Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Еуразиялық банктің таза пайдасы 13%-ға төмендеді

Еуразиялық банктің таза пайдасы 13%-ға төмендеді

Еуразиялық банктің таза пайдасы 11,4 млрд теңге болды, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 13,1%-ға төмен деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

"Қаржылық нәтиженің төмендеуіне теңгенің АҚШ долларына қатысты 19%-ға құнсыздануы, сонымен қатар ТМД-дағы өтімділікке қатысты күрделі жағдайдан туындаған қор жинау құнының өсімі себеп болды", - делінген банк таратқан хабарламада.

Бұған қоса, қаржылық ұйым баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2014 жылы банк активтері 37,45%-ға, 808,6 млрд теңгеге дейін артқан. Міндеттемелер 40%-ға жоғарылап, 741,9 млрд теңгені қамтыды. 2014 жылдың аяғындағы жағдай бойынша міндеттемелер құрылымындағы клиенттердің ағымдағы шоттары мен депозиттерінің үлесі 73,9% болды. Есептік кезең ішінде банктің депозит қоржыны 35,3%-ға, 548,5 млрд теңгеге дейін артқан.

Капитал пайдалылығы (RoAE) мен активтер пайдалылығының (RoAA) көрсеткіштері сәйкесінше 18,2% және 1,6% болды. Бір жыл ішінде таза пайыздық маржа (NIM) 2013 жылғы 8,8%-дан 7,2%-ға дейін төмендеді, ал операциялық шығындардың операциялық табысқа қатынасы 50,5%-дан 54,7%-ға дейін артқан.

2014 жылы несие қоржыны 36%-ға, 588,2 млрд теңгеге дейін өсті. Жылдың аяғында несие қоржынының құрылымында корпоративтік бизнес пен ШОБ несиелеріне 49% тиесілі. Жеке несиелер қоржын бір жыл ішінде 32%-ға, 315,4 млрд теңгеге дейін өскен, бұл ретте жиынтықты несие қоржынындағы қамтамасыз етілмеген қарыздардың үлесі 22,6%. Бөлшек сауда сегментінің -суіне және ақпан айындағы девальвацияға қарамастан NPL (90 күннен артық кешігуі бар қарыздар) көрсеткіші бір жыл ішінде 14%-ға төмендеген.

2014 жылы Еуразиялық банктің меншікті капиталы 13%-ға артып, 66,7 млрд теңгені қамтыды делінген пресс-редизде. сонымен қатар жыл аяғында клиенттер саны 1,1 млн болған, бұл 2013 жылғы көрсеткіштен 31%-ға артық. Бір жылдық кезең ішінде шоттардың саны 51,9%-ға, 2,1 млн дейін артқан.

Похожие материалы