Алматы. 25 сәуір. 7kun.kz – Үй шаруашылықтарын зерттеу деректері бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2018 жылы 4,3% құрады. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Стататистика комитеті хабарлады.
Сонымен қатар, қалалық және ауылдық жердегі табыстардың айтарлықтай саралануы сақталуда. Осылайша, қалалық жерде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2,5%-ды, ал ауылдық жерде 6,7%-ды құрады. Ауылдық жердегі кедейліктің деңгейі қалалық деңгейден 2,7 есеге жоғары.
Өңірлер бөлінісіндегі кедейлік деңгейін қарастыратын болсақ, 2018 жылы кедейліктің ең жоғары мәндері Түркістан (10,6%), Шығыс Қазақстан (6,3%) облыстарында, ең аз үлесі – Нұр-Сұлтан (0,9%) қаласында байқалғанын атап өткен жөн.
Өңірлік бөліністе елді мекен типі бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халық үлесінің саралануы бойынша ауылдық жерлерде кедейліктің жоғары мәндері Шығыс Қазақстан (11,7%), Түркістан (11,1%) және Маңғыстау облыстарында (7,3%) байқалғанын көруге болады.
Табыстарды бөлудегі саралануды бағалау үшін табыстары үлестері бойынша халықтың әрбір 10 пайыздық топтары табыстарының жалпы көлемі бойынша салыстырмалы деректер қолданылады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024