Енді Kaspi.kz және Halyk Homebank мобильді қосымшалары арқылы Цифрлық құжаттарға қол жеткізуге болады
Қазақстандықтар арасында танымал Kaspi.kz және Halyk Homebank мобильді қосымшаларына «Цифрлық құжаттар» қызметі енгізілді. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады.
Енді Kaspi.kz және Halyk Homebank қосымшаларындағы мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінде азаматтар «Цифрлық құжаттар» сервисін көре алады.
Жүйеге кіру кезінде пайдаланушы бір реттік пароль арқылы цифрлық құжаттарды қолдануға келісімін беруі керек, келісімсіз деректер сыртқы платформаларға жіберілмейді. Клиентті сәйкестендірудің бұл механизмі жоғары қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және үшінші тараптардың алаяқтығының алдын алады. Сұраныс орнында цифрлық құжатты ұсыну үшін QR кодты немесе қысқа алты таңбалы кодты пайдалану қажет.
«Цифрлық құжаттар» азаматтар арасында үлкен сұранысқа ие және құжаттардың түпнұсқасын өзіңізбен бірге алып жүрудің қажеті жоқ – барлығы смартфонда, қазірдің өзінде оларды 10 миллионға жуық адам тұрақты түрде пайдаланады. Бұл сервисті одан әрі ыңғайлы ету үшін біз қызметті қазақстандықтар арасында танымал үшінші тарап платформаларына енгізіп жатырмыз, бірақ бұл функция азаматтың келісімімен ғана қолжетімді болады», – деді ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.
Түсіндіре кетейік, Цифрлық құжат – құжаттың түпнұсқасының баламасы болып табылады. Қазіргі уақытта «Цифрлық құжаттар» сервисі 10 млн.жуық азамат белсенді пайдаланатын 18 құжаттан (жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, вакцинация паспорты, ПЦР тест және туу туралы куәлік және т. б.) тұрады.
Бүгінде цифрлық құжаттарды еліміздің барлық әуежайларында, «ҚТЖ» АҚ теміржол вокзалдарында пойызға отырғызу кезінде, «Отбасы Банк» АҚ бөлімшелерінде, Beeline ұялы байланыс операторында, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер мен нотариустардан қызмет алу кезінде пайдалануға болады.
Айта кетейік, Бұрын цифрлық құжаттарды тек eGov Mobile қосымшасы арқылы ғана пайдалануға болатын.