Еуропалық Одақ кеңесі Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруін қолдайтын ресми ұстанымын жариялады. Бұл туралы ЕО кеңесінің нормативті құжатында жазылған.
Шешім 2015 жылдың 20 шілдесінде қабылданған. ЕО өзінің ұстанымын 27 шілдеде өтетін ДСҰ-ның бас кеңесіне дайындаған. ДСҰ-ның бас кеңесі Қазақстанның ұйымға кіруі туралы сұрақты талқылауы қажет. Осыған дейін Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі туралы хаттама қазан айының соңына дейін республика арқылы заңмен рәсімделуі қажет деп хабарланған еді. Бұл туралы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасынан мәлімдеді. "Осы жылдың 22 маусымында Қазақстанның ДСҰ-ға енуі туралы құжаттар пакеті дайындалып, ресми қабылдану үшін ДСҰ-ның бас кеңесіне берілді. Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі туралы хаттаманы ратификациялау 2015 жылдың 31 қазанына дейін жүзеге асырылуы қажет",- делінген еді ұлттық палатаның баспасөз баяндамасында. Ратификациялау жүзеге асырылғаннан кейін 30 күннен соң Қазақстан ресми түрде ДСҰ-ның 162-мүшесі болады. Айта кетейік, осыған дейін арнайы жұмыс тобы Қазақстанның ДСҰ-ға енуі туралы келіссөздердің ресми түрде аяқталғанын хабарлады.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024