Астана. 26 мамыр. 7kun.kz - Еуропаның қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) "ҚазТрансГаз" АҚ екі жобасын жүзеге асыру үшін 294 млн еуро бөледі. Бұл жөнінде компанияның баспасөз-қызметі хабарлайды.
ЕҚҚДБ президенті Сума Чакрабарти мен "ҚазТрансГаз" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Шәріпбаев Астана қаласында келісімге қол қойды. Келісім еліміздің газ саласындағы бірнеше жобаларды қаржыландыру туралы жасалған. «Қолға алынғалы жатқан барлық жаңа жобалар еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға және энергетикалық қауіпсіздікке бағытталған. Былтырғы жылы ҚазТрансГаз ірі екі жобаны жүзеге асырды. Атап айтқанда, Қазақстан - Қытай газ жолының үшінші тармағы мен Бейнеу - Бозой - Шымкент газ құбыры пайдалануға берілді. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде серіктестердің сеніміне ие болып отырмыз. Сол себепті алдағы уақытта да ЕҚҚДБ-мен бірлесіп жұмыс жасаймыз деп ойлаймын. Қазірдің өзінде энерготиімділік саласында техникалық серіктестік пен инвестиция тартудың жаңа мүмкіндіктерін қарастырып жатырмыз», - дейді Қайрат Шәріпбаев. Келісім бойынша қаражат "Бозой" газ қоймасының күрделі жөндеуі мен қайта құруына жұмсалады. ЕҚҚДБ-ның екіншісі жобасы аясында 52 млн еуроны "ҚазТрансГаз Аймақ" АО-ға бөлінеді. Маңғыстау, Ақтөбе сынды аймақтарда газ таратқыш желілерді қайта салуға және жөндеу жүргізуге жұмсалады. Соның арқасында табиғи газды тұтынушылар санын 12 мыңға көбейту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, жобанының жүзеге асуы мен аймақтардағы негізгі өнеркәсіптік нысандар жанармайдың экологиялық түріне ауысуы өндірісті ұлғайтып, жұмыспен қамтылу өсіп, экологиялық ахуал жақсаратын болады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024