Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Еліміздегі ең кедей облыс анықталды

Еліміздегі ең кедей облыс анықталды

Алматы. 25 сәуір. 7kun.kz – Үй шаруашылықтарын зерттеу деректері бойынша табысы ең төменгі күнкөріс  деңгейінен төмен халықтың үлесі 2018 жылы 4,3% құрады. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Стататистика комитеті хабарлады.

Сонымен қатар, қалалық және ауылдық жердегі табыстардың айтарлықтай саралануы сақталуда. Осылайша, қалалық жерде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2,5%-ды, ал ауылдық жерде  6,7%-ды  құрады. Ауылдық жердегі кедейліктің деңгейі қалалық деңгейден 2,7 есеге жоғары.

Өңірлер бөлінісіндегі кедейлік деңгейін қарастыратын болсақ, 2018 жылы кедейліктің ең жоғары мәндері Түркістан (10,6%), Шығыс Қазақстан (6,3%) облыстарында, ең аз үлесі – Нұр-Сұлтан (0,9%) қаласында  байқалғанын  атап өткен жөн.

Өңірлік бөліністе  елді  мекен типі  бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халық  үлесінің саралануы  бойынша ауылдық жерлерде кедейліктің жоғары мәндері Шығыс Қазақстан (11,7%), Түркістан (11,1%) және  Маңғыстау облыстарында (7,3%) байқалғанын көруге болады.

Табыстарды бөлудегі саралануды бағалау үшін табыстары үлестері бойынша халықтың әрбір 10 пайыздық топтары табыстарының жалпы көлемі бойынша салыстырмалы деректер қолданылады.

Похожие материалы