Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Skype-ты тіркелмей-ақ қолдануға болады

Skype-ты тіркелмей-ақ қолдануға болады

Енді Skype мессенджері арқылы қолданушылар аккаунты жоқ достарымен емін еркін сөйлесе алады. Оған қосылу үшін шақыру сілтемесін қолдану керек. Бұл туралы vc.ru жазады.

Қолданушы чат құру кезінде шақыру сілтемесін көшіріп алып, оны өзі сөйлескісі келетін достарына жібере алады. Сілтемені алған жақ Skype сервисінің веб-хабары арқылы өзіне уақытша ат таңдап алып, әңгімеге қосылуына болады.
Қазіргі уақытта шақыру қызметі АҚШ және Ұлыбритания елдерінде қолжетімді. Компанияның мәлімдеуінше, аталған қызмет түрі әлемдік қолданушыларға бір-екі апта ішінде  пайдалануға беріледі.Skype-ты уақытша қолданушылар басқа тіркелген қолданушылар сияқты, видеоқоңырауларды, хабарламаларды көре алады. Ал мобильдік құрылғыны пайдаланушылар міндетті түрде сервистің қосымшасын өздеріне жүктеуі керек.

Похожие материалы