Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ЕО кеңесі Қазақстанның ДСҰ-ға енуіне қолдау білдірді

ЕО кеңесі Қазақстанның ДСҰ-ға енуіне қолдау білдірді

Еуропалық Одақ кеңесі Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруін қолдайтын ресми ұстанымын жариялады. Бұл туралы ЕО кеңесінің нормативті құжатында жазылған.

Шешім 2015 жылдың 20 шілдесінде қабылданған. ЕО өзінің ұстанымын 27 шілдеде өтетін ДСҰ-ның бас кеңесіне дайындаған. ДСҰ-ның бас кеңесі Қазақстанның ұйымға кіруі туралы сұрақты талқылауы қажет. Осыған дейін Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі туралы хаттама қазан айының соңына дейін республика арқылы заңмен рәсімделуі қажет деп хабарланған еді. Бұл туралы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасынан мәлімдеді. "Осы жылдың 22 маусымында Қазақстанның ДСҰ-ға енуі туралы құжаттар пакеті дайындалып, ресми қабылдану үшін ДСҰ-ның бас кеңесіне берілді.  Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі туралы хаттаманы ратификациялау 2015 жылдың 31 қазанына дейін жүзеге асырылуы қажет",- делінген еді ұлттық палатаның баспасөз баяндамасында. Ратификациялау жүзеге асырылғаннан кейін 30 күннен соң Қазақстан ресми түрде ДСҰ-ның 162-мүшесі болады. Айта кетейік, осыған дейін арнайы жұмыс тобы Қазақстанның ДСҰ-ға енуі туралы келіссөздердің ресми түрде аяқталғанын хабарлады.

Похожие материалы