«Атамекен» ҰКП алдағы 2 жылдағы кадр қажеттілігіне талдау жасады, деп хабарлайды 7kun.kz.
2021 жылдың 1 желтоқсаны мен 2022 жылдың 4 наурызы аралығында «Атамекен» ҰКП кәсіпкерлер арасында сауалнама жүргізіп, олардың алдағы 2 жылдағы кадр қажеттілігіне талдау жасады.
Сауалнамаға 32 мың кәсіпкерлік субъектілері қатысты. Оның ішінде 9,5 мың кәсіпорын кадр тапшылығын атап өтті. Ал 112 кәсіпорын персоналды оңтайландыруды жоспарлап отыр.
ҰКП талдау деректері бойынша 2022-2024 жылдары өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, ауыл шаруашылығы, білім беру және сауда сияқты ең үлкен қажеттілікті сезінеді. Бұл ретте ең аз қажеттілігі бар салаларда (сумен жабдықтау, жылжымайтын мүлік) штатты қысқарту талап етілмейді.
Еңбек нарығында біліктілігі орташа және төмен мамандықтар көбірек сұранысқа ие: аспаз, тігінші, сатушы, қосалқы жұмысшылар, тракторшылар, техникалық жөндеушілер.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024