Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Елтаңбадағы «Қазақстан» деген жазумен қатар тағы не өзгереді?

Елтаңбадағы «Қазақстан»  деген жазумен қатар тағы не өзгереді?

Алматы. 14  маусым. 7kun.kz - Еліміздің елтаңбасына бірқатар өзгеріс жасалады.  Басты өзгеріс «Қазақстан» деген жазу латын әріптерімен жазылады.

КТК телеарнасының хабарлауынша мемлекеттік рәмізде бұрын ескерілмеген кем-кетік те түзелмекші. Тиісті құжат қазір Парламентте қаралып жатыр. Сенат «Мемлекеттік рәміздер туралы» заң жобасын келесі аптада қарауы тиіс. Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібековтің бұрын ескерілмеген жайларды бар жаңа өзгеріске енгізіп жіберетін ойы бар екен.

«Кереге тұр ғой Елтаңбада. Керегенің басы немен бекітіледі? Керегенің басы  көк деген түймемен, шарнир дейді. Сонымен бекітіледі. Былай қарасаң керегенің шарнирі көрсетілмеген. Соны көрсетсем бе деп отырмын», - дейді ол КТК телеарнасына берген сұхбатында.

 

Похожие материалы