Алматы. 6 мамыр. 7kun.kz — Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының орынбасары болып Марат Құсайынов тағайындалды. Бұл туралы банктің бспасөз қызметі мәлімдеді.
Мұндай шешімді ЕАДБ кеңесі қабылдады, сондай-ақ басқарма құрамына жаңа мүшелер кірді.
ЕАДБ Басқармасының құрамына ЕАДБ активтері мен пассивалары жөніндегі Басқарушы директор Дмитрий Ладиков-Роев, ЕАДБ Табиғи ресурстар мен ауыл шаруашылығы жөніндегі дирекцияның басқарушы директоры Айгүл Мұхамадиева және ЕАДБ өнеркәсіп және энергетика блогының басшысы Всеволод Смаков кірді.
Марат Әпсеметұлы Құсайынов 1965 жылы 27 қаңтарда дүниеге келген. 1988 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «өнеркәсіпті жоспарлау» мамандығы бойынша, 1997 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Жоғары мемлекеттік басқару мектебін «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Қызметтері:
1988-1996 жылдары - Қызылорда қалалық атқару комитетінің Экономика бөлімінің меңгерушісі, экономика басқармасының нұсқаушысы, аға экономист, экономист, маман, бас маман, бастығы.
1997 жылы - ҚР Стратегиялық ресурстарын бақылау агенттігінің кеңесшісі.
1997-2000 жылдары - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің консультанты.
2000-2002 жылдары - ҚР Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігінің Стратегиялық жоспарлау және бақылау департаменті директорының орынбасары, әлеуметтік-экономикалық талдау департаментінің директоры. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік Бюджет департаменті директорының орынбасары. Стратегиялық жоспарлау және Инвестициялық саясат департаментінің директоры, өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің директоры.
2006-2010 жылдары - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау Вице-министрі.
2010-2014 жылдары - ҚР Экономикалық даму және сауда вице-министрі.
2014-2017 жылдары - ҚР Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары.
2017 жылдан бастап 2019 жылға дейін - Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі.
2019 жылғы мамырдан бастап - Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының орынбасары.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024