Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Еркін сөз» шығармашылық байқауы аяқталды

«Еркін сөз» шығармашылық байқауы аяқталды

Алматы. 7kun.kz. 13 желтоқсан - Алматыда Түркітілдес журналистер қорының ұйымдастыруымен өткізілген «Еркін сөз-2018» шығармашылық байқауының жеңімпаздары марапатталды.

«Халық банкі» АҚ (бас демеуші), Elmura, Zugo, Technodom, Kazakhstan Hotel, Tonus фитнес залы, MÜSIAD, TÜKİB демешілігімен өткен байқау осымен екінші рет өтті. Байқауда «Үздік мақала» аталымы бойыншаБас жүлдеге  «Ана тілі» газетінің тілшісі Дина Имамбаева ие болды. Ынталандыру сыйлығын «Сарыарқа самалы» газетінің тілшісі Мұрат Аяғанов, «Алғыс хатты» - «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Арнұр Асқаров алды. «Сайттағы үздік мақала» аталымы бойынша Бас жүлде - (egemen.kz) «Егемен Қазақстан» газеті ресми сайтының тілшісі Бауыржан Мұқанға, ынталандыру сыйлығы - abctv.kz Фархат Əміреновке, «Алғыс хат» - abctv.kz тілшісі Қанат Махамбетке берілді. «Үздік телесюжет» аталымында Бас жүлдеге «Хабар24» телеарнасының тілшісі Мерей Мұратханқызы, ынталандыру сыйлығына «Жетісу» телеарнасының тілшісі Алмат Талғатұлы ие болды. «Еркін сөз» шығармашылық байқауына белсене қатысқаны үшін Гүлбаршын Сабаева ("Информбюро"), Даяна Тоқберген ("Заң" газеті), Ақбота Мұсабек ("Ана тілі" газеті) арнайы марапатталды. Байқаудың марапаттау салтанатында Түркітілдес журналистер қорының жанынан құрылған Жас журналистер мектебінің тəлімгерлері де «Алғыс хатпен» марапатталды. Айта кетейік, «Еркін сөз» шығармашылық байқауына қаржы, экономика, шағын және орта кәсіпкерлік, туризм т.б. салалар туралы қазақ тіліндегі материалдар қабылданды. Биылғы байқауға «Үздік мақала», «Үздік телесюжет», «Сайттағы үздік мақала» аталымдары бойынша Қазақстанның барлық аймағынан БАҚ өкілдері қатысқан. Бас жүлдеге 500 000 теңге көлемінде сыйақы тағайындалса, Ынталандыру сыйлығына 50 000 теңге сыйақы берілді. Сонымен қатар демеушілер тарапынан заттай сыйлықтар таратылды.

Похожие материалы