Астанадағы Red speed жүйесі арқылы жалпы құны 133,5 млн теңге болатын 8,5 мың жол жүру ережесінің бұзылғандығын тіркеді. Бұл туралы қаладағы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлайды.
"Үш ай ішінде көлік түрлерінің 8328 рет жол жүру ережесін бұзғандығы тіркелді. 133,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынған", -деді Астана ІІД-нің әкімшілік полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Хабарламада жазылғандай, сақтандыру шаралары аясында автотранспорт пен жүргіншілердің қарқынды қозғалысы орындарында 70 бақылау жүйесі яғни 57 автоматты Red speed жүйесі және жол қозғалысын бақылайтын 13 «Интегра- КДД» жүйесі орнатылған.
Әкімшілік полициясынан хабарлағандай, орнатылған құрылғылар адамдардың қатысуынсыз автоматты режимде жұмыс істейді. Барлық тіркелген ереже бұзушылықтар ІІД-нің әкімшілік полиция басқармасының процессингілік орталығына жіберіледі. Полицейлердің атап өтуінше, соңғы жылдағы сараптамадан Red Speed орнатылған жерлерде адам құрбаны бар жол апаты тіркелмеген.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024