмысссыздық деңгейі 1991 ж. 3,5 % -дан 1993 ж. 20 %-ға дейін өсіп кетті. Осы келеңсіз жағдайдан шығу үшін Финляндия Үкіметі 1991 ж. жаңа экономикалық бағдарлама қабылдады. Оның міндеті – Финляндияны дамыған елдердің қатарына қосу. Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатымен Үкімет ұлттық инновациялық жүйені құрды. Оның қызметін тікелей Финляндия Президенті қадағалайды.
1990 ж. бүкіл КСРО елдерінің экономикасында жағымсыз жағдай қалыптасты. Қазақстанда барлық салалар дағдарысқа ұшырап, ғылымға көңіл бөлінбеді, көптеген кәсіпорындар жұмысын тоқтату, бөлшектену, тіпті қайта құрылу сияқты құрылымдық өзгерістерге ұшырады. Мұның бәрінің себебі – нарықтың қатал талабы болды. Тозған құрал-жабдық, шығыны көп икемсіз өндіріс, тиімсіз басқару, сын көтермес қаржылық жағдай және осы сынды мәселелер аяғына шырмауық болып оралды.
Нарыққа көшу процесі аяқталғаннан кейінгі жылдарда экономиканың жанданып дамуышикізат (газ, мұнай, металл) сатудан түскен валюталық түсімдерге тікелей байланысты болды. 2000-2002 жылдарда Қазақстанда экономикалық өсу байқалды. Бірақ бұл өсім шикізат сатудан түскен пайда есебінен, яғни «көз бояушылық» екенін түсінгенг ҚР Үкіметі қырағылық танытып, елдің индустриялық-инновациялық саясатын қолға алды. 2002 ж. шілде айында ҚР Президентінің Жарлығымен «Инновациялық қызмет» туралы заң күшіне енді.
Әрбір ел дүниежүзілік рынокта өз орнын тауып, үлесінен айырлмауға тырысады. Бұл тікелей инновацияларға қатысты екендігі мәлім. ХХ ғасырдың 50-60-шы ж.ж. дамыған елдер қолға алған мәселе де осы болатын. Алайда, мемлекет құқықтық-нормативтік негізін жасап, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырып немесе басқа қаржы ресурстарын жұмылдырып, бағыт бермесе, бұл саланың қарқынды дамуы да екіталай.
Іс жүзінде ғылыми зерттеулер мен инновациялық процестерді мемлекеттік қолдаудың негізгі кең тараған 3 әдісі бар.
- Ғылыми зерттеулерге мемлекеттің тікелей қатысуымен мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратын ірі лабораториялар қалыптастыру, нәтижесін ақысыз түрде көпшілікке ұсыну. Әдетте, бұл лабораториялар қорғаныс, энергетика, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы мәселелерін шешумен айналысады;
- Қайтарымсыз негізде субсидиялар бөлуде мемлектетті емес лабораторияларда іске асырылатын ғылыми зерттеу жұмыстарына қайтарымсыз негізде мемлекттік бюджеттен қаржы бөлінеді. Негізгі қойылатын шарт – зерттеулер барысы бойынша толық есеп беру, алынған нәтижені ашық түрде жариялау.
- Ғылыми-техникалық зерттеулер мен тәжірибеге инвестиция бөлінген жеке бизнеске салық жеңілдіктерін ұсыну;
Мемлекетті қаржылық қолдау және инновациялық құрылымдарды құру үшін оған көп мөлшерде қаржы қажет. Осы мәселе қазір елімізде күрделі мәселелердің бірі болып отыр, сондықтан қаржыландыру, сырттан инвестиция тартуға негізделген Инвестициялық, Инновациялық қорлар, Даму банкі, экспорттық несиелер мен инвестицияны сақтандыру корпорациясы сияқты даму институттары құрылды.
Бұл мәселелердің шет елдерде қалай шешілетініне назар аударып көрелік.
Жапонияда инновацияларға ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін көп көңіл бөліне бастады. Елде шағын және орта кәсіпорындар бүкіл экономиканың негізін құрайды.
Ал мемлекет инновациялық саясатты солар арқылы жүргізеді. Шағын кәсіпорындар барлық кәсіпорындардың 99 %-ын құраса, олардың ЖҰӨ-дегі үлесі 52%-ды құрайды. Мемлекет саясатының шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлікті қолдаудың мәні қажетті капитал салымы мен жұмыссыздық туралы деректерді сәйкестендіру болып табылады.
Мемлекттік деңгейде кәсіпорындарға мынадай қолдау көрсетеді:
- Мамандандырылған мемлекеттік мекемелер (шағын инновациялық кәсіпорындарға кеңес беретін комиссиялар, кәсіпорындарды қолдайтын бас басқарма, регионалдық органдар, мемлекеттік даму корпорациясы, шағын инновациялық кәсіпорындар академиясы, шағын инновациялық кәсіпорындардың бүкіл жапондық регионалдық орталық комитеті) жаңадан құрылған шағын кәсіпорындарға көмек көрсетеді.
- Қаржылық кепіл беру мен қаржылық көмек көрсету;
Оны 59 филиалы бар мемлекттік қаржылық корпорация, 102 филиалы бар ұлттық қаржылық корпорация, 117 филиалы бар сауда және өндірістік кооперацияның Орталық банкі, шағын инновациялық кәсіпорындарға арналған кредиттерді сақтандыру ұйымдары жүзеге асырады.
Шағын және орта бизнесті қолдаудың жапондық жүйесінің негізгі элементі ол құқықтық-нормативтік қамтамасыз ету болып табылады. Оған «Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау» туралы Заңнан бастап «Жаңа қызмет түрін енгізуде туындайтын төтенше жағдайлар» туралы Заңға дейін т.б. заңдар кешенін қамтиды.
Жапонияда орталық банктер кредиттің 47%-ын, ал жергілікті коммерциялық банктер 100% кредиті шағын және орта кәсіпорындарға береді. Шағын инновациялық кәсіпорындарды қолдаудың арнайы механизмдері қолданылады. Олар «жеңіл қарыздар» деп аталады. Егер жай қарызды 4-8%-бен алса, шағын инновациялық кәсіпорындар қарызды осының жартысымен алады.
Шет елдер тәжірибесінен инновацияны дамытудағы мемлекеттің рөлінің өте маңызды екендігіне көз жеткіздік, енді еліміздег инновациялық үрдістерді дамытуға қандай мемлекеттік қолдау көрсетілетінін және жалпы инновациялық дамудың ерекшеліктеріне тоқталайық.
Экономикалық ғылымдар және экономикалық даму тәжірибесі көрсеткендей инновациялық дамуда жаңа технологиялар экономиканы тиімді модернизациялауды қамтамасыз етеді. Бұл әсіресе ҚР үшін өте маңызды, өйткені 1990 ж. бастап елімізде бастап елімізде технологиялық дағдарыс қалыптасты. Өндірістің техникалық деңгейі құлдырады, ғылыми өнімдердің шығуы азайды, ғылыми-техникалық потенциалымыз қысқарып кетті, сондай-ақ бұрынғы экономикалық жүйе түгелімен жойылды, еліміз өзінің ішкі сұранысын қамтамасыз ете алмай қалды. Осының салдарынан да ЖІӨ көлемі де 1990 ж. салыстырғанда 1995 ж. 40%-ға дейін азайды.
Ал ЖІӨ-нің 0,5%-ға өсуімен экономикалық дағдарыс кері бұрылып экономикалық жандану кезеңіне өттік. Осы жылдардағы ЖІӨ көлеміне назар аударсақтек қана 2003 жылы 1993 жылғы деңгейге жеткен екенбіз. Сонымен қатар елімізде ғылым мен ғылыми-техникалық қызметтерге қаржы бөлу өте аз, оның көлемі 0,9%-ды құрап отыр. Ал индустриялы-инновациялық саясатты жүзеге асырмасақ, онда 2015 жылы болжам бойынша оның үлесі 0,6%-ға дейін кемиді екен. Бұл стратегияны жүзеге асырған жағдайда 2015 жылы болжам бойынша ғылым және ғылыми-инновациялық қызметке ЖІӨ-нен бөлінетін қаржы 1,7%-ға дейін өсуді жоспарлап отыр. Егер бұны дамыған елдермен салыстырсақ ғылымға бөлінетін қаржы Францияда – 45 %, АҚШ пен Германияда – 36%, Жапонияда – 20% құрап отыр.
Еліміздегі стратегия жүзеге аспағандағы және асқандағы ЖІӨ-нің құрылымының болжамы стратегияны жүзеге асырғанда және оны жүзеге асырмағандағы үлесі. (%)
Еліміздегі инновациялық саланы мемлекеттік қолдауды ҚР-ның «Инновациялық қызмет» туралы Заңынан көруімізге болады. Оның негізгі бағыттары келесідей:
- Инновацияның басым бағыттарын анықтап, инновациялық бағдарламаларды жасау.
- Мемлекттің инновациялық саясатын жүзеге асыратын қажетті инвестицияны жұмылдыруды ұйымдастыру және жағдай жасау.
- Инновациялық инфрақұрылымды құру.
- Мемлекеттік бюджеттен инновациялық бағдарламалар мен жобаларды мақсатты қаржыландыру.
- Бәсекеге жарамды өндірісті құруға мемлекеттің араласуы.
- Мемлекттік тапсырыспен орындалатын инновацияларды міндетті түрде рынокпен қамтамасыз ету.
- Отандық инновацияларды шетелге шығару.
Елімізде ғылыми-техникалық инновациялық бағдарламаларды дамыту үшін арнайы даму институттары құрылған. Оның ішінде 3 қаржылық және 2 қызмет көрсету институттары бар.
Алдыңғы уақыттарда экономикалық өсу факторы ретінде посткеңестік елдерде инновация екінші деңгейдегі жоспар болып келді. Бірақ әлемдегі дамыған елдер тәжірибесі және отандық тәжірибе бойынша тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу инновациялық қызметсіз жүзеге аспайтындығына көз жетті. Міне осы себептен соңғы 3-4 жылда инновацияға деген көзқарас өзгерді. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Ұлттық академия ғалымдарымен кездесуінде атап өткендей, «елімізде ұлттық инновациялық жүйе құратын уақыт келіп жетті» деп атап көрсетті.
ҚР-ның бүгінгі таңдағы ұлттық инновациялық жүйесі негізінен үш құрылымдық қолдау және іске асыру бағыттарынан құралады. Олар:
- ҒЗТКЖ ұйымдары, яғни бұған ғылыми зерттеу институттары, инкубаторлар, инновациялық орталықтар, технопарктер, кәсіпорындар, жоғарғы оқу орындары, құрастырушылық орталықтар, кластерлер, шағын бизнес салалары қатысады.
- Мемлекеттік реттеудің тікелей және жанама құралдары: заңдар, жарлықтар, стратегиялар, салық және несие жеңілдіктері, лизингтің дамуы және т.б.
- Қаржылық институттар: банктер, инвестициялық, сақтандыру және зейнетақы компаниялары, инновациялық қорлар, инновациялық банктер, венчурлық қорлар, даму институттары, экспортты сақтандыру жөніндегі корпорация және Даму банкі.
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңінде экономикада кәсіпкерлік қызмет даму үстінде. Кәспкерлік, әсіресе шағын кәсіпкерлік рыноктық жүйеде толыққанды қызмет ету үшін кәсіпорын жаңа технологиялар мен жаңалықтар ашып отыруы керек. Сонда ғана олардың шығарған тауарлары мен қызметтері бәсеке қабілетіне ие болады. Бірақ бүгінде отандық кәсіпорындардың инновациялық қызметі мардымсыз болып, соның салдарынан отанды тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі әлсіз екендігі белігілі.
Әйтсе де бұл инновациялық жобаларға көптеген қаржы қажеттілігі туындап отыр, ол қаржыларды ЖІӨ-нің құрамынан көп мөлшерде ала алмаймыз, өйткені елімізде бұдан басқа салаларға қаржы сұранысы туындап отыр, әсіресе әлеуметтік салаларға. Сондықтан қаржы тартудың бірден-бір көзі инвестиция тартуды ынталандыру болып табылады.
Ал Ұлттық инновациялық қор геостационарлық спутникті құру және іске қосуды қаржыландырудан бастады. Осы орайда Үкімет «ҚР космос саласының 2005-2007 жылдардағы дамуы» деген мемлекттік бағдарлама жасады. Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық аясында бірқатар маңызды зерттеулер жүргізілуде, оның ішінде қуаты 70 Мвт болатын шағын атом станциясын құру және радияциялық техниканы пайдалана отырып, шуды изоляциялайтын материал өндіру қолға алынды.
Индустриялық саясат дегеніміз мемлекттік бәсекеге түсуге қабілетті және тиімді ұлттық өнеркәсіпті қалыптастыру үшін кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасауға және қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешенін білдіреді.
Яғни еліміз осы мәселелерді шешіп жоғары бәсекеге қабілетті алдыңғы қатарлы елдер санатына қосылу үшін, тұрақты экономикалық өсуді және экологиялық тиімді өндірісті қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзімді стратегиясын» қабылдады және ол алғашқы жылдан бастап оң нәтижелер бере бастады. Сондай-ақ Елбасымыз биылғы жылы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан», «Бәсекеге қабілетті экономика» және «Бәсекеге қабілетті халық» деген Қазақстан халқына Жолдауында, еліміз үшін өзекті мәселелердің бірі Индустриялы-инновациялық стратегияның негізгі бағыттарын атап көрсетті.
Стратегияның негізгі мақсаты – бәсекелестікке шыдайтын, импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған тауар шығаратын өнеркәсіптер құрып, қызмет көрсету саласын мығымдау.
Индустриялы-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес біз экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустриялануын тездетуге, машина жасау мен өнеркәсіп жабдықтарын жолға қоюға тиіспіз. Яғни инновация – негізгі қозғаушы күш болмақ.
Енді осы тұрақты экономикалық өсудің бүгінгі таңдағы ең негізгі қозғаушы факторы болып отырған Индустриялы-инновациялық даму стратегиясының мақсаты мен міндеттері туралы тоқталып өтсем деймін.
Стратегияның басты мақсаты шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әр тараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу; ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау болып табылады.
Өңдеуші өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабілетті және экспортқа негізделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндірісі мемлекеттік индустриялы-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.
Дүниежүзілік экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстанның қазіргі таңдағы экономикасының дамуында мынадай мәселелер орын алуда:
- экономиканың бір жақты шикізатты бағыттылығы;
- әлемдік экономикаға ықпалдасудың әлсіздігі;
- ел ішіндегі салааралық және өңіраралық ықпалдасудың босаңдығы;
- ішкі рынокта тауарлар мен қызметтерге тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика);
- өндірістік және әлеуметттік инфрақұрылымның жеткілікті дәрежеде дамымауы;
- кластерлік желілердің дамымауы, яғни кәсіпорындардың бір орталыққа шоғырланбауы;
- мұнай-газ және кен-металлургиялық кешенге жатпайтын экономика салаларында қорлардың тез тозуы;
- кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалушылығы;
- ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық (ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлінуі;
- ғылым мен өндіріс арасында ұтымды байланыстың болмауы;
- мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазіргі заманғы жүйесінің болмауы;
- экономиканың өңдешуі секторына инвестициялар салуға отандық қаржы институттары үшін ынталандыру көздерінің болмауы;
- ЖІӨ-нің 1 долларына электр энергиясының жұмсалу деңгейі бойынша, сондай-ақ экономика салаларындағы еңбек өнімділігі бойынша кейбір индустриялық дамыған елдерден 7-10 еседен астам артта қалып отырмыз.
- Қазақстан кәсіпорындарының негізгі қорлары құлдырау алдында, 2001 жылдың басында негізгі құралдардың тозу дәрежесі орта есеппен 29,7% құрады. Ал бұл ел экономикасының бәсекеге түсу қабілетінің төмендеуіне душар етеді. Егер Қазақстанда ЖІӨ-нің 1 долларын өндіруге 2,8 киловатт сағат жұмсалатын болса, Ұлыбритания, Германия, Италия және Жапония елдерде бұл көрсеткіш – 0,22 - 0,3; АҚШ, Франция, Түркия, Кореяда – 0,4 -0,6; Канада мен Қытайда – 0,8 - 1,2 киловатт сағатты құрайды.
Осы мәселелерді шешу қызметі барысында стратегияның келесі міндеттерін атап өтсе болады. Стратегияның міндеттері:
- өңдешуі өнеркәсіпте орташа жылдық өсу қарқынының 8 – 8 ,4 % мөлшерінде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнімділігін кемінде 3 есе арттыру және ЖІӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету;
- өңдеуші өнеркәсіптің негізгі қорларының өнімділігін арттыру;
- кәсіпкерлік құрылымды қалыптастыру, бәсекелестік артықшылықты жетілдіретін қоғамдық институттарды қамту, қосылған құнға барынша қол жеткізе отырып, нақты өндірістерде қосылған құн тізбегіндегі элементтерді игеру;
- ғылымды көп қажет ететін жәнежоғары технологиялық экспортқа негізделген өндірістер құруды ынталандыру;
- сапаның әлемдік стандартына көшу;
- дүниежүзілік ғылым – техникалық және инновациялық процестерге қосыла отырып, өңірлік және дүниежүзілік экономикамен ықпалдасуды күшейту.
Осы стратегияны іске асыру мерзімі 2003-2015 жылдарды қамтиды және ол даму барысында келесідей кезеңдерден тұрады:
І кезең. 2003-2015 жылдар аралығын қамтиды;
ІІ кезең. 2005-2010 жылдар аралығын қамтиды;
ІІІ кезең. 2010-2015 жылдар аралығын қамтиды.
Күтілетін нәтижелер: Индустриялық саясатты белсенді жүргізу экономиканың өсу қарқынын жылына 8,8 – 9,2 % қамтамасыз етеді. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы ЖІӨ-нің көлемін 3,5 – 3,8 % еседей ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа өңдеуші өнеркәсіпте орташа жылдық өсу қарқынын 8 – 8,4 %-ға дейін жеткізуге, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнімділігін кемінде 3 есе арттыруға және ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын 2 есе төмендетуге мүмкіндік береді. ЖІӨ құрылымында ғылыми және ғылыми-инновациялық қызметтің үлестік салмағын 2000 жылғы 0,9 %-дан 2015 жылы 1,5 – 1,7 %-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, нарықтық экономикалы мемлекет экономикада құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруда жеке сектормен ынтымақтастық орната алады. Осындай ынтымақтастықтардың көрнекі мысалдары Жапонияда, Оңтүстік Кореяда, Малайзияда және соңғы отыз жылда өздерінің экономикалық даму саласында ірі бетбұрыс жасаған басқа да елдерде бар.
Проблемаларды шешу және Стратегия аясында алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін Даму Банкінің қызметін жандандырумен қатар Қазақстанның инвестициялық қоры, Экспортты сақтандыру жөніндегі корпорация, Инновациялық қор сияқты арнайы даму институттарын құру көзделіп отыр. Стратегия елде ғылымды және инновациялық қызметті ынталандыруға бағытталған белсенді мемлекеттік ғылыми және инновациялық саясат жүргізуді көздейді. Стратегияны ойдағыдай іске асыру экономиканың адам капиталын, өндірілген және табиғи капиталды тиімді пайдалануға негізделген тұрақты өркендеуіне алып келетін оның құрамында сапалы өзгерістер жасауға, Қазақстанның әлеуметтік дамуының құрылысының сапалық жаңа деңгейіне шығуына ықпал етуі керек.
Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері мен саясатын жетілдіру жөніндегі жекелеген ұсыныстарды негіздеу үшін Стратегияның тиісті бөлімдеріне импортты алмастыратын және экспортқа бағытталған саясатты іске асыру жөніндегі шет елдердің тәжірибесі, оның ішінде экспорттық саясаттың әр қилы түрлері мен кезеңдері, сондай-ақ әлемдік рыноктарда бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізуге мүмкіншілік беретін факторлар келтірілген.
Қорытындылай келе, индустриялы шараларды атқаруымыз керек:
- елдегі инновациялық -инновациялық саясатты жүзеге асыруда келесідей күштерді қалыптастыру және нығайту;
- мемлекеттік мекемелердің қызметін индустриялы-инновациялық дамудың мақсаттарына сәйкес қайта құру. Бұл – білім, ғылым, қаржы, фискалдьық және тарифтік саясатты жетілдіруді қажет етеді;
- индустриялы – инновациялы дамуды халық арасында насихаттау;
- отандық өнімдердің халықаралық рыноктарда бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін әлемдік стандарттар мен сертификаттарға көшу;
- инновациялық қызметке мемлекеттік қолдау көрсету, шағын инновациялық бизнесті ынталандыру.
2.2 Қазақстандағы өнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттыру
Қазақстан өнеркәсібі Кеңес Одағы кезінде шикізат өндіру бағытында, шикізат көзіне жақын аймақтарда ірі зауыттар мен комбинаттар салу кезінде дамыды. Қазақстан жері Кеңес Одағының ірі шикізат базасы болды.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдары ұлттық экономиканың шикізат бағыттылығын өзгертіп алу қиынға түсті, өйткені сол кездегі мемлекеттің негізгі міндеттері – жоспарлы экономиканы нарықтық экономикаға өткізу, экономикалық және әлеуметтік қайта құру сакясатын жүргізу, шаруашылық тіршілігін сақтап қалу болатын. Сол себепті осы жылдары, керісінше, экономиканың шикізат бағыттылығы одан әрі күшейе түсті.
Қазақстандағы жалпы трансформация, оның құрамындағы меншік қатынастарын қатйа құру процестері, ғаламдық интергацияның күшеюі және ұлттық экономиканың ашық болуы отандық кешен шеңберінде әртүрлі меншіктік формалары, оның ішінде шетелдің қатысуымен құрылған кәсіпорындарға жағдай жасалды.
Өнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттырудың негізгі шарттарының бірі, оның қоғамдық ұйымдастыруының жетілдіру формалары – шоғырландыру, мамандандыру, кооперациялау және орналастыру болып табылады.
- Қазақстанда өндіністің шоғырлануы аса жоғары болып табылады. Республиканың ірі кәсіпорындарының қатарында жүзге жуық салыстырмалы ірі корпоративтік бірлестіктер құрылды. Олар бір-біріне көлемдері, кәсіпорын құрамы, меншік құрылымы, ұйымдық формасы және басқару жағдайы бойынша ерекшеленеді. Қазақстандағы корпоративтік сектордың жектілікті дәреэжеде дамымағандығына және аздығына қарамастан, мұнда қазірдің өзінде корпоративтік құрылымның 4 тұрақты типі айқын көрінуде. Корпорация типтеріне:
- ұлттық және мемлекттік компаниялар (15-ке жуық);
- акционерлік қоғамдар, мемлекетпен құрылған және жеке жобалар бойынша жекешелендірілген бірлестіктер;
- жеке корпорациялар, нарықтың өзін-өзі құру әдісімен құрылған бірлестіктер (10-ға жуық);
- ТҰК-лардың қазақстандық бөлімдері.
Компаниялардың салалық шоғырлануын талдау кезінде барлық инвестициялардың 80-90 %-ы өндіруші салаларға түсетіні көрінеді, ал ірі капитал салымдарын талап ететін тамақ, жеңіл, микроэлектроника, фармацевтика, табиғат қорғау технологиялар, тұрмыстық электротехника сияқты перспективалы салалардағы шетелдік секторының қатысуы мүлде жоқ немесе минималды деңгейде ғана болып отыр.
Сонымен жоғарыда атап сипаттағандай шоғырландыру барлық ірі саналатын кәсіпорындардың өндірісі бір жерге топтасу процесін көрсетеді. Бұл процесс өнеркәсіптік кәсіпорынның көлемінің ұлғаюымен және саладағы жалпы өнімнің өндірудегі кәсіпорындардың үлесінің өсуімен анықталады. Өндірісті шоғырландыру, қоғамдық ұйымдастыру өндірістің басқа формаларымен тығыз байланыста болады. Жоғарғы деңгейдегі шоғырланудың міндетті шарты жаңа сапалы технологияларды қолдану, мамандандыруды, кооперациялауды, ұтымды форамларын іске асыру болып табылады.
Өндірісті шоғырландырудың мәні кәсіпорындардың көлемін нығайтуда – абсолютті шоғырландыруды және де жалпы өнеркәсіптік саладағы өндіріс көлемін әр түрлі деңгейдегі кәсіпорындар арасында бөлуде айқындалуын салыстырмалы шоғырлануды атайды.
Өндірістік шоғырландыру үш негізгі формада іске асады:
- әмбебап түрдегі кәсіпорындардағы әрқилы өндірісінің шоғырлануы;
- айрықша кәсіпорындардағы біртекті өнімдерді өндірудегі шоғырландыру;
- бір кәсіпорын ішіндегі өндірісінің өзара байланысын үйлестіру негізіндегі шоғырландыру.
Бірінші шоғырландыру формасы машина жасауда сипатталса, екінші барлық өндіруші өнеркәсіп салаларына, құрылыс материал өнеркәсібіне де, кейбір тамақ өнеркәсібіне тән. Үшінші – металлургия, химия және тамақ өнеркәсібінде көрінеді.
Айрықша бағыттағы ірі кәсіпорын және комбинат – бұл екі прогрессивті шоғырландыру формасы, жоғарғы өндіріс тиімділігін қамтасыз етеді.
Өнеркәсіпті нығайту процесіндегі негізгі бағыт шоғырландыру мен орталықтандыру формасы ретінде көрінеді. Шоғырлану өндірістік қорлану есебінен өнеркәсіптің дамуын көрсетеді. Ол жаңа ірі кәсіпорындардың құрылуы және қайта қалыптасуы, кеңейтуі арқылы іске асады. Өте тиімді өнеркәсіптің шоғырлану формасы орталықтандыру болып табылады. Бұл жеке тәуелсіздігін жоғалтпауына байланысты өз бетінше жеке кәсіпорындардың бірігуінен ірі шаруашылық есептегі өндірістік кешеннің құрылуын білдіреді. Әрекеттегі кәсіпорындар базасының төңірегіндегі өндірістік бірліктің құрылуы - өндірістік шоғырлануды күшейтудегі ең қарқынды, тез апаратын жолы. Бұнда жаңа қажетті құрылысты, жаңа қуаттылықты енгізудегі ірі капитал салымдарын қажет етпейді.
Өндірісті нығайту, тиімділігін арттыру қай деңгейде және қалай іске асатынына байланысты агрегатты, технологиялық және ұйымдастырушылық – шаруашылық шоғырландыру болып бөлінеді. Агрегаттық шоғырландыру, бұл жабдықтардың бірліктік қуаттылығының артуын, яғни жоғарғы қуатты жабдықтардың үлесін арттыру және агрегаттары мен машиналардың өнімділік техникасын дамытудағы қалыптасқан реттегі барынша өсуін айтады. Агрегаттық шоғырландыруда ҒТП тікелей бейнеленеді, өнеркәсіптің барлық салалрында іске асады және тек интенсивті жолмен дамиды. Ал, технологиялық шоғырландыру цехтарды нығайтуда, кәсіпорын құрамын өзгертуде, техниканың сапасын жетілдіру есебі ретінде қол жеткізеді және де бір типті жабдықтардың санын көбейту жолымен айқындалады. Келесі, ұйымдастырушылық – шаруашылық шоғырландыру өндірісі, өндірістік бірлесудің құрылуымен және ұсақ кәсіпорынның әкімшілдік бірігуімен қалыптасады. Бұл орталықтық басқару өз кезегінде оларды реконструкциялау және техникалық қайта қарулану базасында кәсіпорынныңи бірігуіндегі өндіріс шоғырлануы үшін алғышартты құрауы қажет.
Өнеркәсіптегі өндірістің шоғырлану тиімділігі – кәсіпорын мен өндірістің көлемінің ұлғаюы нәтижесіндегі өнімді даярлаудағы техника экономикалық көрсеткіштерінің жақсаруын қамтиды. Ірі өндірістік қуаттылықтың, материалдар мен еңбек ресурстарының бір ортаға жинақталуы, құрал-жабдықтарды, шикізат пен материалдарды және жұмысшы күшін қамтитын барлық негізгі өндіріс элементтерін үнемді және тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Осының негізінде еңбек өнімділігін арттыруға және өнімнің өзіндік құнын төмендетуге негіз болады.
- Маманданудың экономикалық тиімділігі – бұл өндірістің техникалық деңгейі мен ұйымдастырушылық жоспарлы шаралардың нәтижесі. Ұйымдастырушылық – жоспарлы шаралардың тиімділігі еңбек өнімділігінің өсімі мен өнім бірлігіне келетін шартты жоспарлы шығындарды азайту арқылы жүзеге асырылады. Маманданудың экономикалық нәтижесінің негізіг үлесі өндірістің техникалық деңгейі мен өнім сапасын жоғарылатуға келеді. Тиімділікті жоғарылатудың бұл екі бағыты бір уақытта әрекет етеді.
Мамандану – қоғамдық өндірістің тиімділігін жоғарылатуыш маңызды фактор болып табылады, өйткені ол жаңа жоғары өнімді техниканы кең түрде қолдануға және өндірісті механизациялау мен автоматизациялауға жол ашады, оның жаппай өндірісте қолданылуын экономикалық негіздейді, себебі, бұл еңбек өнімділігі мен шығарылатын өнімнің сапасын күрт жоғарылатады.
Яғни, мамандану ғылыми-техникалық процесті дамытады.
Маманданудың рационалды даму қоғамдық өндірісті жетілдірудің барлық жақтары мен оның тиімділігін жоғарылатуға үлкен әсерін тигізеді. Маманданудың экономикалық тиімділігін анықтау үшін үш негізгі көрсеткіш қолданылады:
- Өнім өндіруге ағымдағы шығындар мен оны тұтынушыларға жеткізудің тасымалдау шығындарын үнемдеу;
- Капитал салымдарын үнемдеу және оның қайтарылу мерзімі;
- Өнім өндірудің мамандануынан жылдық экономикалық әсер.
Маманданудың экономикалық тиімділігі бірқатар факторлармен анықталады:
- Мамандану өнім өндірісі үрдісін ұсақ операцияларға бөлу үшін жағдай жасайды, олардың әрқайсысы технологиялық үрдіс жолы бойынша орналасқан жұмыс орындарында бекітіледі;
- Мамандану өндірістік үрдісті бөлу арқылы өндірісті кешенді механизациялау мен автоматизациялауға тиімді құралдар енгізуге жағыпмды жағдай жасайды;
- Мамандану қызмет ететін құралдарды толық пайдалануға мүмкіндік жасайды. Әрбір жоғары технологиялық машина ең үлкен қуатты жұмыс істеуі үшін, оның унификациясы, типизациясы мен стандартизациялаудың негізінде құрылымдық және технологиялық біркелкі өнім шығаруы тиіс.
Машина өнімділігі жоғары болған сайын, ол өндіруге маманданған өнім өндіру жаппай бола түсу қажет;
- Мамандандырылған кәсіпорындарда өндірістің техникалық деңгейі әмбебап өндіріске қарағанда анағұрлым жоғары;
- Мамандану кәсіпорынның өндірістік құрылымын, яғни негізгі, қосалқы және қызмет етуші цехтар мен шаруашылықтар санын, барынша жеңілдетуге мүмкіндік береді. Технологиялық біркелкі өнімнің номенклатурасы тар болған сайын (яғни өндіріс неғұрлым терең мамандандырылған сайын), соғұрлым құрамына аз құрылымдық бөлімшелер кіретін болады;
- Маманданудың әсерінен тұтынушылар және жабдықтаушылармен тұрақты байланыс пайда болады, яғни материалды-техникалық қамсыздандыру мен өткізу жеңілдей түседі. Мамандандырылған кәсіпорын үшін кооперация бойынша жеткізілетін шикізаттың, материалдардың және қосымша өнімдердің шектелген номенклатурасы қажет болады;
- Өндірістің мамандануы шағын бизнестің дамуы мен тұрақтануына жағдай жасайды.
Маманданудың дамуы тек жағымды әсер ғана емес, кері әсерін де тигізеді. Мамандандырылған өндірістің барлық артықшылықтарына (жетілген техника мен технологияларды қолдану, өндірістік циклдың азаюы, өзіндік құнның төмендеуі, еңбек өнімділігінің артуы, кадрлар квалификациясының жоғарылауы, стандарттау мен унификациялаудың дамуы, шығарылатын өнімнің сапасын арттыру, яғни кәсіпорынның бәсекелестігін арттыру) қарамастан, ол нарық жағдайына шамадан тыс тәуелді болады. Тар мамандандырылған кәсіпорын шығаратын өнімге сұраныс ауытқыған кезде, оның тұрақтылығы мамандандырылмаған кәсіпорынға қарағанда төмен болып келеді. Сұраныс өзгеруі мен бағаның төмендеуінен болатын шығындар тәуекелін төмендетуге деген өндірушілердің талпынысы өндірістің диверсификациясы тенденциясына әкелді.
Мамандану мен кооперациялаудың кемшіліктеріне келесілерді жатқызу керек:
- кооперациялау радиусының артуына байланысты өнім бірлігіне тасымалдау шығынының артуы;
- жұмыстағы монотондық, сондықтан осы жағдайдың жұмысшыға кері әсерін азайту шараларын қолдану керек.
Жоғарыда келтірілген жағымды және кері әсерлерді мамандануды жоспарлау және дамыту кезінде, ең тиімдінұсқаны табу мақсатымен ескеру керек.
Маманданудың дамуы - өнеркәсіптің қарқынды түрде өсуі мен жетілдірудің маңызды шарты болып табылады. Ірі сериялы және жаппай бірегей өнім шығаратын, өндірісті және еңбекті ұйымдастырудың жоғары өнімді мамандандырылған жабдықтар мен технологияларды қолданатын маманданған кәсіпорындардың экономикалық артықшылығы – материалды ресурстар мен еңбек құралдарын қолдану тиімділігі, жұмысшылардың еңбегінің өнімділігі мен квалификациясының артуы, өзіндік құнның төмендеуі мен пайдалылықтың өсуі, капитал салымдарының артуы.
Жоғарыда қарастырылған салаларда мамандану айқын көрініс тапқан. Қазақстанда маманданған салалар бір-бірінен өте алыс орналасқан. Алайда дайын өнімнің жаппай және ірі сериялық өнділуі оның өндіру шығындарын төмендетуі соншалықты, бұл кооперацияланған байланыстар мен тұтынушыларға алыс тасмалдауларды ақтайды. Зауыттардың терең мамандануы тиімді емес тасымалдауларды жүзеге асыруға әкеледі. Бұл тасымалдаулар қазіргі машина жасау өнеркәсібінің ұйымдасу жағдайында қажет болып келеді. Ал машина жасау саласының түпкілікті өнімін шығару машина жасаудың өзіндік салаларының, халық шаруашылығының, барлық экспорттың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Бұл өнімді тұтынушылар мемлекеттің түпкірлерінде орналасқан, сондықтан осы өнімді тұтынушыларына жақын орналастыру экономикалық жағынан тиімсіз болып табылады. Соңғы жылдары машина жасау кәсіпорындардың санының өсу тенденциясы байқалады, бұл машина және жабдықтар саласындағы шағын кәсіпкерліктің дамуымен байланысты болады.
Республикадағы ең ірі машина жасау бағыты – тракторлық және ауыл шаруашылық машиналарын жасау. Осы саладағы дағдарыстан шығу үшін бірлескен кәсіпорындар құру мақсатында шет елдік кәсіпорындармен байланыстар жасау, басты өндірушілермен біріге отыра, ауыл шаруашылық нарық франчайзингін ұйымдастыру керек. Отандық компанияларды бірлескен технологиялық процеске біріктіру арқылы шығындарды азайту, республиканың машина жасау және жөндеу кәсіпорындарында кооперациялық байланыстарды кеңейту. өйткені өндірістік бірлестіктерді құру мамандануды дамыту және жетілдіруге өз үлесін қосады.
Мұнай-газ жабдықтарын жасау өнеркәсібінің мақсаты – жағымды жағдайларды жасау, өнімнің бәсекелес жағдайын арттыру. Ол үшін протекционизм мен отандық ең тиімді проектілерге инвестициялық және несиелік көмек көрсету.
Қорытындылай келе, мамандану және оның салдары ретіндегі кооперациялау экономикаға тиімді әсерін тигізетіндігін айтуымыз керек, сондықтан маманданған кәсіпорындар санын экономикалық тиімділікке сәйкес арттыру саясатын қолдауымыз керек.
Өнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттырудың негізгі шарты, қоғамдық ұйымдастырудың жетілдіру нышанының бірі орналастыру болып табылады. Өнеркәсіптік орналастыру – бұл өнеркәсіптік кәсіпорынның кеңістіктегі бөлінуі және аумақтық экономикалық аудандардағы еңбек бөлінісінің бір формасы. Өнеркәсіптік өндірісті орналастыру үдерісі тек экономикалық қана емес әлеуметтік-саяси міндеттер шешімді – қала мен ауылдың арасындағы теңсіздігін жою, елдің артта қалып қойған аудандарын экономикалық даму деңгейіне көтеру, жоғарғы маман кадрларды өсіру болып табылады.
Өнеркәсіптегі орналастырудың басты қағидасы өнеркәсіптік өндірісті шикізат көздеріне жақындату, тұтыну аудандарына қажетті өнімдерінің өндірісінде қоғамдық еңбек шығынын төмендету болып табылады. Әрбір аумақтық шикізат факторын есептеуде қорларды, шикізат пайдалануының экономикасы мен сапасын, отын және энергетикалық ресурстарын терең зерттеуді талап етеді.
Өндірістің тиімділігіне сайып келгенде орналастыру мәселесінде табиғи-экономикалық, ээкономикалық-саяси факторлары міндетті түрде басты себепшісі болады. Еңбек ресурстарын, техникалық-экономикалық факторына ҒТП әсерін атауға болады.
2.3 Жаңа технологиялық өндірістердің дамуы мен өндірілуінің тиімділігі
Қазіргі кезде әлемде және отандық экономикада терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер орын алуда. Аталған өзгерістер экономикалық парадигманың өзгеруіне қажетті тарихи алғышарттарды қалыптастырды. Ұзақ уақыт бойы қоғамдық әл-ауқат көздеріең алдымен материалды-техникалық базаның қалыптасуы тұрғысында қарастыылады, ал елдің даму деңгейі материалды өндіріс көлемін арттыру қарқындарымен анықталады.
Экономикалық ғылымдар және экономикалық тәжірибесі көрсеткендей инновациялық дамуда жаңа технологиялар экономиканы тиімді модернизациялауды қамтамасыз етеді. Бұл әсіресе ҚР үшін өте маңызды, өйткені 1990 жылдан бастап елімізде технологиялық дағдарыс қалыптасты. Өндірістің техникалық деңгейі құлдырады, ғылыми өнімдекрдің шығуы азайды, ғылыми-техникалық потенциалымыз қысқарып кетті, сондай-ақ бұрынғы экономикалық жүйе түгелімен жойылды, еліміз өзінің ішкі сұранысын қамтамасыз ете алмай қалды. Осының салдарынан ЖІӨ көлемі де 1990 жылмен салыстырғанда 1995 жылы 40%-ға дейін азайды.
Егер, өткен шаққа көз салатын болсақ, Кеңестік Одақ кезеңінде материалдық-техникалық қамсыздандыру, соғыстан кейінгі жылдар қарқынмен дамып, жүйелі іске аса бастады. Айталық машина құрылысындағы өндірістік процестерді автоматтандыру деңгейінің елеулі артуы 40-50-ші жылдар сандық бағдарламалық басқару (СББ) жүйелерінің пайда болуымен және олармен металл кесуші станоктарға орнатумен байланысты.
70-80-ші жылдары СББ бар станоктардың негізінде автоматтандырылған бағдарламалау жүйелері орнатылған икемді өндірістік жүйелер (ИӨЖ) түрінде алғашқы салыстырмалы кішігірім өндірістер құрыла бастады.
Қазақстанның станок-құралдық өнеркәсібі негізгі қор құрайтын сала ретінде өнеркәсіптің ғылыми-техникалық прогресі мен өнімнің бәсеке қабілеттілігіне жетудің негізі болып табылады. Станок жасау дамуының деңгейінен мемлекеттің технологиялық және де ақырында экономикалық қауіпсіздік дәрежесі тәуелді. Осы саланың даму бағыттары оның өнімдерін металл өңдеуде және мәшіне құрылысында1, өнім ішкі және шетел нарықтарында бәсеке қабілеттілігін арттыруда болашақ технологияларын ендіру үшін тиімді пайдалану шарттарынан анықталады.
Станок жасау саласының қор құраушы рөлі өнім шығару көлемініңЖІӨ артуы мен өнеркәсіптік өндіріспен салыстырғанда өсуінің жоғары қарқындарын анықтайды, оның сапасына жоғары талаптар қояды.
Экономиканың әлемдік дамуы келешекте мәшіне құрылысының келесідей салалары приоритетті дамиды: ғарыштық және авиациялық техника, автомобиль құрылысы,тұрмыстық және шаруашылық техникасын өндіру, энергетикалық мәшіне құрылысы және т.б. Бұл өнім түрлеріне қойылатын негізгі талаптар: жоғары сенімділік, сапа мен дизайн, сонымен қатар бөлшектерін жасау тиянақтылығы, төмен материал, энерго, еңбек шығындары, жасап шығарудың салыстырмалы қысқа циклі, қолайлы, экономикалық негізделген баға.
Осыған сәйкес приоритетті салаларда өндірілетін техниканың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге тиіс станок жасау өнеркәсібінің өнімдеріне қойылатын талаптар: тапсырыс берушіге жабдықтарды жеткізуде өндіріс проблемаларны кешенді шешу (алдыңғы қатарлы техника немесе «ноу-хау», жиынтық жеткізу, ақпаратты қамсыздандыру), оптималды өнімділік, өңделетін бөлшекті жасаудың үздіксіздігі, сенімділік, жоғары тиянақтылық, ұзақ мерзімді, минималды қолданушылық шығындар, төмен материалды және еңбек шығындары, бәсекеге қабілетті баға, сервистік қызмет етудің жөнге салынуы.
Дүние жүзіндегі мәшіне құрылысының дамуын зерттеу металл өңдеу технологияларында үлкен өзгерістер күтілуде, алдымызда станоктардың дамуының «үшінші толқыны» келе жатыр. Қазіргі кезеңде технологиялардың дамуына тән тенденциясы технологиялық жүйелердің қайта құрылуы мен интеграциясы болып табылады. Олар өз кезегімен әр салада тым күрделі, кең және тым мамандырылған. Әрқашанда адам қуатты технологияны басқара алмау жағдайының тәуекелі бар.
Осыған сүйеніп техникалық дамудың келесідей бағыттары болжамданады:
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланумен және автоматтандырылған жабдықтардың (өңдеу орталықтарының, икемді өндірістік модульдердің, икемді өндірістік жүйелердің және т.б.) негізінде құрылған өндірістерді қолдануды кеңейту;
- ірі өндірістік сипаты бар салалар үшін шығындарды төмендетіп, өндірісті елеулі арттыруда өңдеу талаптарына бейімделудің өңдеуші орталықтар құрылады. Мұндай салаларда арнайы жабдықтарды қолданудың елеулі дәрежесі тоқтатылады;
- өңдеуші мәшінелердің құрылымындағы тиімді өзгерістер орын ауыстыруда, осі бойынша үдеуіде, шпиндель айналымының жиілігінде, шапшаңдату мен тежеу уақытынан, құрал мен өңделетің бөлшектің орын ауыстыру тездігінде байқалуға тиіс. Станоктардың тез жұмыс істеуніе сызықтық жетектерді, жаңа материалдарды, сызықтық подшипниктерді, лазерлік жүйелерді, жылдамдық аутқуын жөндеу үшін байланыс датчиктерін қолданудың арқасында қол жеткізуге болады;
- келешектің станоктары өндірістьің қоршаған ортаны қорғау, ресурстарды екінші реттік қайта өңдеу сияқтыжаңа талаптарына сай болады. Құралдарды матеиралдародың жаңа түрлерінен (синтетикалық алмаздар, керамиканың жаңа түрлерін, құрамында кобальты бар болат) өндіу дамиды. Бөлшектреді жасаукдың дәстүрлі емес технологоиялары (мысалы, арқылы жасау) дамы маңызды болады;
- келешектіңғ станоктарына ашық конфигурациялы сандық басқару жүйелері, опеациялық жүйелер мен графикалық интерфейсті үш өлшемді бавғдарламаларды қолдану анықтаушы әсер етеді. Басқару жүйелері өндіріс жағдайнына бейімделдуді жәнек жоғарғы тиянақтылықты қамтамасыз етуде аппараты бөліктің және математикалық қамсыздандырудың жоғары икемділігіне ие болады;
- болашақтағы күрделі жабдықтарджа жұмыс істеу үшін жоғары мамандалған қызметкерлер керек, ал ол арнайы шаралар кешенін қажет етеді.
Әлемдік тәжірибе бойынша өзіндік станок құрылыс дамуы мемлекеттің маңызды приоитетінің бірі. Қазіргі даму кезеңінде негізгі мақсаттарының бірі жоғары технологияларының жетістіктерін қолдану, күрделі ғылыми өнімдеерді құру болып табылады. Икемді өндірістік жүйеленржді өндіруме байцланысты маңызды ұйымдастырушылық техникалық шешімдер 2000 жылдыңғ басынан сынақты компьютерлі интеграцияланған өндірістерді (КИӨ) көзделді. Олар бұйымның өмір сүру циклінің: маркетинг, бұйымды құру, технологиялық процестерді құру, материалды қпамсыздандырылуы мен өндірісін дайындау, өнімді жасап шығару, ноны өткізу, икемді өндірістік жүйелерді іске кірісітіру процесінде қыщзмет ету мен пайдаланудан шыққаннан кейін жоюдың барлық мәселелерін шешекді. Бізлдің ойымызша КИӨ құрумен кешіктіру Қазақстанның технологиялық және тұтастай экономикалық қауіпсізілдігіне ұқатер тудырады.
Компьютерлді интеграцияланған өндірістер бпарлық КИӨ-ге ортақ үш ерекшекліңктерімен сипатталады. Біріншіден, бұл икемдіңлік. Яғни, жабдықтардың минималды ттоқтап тұруымен, өнімнің тұрақиты сапасы мен оның нарық жағдайында бәсекеге қабілеиттілігін қамтамасыз ете отырып бұйымның бір түрінен екіншішісін өндіруге көшудің мүмкіндігі. Екәінші ерекшелік – ақпараиттық технологиялар негізінде интеллекуалды есептерді шешетін, функционалдаудың оптималы режимін таңдайтын, кемшіліктерді тауып, оларды жоятын және т.б. мүмкңндңктерң бар «ойлайтын» мәшінелердің жаңа класы. Үшіншісі - өндірісті, мркетингті және ндірісті дайындауды (конструкторлық және технологиялық) ұйымдпастыратын күрделі интеллектуалды процестерді автоматтандырылыған түрде жүргізу.
Ғылыми және техникалық тұрғыдан күрделі өнімдерді шығаратын жоғарғы деңгейлі иекмділігі мен автоматтандыроылуы бар КИӨ мәшіне құрылысында автоматтандырылған зауыт (АЗ) атауына ие болды.
Мәшіне құрылысы саласы АЗ-да қажеттігін анықтайтын басты факторлар:
- өнімнің әр түріне тұтынушылардың тілектерінің дербесмтігінің артуы. Оларды уақытында қанағаттандыру тек өндіріс жоғары икемді болғанда мүмкін, ал оған тек бұймының өмір сүру циклін басқарудың барлық функцияларын автоматтандыру арқылы қол жектізуге бюолады.
- сапаға талаптардың қатаң болуы (өнімді сертификаттау тәжірибесінің кеңеюі және сапаның халықаралық стандарттарын ендіру). Бұл сауалдарды қанағаттандыру тек өндірістің барлық фазаларында технологиялық процесті автоматтандырылған бақылауы бар бағдарламалық басқару жабдықтарын пайдалану көмегімен мүмкін;
- технологиялық процестің автоматтандырылуы тек жоғары деңгейде болғанда ғылыми өнімге деген қажеттіліктің өсуі.
Автоматтандырылған зауыттың өндірістік жабдықтары әр түрлі технологиялық қызметтері бар икемді өндірістік жүйелер болып табылады. Осы жабдықтардың барлығы материалды және ақпараттық ағымдармен бітұтас өндірістік-ақпараттық АЗ кешеніне байланысқан.
Өндірісті басқарудың автоматтандырылу және ақпараттандырудеңгейінің жоғары болуы АЗ қызмет ететін адамдарға да – операторларға, инженерлерге, бухгалтерлерге, ғылыми жұмысшыларға және т.б. талаптарды өзгертеді. Автоматтандырылмаған өндіріске қарағанда аз физикалық күш жұмсаумен мұнда шешім қабылдау жауапкершілігі мен қажеттілігіне байланысты психологиялық ауыртпалық туындайды.
КИӨ-тің артықшылықтары оларды әр түрлі бұйымдарда жасау үшін: мәшіне құрылысы мен өнеркәсіптік роботтарды жасау және жеңіл өнеркәсіпте қолданудың кең аясын алдын-ала анықтады. Экономиканың көптеген салаларында КИӨ құрудың халықаралақ тәжірибесі әдістемелік бағыттары бойынша, ақпараттық ағымдарда құру қағидалары мен материалды ағымдарды ұйымдастыру бойынша бұл өндірістердің көп ұқсастықтары бар.
Кең технологиялық номенклатуралық станоктарды жасап шығаратын әлемдік алдыңғы ұатарлы фирмалардың тәжірибесіне сүйеніп, Қазақстан өнеркәсібіндегі актуалдық мәселелерді шешуде қазіргі автоматтандырылған зауыттарды тәжірибелі түрде қолдану жөн.
Оларды Қзазақстанда құрудың мақсаттары:
- Осындай жүйелерді құрудың тәжірибесін алу, қазақстандық мәшіне құрылысы саласының техникалық деңгейін елеуле түрде арттыру үшін ғылыми-техникалық базасын құру.
- Мәшіне құрылысында да, өнеркәсіптің басқа салаларында да пайдалануға жарамды жаңа бәсекеге қабілетті бұйымдарды, материалдарды, технологияларды, жабдықтарды, бағдарламалық-математикалық қамсыздандыруды, ұйымдастырушылық-техникалық құрылымдарды, білім базаларын құру.
- Еңбектің қоғамдануы. Жаңа дәуірді СББ бар компьютерлер мен технологиялық жабдықтарды қолдануға негізделген автоматтандырылған зауыттарда қоғамдалған процестерді пайдалану. Мұндай СББ кеңейтілген функционалдық мүмкіндіктері бар және акүрделі профессионалды білімдерді талап етеді және өз кезегімен бұл жұмыстарға жастарды тартады.
Автоматтандырылыған зауытты құру елеулі дәрежеде нақтылы шарттардан тәуелді. Ал бұл шарттар зауыт өніміне қойылдатын талаптармен, өндіріс көлемімен, басқа өндірістер мен жабдықтаушылармен кооперация деңгейімен, зауыттың қадлалық немесе басқа территорияда орналасуымен және т.б. факторлармен анықталады.
АЗ ұйымдасу құрылымының негізінде келесідей қағидалар жатыр:
- өндірістің толық жете мамандануы және кең кооперация;
- технологиялардың операциялардың интеграциясы мен өңдеу және жинаудың жиынтық технологиясын қолдану;
- басқарудың орталықтандырылмауы мен ақпаратпен қамтамасыз етілуі;
- өндіріс объектілерін рационалдау.
Сонымен қатар, АЗ құрудың жаңа қағидаларына ұйымдастыру мен басқарудың біртүтас функцияға бірігуі тән. Жалпы түрде автоматтандырылған зауыт бұл жабдықтаушы бұйымдар, буындар мен агрегаттарды өндірісі бар кооперациялық және ақпараттық байланыстар желісімен қосылған автономды басқарылатын икемді компьютерлі-интеграцияланған кәсіпорын.
Әрине, КИӨ пайдаланудан белгілі бір тиімділік болады:
Экономикалық эффект. АЗ құру туралы шешім қабылдау, ең алдымен, стратегиялық тиімділіктермен байланысты, бірақ бірқатар жағдайларда оларды сәйкесінше есептермен дәлелдеуге қиын. Әртүрлі кәсіпорындардың, әсіресе АЗ-ң инновациялық түрінің қызметінде инновациялық түрінің қызметінде инвестициялық технологиялардың маңызы зор. Бұл жаңа қорларды игеру процесінде негізгі қорлардың шығу мен сериялық бұйымдардың өркендеп жаңаруымен байланысты. Кәсіпорындардың инновациялық қызметінде инвестициялық технологиялардың маңызы зор. Бұл жаңа қорларды игеру процесінде негізгі қорлардың шығып кетуі мен сериялық бұйымдардың өркендеп жаңаруымен байланысты. Кәсіпорындардың инновациялық қызметі нарықтық экономика жағдайында ерекше мәнге ие болды. Өйткені бәсекелестердің әрекеттері тауарлардың сапасын арттыруға, олардың ассортиментін кеңейтуге, өзіндік құнын төмендетуге мәжбүр етеді.Бұл шаралар міндетті түрде шығындарды қажет етеді, ал олардың өз кезегімен орны басылуы тиіс. Осыған байланысты әрбір капитал салымы экономикалық негізделген болуы тиіс, яғни инвестор салынған қаражаттар қайтарылады деп сенуі қажет. Бірақ АЗ жағдайында инновациялық қызметтің табысы тек пайда, рентабельдік қайтарымдылық сияқты экономикалық критерийлердің көмегімен бағалана алмайды. АЗ үшін тиімділікті бағалаудың мұндай бағыты шектелген болып табылады. Себебі таза экономикалық тиімділікпен қатар басқа да эффекттер де (саяси, әлеуметтік, экологиялық және т.б.) болады.
Бүкіл өндірістік процеске қатысты инновацияларды табыс өсуінің немесе шығындар төмендетуінің көрсеткіштері бойынша бір сәтте өлшеу қиынға түседі. Өндірістік процестің рационалдауы жарамсыздық көлемін төмендетуде, өндірістік процестің уақытының қысқаруында, өнім сапасының артуында, өндірістің икемділігі мен тұрақтылығының өсуінде, сонымен қатар қоршаған ортаға зиян әсерінің төмендеуінде айқындалады.
Жоғары технология объектісін – АЗ құру – елеулі ивестияларды қажет етеді. Ал, оларда, өз кезегімен, өндірісті құру кезеңінде және қайта құрылымында белгілі бір шешімдермен байланысты экономикалық тәуекел болады. Осы себептен Қазақстанда АЗ құруда тәуекелді қысқарту мақсатымен мемлекеттік қолдау қажет.
Әлеуметтік эффект. АЗ ендіруде негізгі өгерістер «адам-мәшіне» жүйесінде өтеді: адам ой генерациясы, варианттарды бағалау, шешімдерді бағалау, техникалық қызмет көрсету функцияларын атқаруды жалғастырады, ал варианттардың айқындалуы аналитикалық дайындалуы, оптимизация мен шешімдерді жүзеге асыруға командалар беру ЭЕМ-ге жіберіледі. Өндірілген өнімде тек сандық және сапалық өзгерістер болып қоймай, адам еңбегінің мазмұнының өзі өзгереді. Ал бұдан кейін жеке тұлғаның да, бүкіл қоғамның да өмірінде өзгерістер болады.
Ең алдымен бұл – маманның квалификациясының өзгеруі, оның жауапкершілігінің артуы, себебі жұмысшының еңбегі инженер еңбегіне теңеледі. Ғылыми жабдықтарда қызмет етуде инженер-наладчик мамандығы ендіріледі. Күрделі жабдықтардың (ИӨК және т.б.) наладчигі қызмет етуші жабдыққтарда бұйымдарды өңдеу үшін басқару бағдарламаларын өздері құрады, ол тек бір мәшінені ғана емес, мәшінелер жүйесін басқаруы тиіс.
АЗ түрлі өндірістерге өтудің маңызды әлеуметтік жетістік – қызметкерлердің жұмыс уақытын қысқартып, бос уақытын арттыру. Бұл келешекте жұмыс күшін қысқарту, квалификацияны тұрақты түрде жоғарылатып тұру, төлемді демалыстардың ұзақтығын арттыру үшін мүмкіндік береді.
КИӨ өндірістік қызметте физикалық және ой еңбектерінің үйлесуін қамтамасыз етеді. КИӨ құру, ақпараттық және жаңа өндірістік технологияларды, сонымен қатар еңбекті ұйымдастырудың жаңа нысандарын ендіру тек өндіріс өнімділігі мен тиімділігінің артуына ғана алып келмей, адамның еңбегінің шығармашылық бастау рөлінің өсуіне көмектеседі.
Бірақ, КИӨ кезеңінің басталуы адамдарға тек тиімділікті әкеп қана қоймай, бірқатар әлеуметтік проблемаларды туғызады:
- АЗ өмір циклінің барлық элементтері бойы автоматизация деңгейінің артуы қызмет етуші жұмысшылардың квалификациясына жаңа талаптар қояды. АЗ құруда кадрларды дайындауға шығындар зауттың жалпы құнынан 10 %-ын құрайды, жоғары білімі бар жұмысшылар үлесі 50 %-ға дейін жетеді.
- АЗ дамуы зауыт мамандарын даярлауға және қайта даярлау үшін өзіндік зерттеуші және оқытушы кадрларды құруды талап етеді. АЗ жағдайында мамандықтары үйлестіруге және квалификациясын қайта-қайта жоғарылатуға тура келеді.
- Квалификация еңбекті бағалаудың жалғыз критерийі болмайды, өйткені еңбек коллективті болады. Еңбекті бағалаудың жаңа критериийлері пайда болады, мысалы, мамандықтарды үйлестіруге, еңбектің коллективтілігінің қабіелеттілігіне байланысты. Онда әр қызметкер бпасқаның орнын алмастыра алады. Осы критерийлерді қанағаттадыратын еңбек қызметкерлердің квалификациясына қойылатын талаптарды анықтайды.
- АЗ профессионалды-квалификациялық құрылымды қайта құру процесі күрделі құбылыс. Оның өзіндік шектері мен тенденциялары бар: кейбір жағдайларда еңбектің интеллекуалдылығы жүзеге асырылады, басқаларында керісінше,физикалық функциялардың рөлі артады.
- Персоналды қайта оқытудың, оны өндірістік жағдайларға бейімдету проблемаларынан басқа, АЗ жұмысының маңызды аспектісі бар: компьютерлендірумен байланыстыжаңа өндірістік операциялардың пайда болуы. Олар жұмысшы әрекеттерінен қатаң тиянақтылықты қажет етеді. Физикалық еңбекпен байланысты зорлануы сезім органдарына, жүйке жүйесіне ықпал етумен алмасады. Нәтижесінде АЗ қызметкерлерінің еңбек жағдайлары нашарланып, өндірістік травматизмнің жаңа нысандарының алғышарттары пайда болады. Адамның өндірістік ортадағы өзгерістерге бейімделу проблемасын барынша кемітуге тырысып, мамандар эргогмика құралдарына сүйенеді, «адам-мәшіне» жүйесінде адамның өзінде туындайтын шектемелерді есептеудің тәсілдерін іздейді.
- КИӨ дамуы өзінен-өзі еңбек нарығындағы жағдайдың тұрақтандыруына алып келмейді. Бүгінгі автоматизация деңгейі үшін әлеуметтік мәселе – жұмыссыздықтың бірнеше мамандықтар бойынша еңбек күшіне қанағаттандырылмаған сұраныспен қатар тұруы. АЗ қызметкекрлеріне қойылатын талаптардың бірі ЭЕМ саласында білімдермен қатар, өндірістік процесте үнемі болып жататын өзгерістерге бейімделу қабілеттілігі.
АЗ құруда автоматтандырылған мәшіне жүйесінде адам еңбегінің қоғамдану мәселесі тәжірибелік сипатқа ие болуда. Әсіресе, адамның анатомиялық, физикалық, экологиялық және психологиялық мінездемесіне ерекше көңіл бөлінеді. Компьютерлендіру нәтижесінде жұмыс орындарында ақпараттың көлемі кеңейтіледі, ал бұл технологиялық және ұйымдастырушылық процестерді және т.б. басқаруда белсенді басқаруға мүмкіндік береді.
Тәжірибенің көрсетуі бойынша, технологиялық, экологиялық ұйымдастырушылық және адамның өзара әрекеттесуінің нәтижесінде ғана жаңа технологияларды ендіру табысты деп есептеледі. Еңбектің қоғамдану тек жағымсыз жағдайларды жою, стресс болуын төмендету ғана емес, сонымен қатар жұмыстың жетілдіруін, әр қайсысының еңбегін жеке ұйымдастыруды, яғни еңбек бақыт әкелетіндей етіп жағдай жасауды көздейді.
Еңбектің қоғамдануы – АЗ құру жолында шешілуге тиісті негізгі мәселелердің бірі. Қазіргі өндірісте адамға жағымсыз әсер ететін көздер – психологиялық және ой ауыртпалығы: шу, бірқалыптылық, операцияларды тез орындау, ақпараттың үлкен көлемдерін аналитикалық өңдеу, түнгі сменадағы жұмыс және т.б. Сонымен қатар жаңа факторлардың пайда болуы – адамның басқа жұмысшылардан әлеуметтік бөлінуі. Бұл кезде оператор техникамен бірге қалады да, ол өзінің бірге істейтін қызметкерлерімен араласа алмайды. Сонымен қатар, техникалық кемшіліктер де болуы мүмкін, мысалы видеотерминал құрылысы адамның визуальды тітіркенуін туғызады да, жұмыстың тиімділігін және тиянақтылығын жоғалтуға алып келеді.
Жоғарыда айтылғандай, еңбектің қоғамдануы санитарлық-гигиеналық жағдайлары да, қауіпсіздіктің дамыған техникасын ендіруді де қамтиды. Ол үшін мәліметтер банкісін ұйымдастыруға және еңбекпен денсаулыққа жасалатын жағдайлардың, еңбек тартымдылығы арасында тәуелділіктерді бекітуге, профессионалды аурулар, олардың техникалдық шешімдер мен ұйымдастырушылық шараларға әсері саласында негізделген зерттеулер жүргізуге назар аудару қажет.
Экологиялық эффект. АЗ маңызды проблемалардың бірі қоршаған орта мен өндірісте қызмет ететін адамдардың денсаулығын қорғау болып табылады. Соңғы жылдары экология мәселелері бойынша қатты көңіл аударуы өнеркәсібі дамыған елдерде заң шығаруда байқалады. ЕО елдерінде және АҚШ-та адам денсаулығына технологиялық жабыдқтарды қолдануда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған көптген нормативтік актілер қабылдаған.
АЗ құруда ауа бассейнін қорғауға үлкен көңіл бөлінеді. АЗ қыметіне байланысты атмосфераны ластаудың көздері технологиялық жабдықтардың жұмыс істеуінде шығатын зиянды заттар: түрпілі және металды шаң, еріткіштер булары, бояулар аэрозольдер, майлы-суытқыш сұйықтық (МСС) булары болып табылады. Осы себептен де АЗ жобасын құруда зауытты қоршайтын территорияны ағаштардың «қорғаушы» түрлерімен көріктендіруге көзделеді. Сонымен қатар зауытта қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаға айқын қауіпті технологияларды қолданбайды. Ал егер мұндай процестер қажет болса, онда қосымша экологиялық қорғанысты қамтамасыз етеді.
Өндірістік мекемелерде максималды экологиялық тиімділікті қамтмасыз ету үшін отандық АЗ жобаларда келесідефй қағидалар болды:
- материалдардың қалдықтарын минималдауды қамтамасыз ететін технологияларды қолдану, қалған қалдықтарды қайта өңдеу;
- технологиялық жабдықтарды істейтін жұмысшыларды ММС кесуден, булар мен аэрозольдерден кабинеттерді қорғау;
- технологиялық материалдардың (су және т.б.) шығындарын қысқарту;
- өнімді бояуда ауа мен қызметкерлерді қорғау шаралары.
Қорытындылай келе, Қазақстанның АЗ пен ИӨЖ құру бойынша тәжірибесі қызығушылық тудырады. Егер оған қазір назар аудармаса, осы саланың орны толытырылмай, мемлекеттің болашағы тек импортқа тәуелді болады.
Қазір Қазақстан стратегиялық таңдау алдында тұр. Бұл таңдау оның онжылдықтарағ тағдырын шешеді. Мұндай таңдаудың қажеттігі ішкі және сыртқы факторлармен шартталған. Бүгінгі таңда экономика қайта қалпына келу фазасына келді. Бірақ жоғары макроэкономикалық берген даму импульстері салыстырмалы айтқанда таусылды. Экономикалық өсудің ішкі көздерін іздеу қажет. Олардың арасынан бәсекеге қабілеттілікті арттыру, отандық өнім өндірісін және ішкі және сыртқы нарықтарда сатуды кеңейту. Ал бұл технологиялық өзгерістерсіз мүмкін емес. Ал бқұл қазір күрделеніп келе жатқан мәселелерді шешудің амалы. Егер Қазақстан бұл процеске қосылудан бас тартса, ол әлемдік ғылыми-техникалық прогрестен артта қалып, қуатты жоғары технологиялы шетелдік трансұлттық компаниялар үшін табиғи шикізат пен өткізу нарығының көзі ретінде бақылауынан тәуелді болуы ықтимал.
Қорытынды
Дамыған елдер тәжірибесі бойынша тек қана нарықтық принциптер негізінде материалдық-техникалық базаның қалыптасуы мүмкін емес. Елдегі инновациялық даму мемлекеттің араласуынсыз оң нәтиже бермейді, сондықтан инновация мен инвестиция мемлекеттік реттеудің оьбектісі болып табылады.
Көптеген дамушы елдер табиғи ресурстарға бай бола тұра, тұрақты дамуға қол жеткізе алмады. Қысқа мерзімде шикізат экспорты бұл елдердің мемлекттік қазынасына табыс әкеліп, тұрғындардың әл-ауқатын көтереді. Алайда, уақыт өте келе жоғары табыс экономиканы құлдыратады, яғни мемлекетті шикізат экспортынан және оның рыноктағы жағдайынан тәуелді етіп, шикізатты аз қажет ететін жаңа саланың дамуын ынталандырмайды және шикізатты күндердің күнінде таусылатынын еске алсақ, бұл мәселенің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Дәл осы жағдайдан шығудың бірақ жолы бар, ол – жоғары технологиялық өндірісті дамыту.
Қазіргі таңда ел экономикасы дамудың шешуші факторлары – ғылым мен инновациялық технологиялар екеніне күннен-күнге көз жеткізіп келеміз.
Дүниежүзілік экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстанның қазіргі таңдағы экономикасының дамуында мынадай мәселелер орын алуда:
- экономиканың бір жақты шикізатты бағыттылығы;
- әлемдік экономикаға ықпалдасудың әлсіздігі;
- ел ішіндегі салааралық және өңіраралық ықпалдасудың босаңдығы;
- ішкі рынокта тауарлар мен қызметтерге тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика);
- өндірістік және әлеуметттік инфрақұрылымның жеткілікті дәрежеде дамымауы;
- кластерлік желілердің дамымауы, яғни кәсіпорындардың бір орталыққа шоғырланбауы;
Осы мәселелерді шешу қызметі барысында стратегияның келесі міндеттерін атап өтсе болады. Стратегияның міндеттері:
- өңдешуі өнеркәсіпте орташа жылдық өсу қарқынының 8 – 8 ,4 % мөлшерінде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнімділігін кемінде 3 есе арттыру және ЖІӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету;
- өңдеуші өнеркәсіптің негізгі қорларының өнімділігін арттыру;
- кәсіпкерлік құрылымды қалыптастыру, бәсекелестік артықшылықты жетілдіретін қоғамдық институттарды қамту, қосылған құнға барынша қол жеткізе отырып, нақты өндірістерде қосылған құн тізбегіндегі элементтерді игеру;
- ғылымды көп қажет ететін жәнежоғары технологиялық экспортқа негізделген өндірістер құруды ынталандыру;
- сапаның әлемдік стандартына көшу;
- дүниежүзілік ғылым – техникалық және инновациялық процестерге қосыла отырып, өңірлік және дүниежүзілік экономикамен ықпалдасуды күшейту.
Осы стратегияны іске асыру мерзімі 2003-2015 жылдарды қамтиды және ол даму барысында келесідей кезеңдерден тұрады:
І кезең. 2003-2015 жылдар аралығын қамтиды;
ІІ кезең. 2005-2010 жылдар аралығын қамтиды;
ІІІ кезең. 2010-2015 жылдар аралығын қамтиды.
Қорытындылай келе, Қазақстанның АЗ пен ИӨЖ құру бойынша тәжірибесі қызығушылық тудырады. Егер оған қазір назар аудармаса, осы саланың орны толытырылмай, мемлекеттің болашағы тек импортқа тәуелді болады.
Қазір Қазақстан стратегиялық таңдау алдында тұр. Бұл таңдау оның онжылдықтарағ тағдырын шешеді. Мұндай таңдаудың қажеттігі ішкі және сыртқы факторлармен шартталған. Бүгінгі таңда экономика қайта қалпына келу фазасына келді. Бірақ жоғары макроэкономикалық берген даму импульстері салыстырмалы айтқанда таусылды. Экономикалық өсудің ішкі көздерін іздеу қажет. Олардың арасынан бәсекеге қабілеттілікті арттыру, отандық өнім өндірісін және ішкі және сыртқы нарықтарда сатуды кеңейту. Ал бұл технологиялық өзгерістерсіз мүмкін емес. Ал бқұл қазір күрделеніп келе жатқан мәселелерді шешудің амалы. Егер Қазақстан бұл процеске қосылудан бас тартса, ол әлемдік ғылыми-техникалық прогрестен артта қалып, қуатты жоғары технологиялы шетелдік трансұлттық компаниялар үшін табиғи шикізат пен өткізу нарығының көзі ретінде бақылауынан тәуелді болуы ықтимал.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- М. Тодоро « Экономическое развитие» - М. 1995 г., 15 бет
- Аубакиров Я. А «Экономикалық теория» - 1999ж. Алматы, 135 бет
- Костюк В.К «История экономических учений» М-1997 г. 57 бет
- Х. Худокормов В. «История экономических учений» -М. 1994г., 237 бет
- А.Смит. Исследования о природе и причинах богатства народов.М: 1991, с15
- Курс предпринимательства В. Я. Горфинкель, В.А. Швандер – М.1997 г. «Экономика».
- А.С. Храпунов. «Региональная экономика г.Алматы». –А. 2000г.
- Тургинбаева С.А. Менеджмент в малом бизнесе. Алматы. 2000г.
- Оразәлі Сәбден. XXΙ ғасырға қандай экономикамен кіреміз. – Алматы: Қазақстан, 1997. – 192 б.
- Баймұратов О. Национальная экономическая система. – Алматы: Атамұра, 2001. –С.192
- Ахметгалиев Б. 10 лет: Казахстан и интеграция. – Алматы: Атамұра, 2001. – С.192
- Аубәкіров Я.А. Экономикалық теория. (авторлармен бірлесе) Алматы, 1999. – 78б
- Алиев О.Ж. Общая теория и структура предмета теоретической экономики как научной дисциплины. Алматы, 2002. – 111б.
- Рикардо Д. Соч. Т.» М, Госполитиздат, 1955, с. 89
- Человеческое развитие в Казахстане. – учебник / под общ. Ред. Н.К. Мамырова и Ф.Акчуры. – Алматы: Экономика, 2003. – С10
- К. Маркс, Ф.Энгельс. Соч. Т.46, ч2,с221
- Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика. Пер. С англ. М., Дело ЛТД. М: 1992г. с56
- Друкер П. Рынок: как выйти в лидеры. Практика и принципы. М: СПб. – ГМП «Форматика», 1992. -164с.
- Шеденов У.К., Ильясов Д.К. Теория маркетинга и менеджмента в сфере услуг (уч. пособие). Алматы: Қазақ университеті, 2002, с.6-7
- Гэлбрейт Дж. Экономические теории и цели общества. – М.: Прогресс, 1976
- Иноземцев В. Структурирование общественного производства в системе постиндустриальных координат (методолого – теоретические аспекты). – РЭЖ, 1997, 11-12, с59-68
- Марцинкевич В.И. США:человеческий фактор и эффективность в экономике. М, Наука, 1991. стр 17.
- Шеденов У.К. Сфера обслуживания: экономика развитого социализма и удовлетворение насущных потребностей народа. Алма – Ата, Казахстан, 1983. - с224
- Есентугелов А. Путь Казахстана к рынку был долгим и тернистым, но не напрасным (к десятилетию экономических реформ) / Экономика и статистика. – 2001. №2. – С.11-15
- Л. Эрхард. Благосостояние для всех. – М.: Дело, 2001. С332
- Сатубалдин С.С. Азиатский кризис и экономика Казахстана / Материалы Международной конференции, посвященной 10 – летию независимости РК. – Алматы, 2001. Часть1. – С.49
- Кабдиев Д.К. Рост государственного регулирования в условиях к переходу к рынку / Материалы международной конференции, посвященной 10-летию независимости РК. – Алматы, 2001. – Часть1. – С.49
- Оспанов С.С. Модели межотраслевого баланса – основной инструмент стратегического планирования / Материалы международной конференции, посвященной 10 – летию независимости РК.– Алматы: Қазақ университеті, 1998. - с166
- Елемесов Р.Е. Переходная экономика: проблемы методологии и теории. – Алматы: Қазақ университеті, 1998. - с166
- Шеденов У.К. Региональные аспекты комплексного развития экономики РК в условиях перехода к рыночным отношениям / Вестник КазГУ. Серия экономическая. 1999. №17 – С48
- Парамонов В.В. Экономика Казахстана (1990-1998гг.). – Алматы: Ғылым, 2000. – С41
- Мамыров Н.К. Ихданов Ж. Государственное экономики в условиях Казахстана. – Алматы: Экономика, 1998. – С. 21
- Қазақстан Республикасының идустриалдық – инновациялық дамуының 2003 – 2015 жылдарға арналған стратегиясы. – Алматы. – 2003. б52
- Есайдар У.С. Кәсіпорынлардың инновациялық қызметін мемлекет тарапынан реттеу қажеттілігі. ҚазҰУ хабаршысы, экономика сериясы.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024