«Елбасының «елдімекендерді газдандыру» жөніндегі бесінші бастамасын орындау мәселесі талқыланды
Астана. 6 қыркүйек. 7kun.kz - Астанада «Елбасының «елдімекендерді газдандыруды» әлеуметтік жаңғырту жөніндегі бесінші бастамасын орындау мақсатында табиғи газ өндіруді дамытуға» Ғылыми-техникалық кеңестің 26-отырысы өтті, деп хабарлайды 7kun.kz тілшісі.
KAZENERGY Төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалин төрағалық еткен жиынға ҚР Энергетика министрлігінің, ҚР ИДМ Геология және Жер қойнауын пайдалану комитетінің, CNPC International (Kazakhstan) Ltd, «НИПИнефтегаз», «АтанатикТрансГазСистема» АҚ өкілдері қатысты.
Жиын барысында газ сегментін дамыту, елдің кен орындарында газ бүркембесін жасауға айтарлықтай инвестициялар тарту тақырыптары талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша KAZENERGY Төрағасының кеңесшісі Арман Сатимов Қазақстанды газдандыру коэффициентін бөлу желілері бойынша жеткізілетін газды ғана емес, сондай-ақ СПБТ, КПГ, СПГ сияқты газдың әртүрлі деривативтерінің тұтынатын көлемін де есепке ала отырып санауды ұсынды, бұл республика бойынша барынша объективті жағдайды көрсететін болады. Сонымен қатар ол сарапшыларға «Ұлттық энергетикалық баяндама 2019» жобасы шеңберінде газ саласы бойынша ұсыныстарды даярлауға қатысуды ұсынды.