Еуразиялық банк - Қазақстанда активтерінің көлемі бойынша оныншы орын алатын банк. 1994 жылы жабық формадағы акционерлік қоғам ретінде негізі қаланады да, акционерлік қоғамдар туралы заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардан соң, 2003 жылы акционерлік қоғам ретінде қайта тіркелді. Бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан.
Iрі акционерлері
2015
2015 жылғы 20 қазанда. Еуразиялық банк түрік банкі BankPozitif Kredi ve Kalkinma Bankasi Anonim Sirketi-нен БанкПозитив Қазақстанның 100% акцияларын сатып алу туралы сатып алу-сату шартына қол қойды. Сатып алынатын банк Еуразиялық банк брендімен жұмысын жалғастырады және бизнесті кеңейтіп, Еуразиялық банкке күрделі экономикалық жағдайларда сенімді позицияларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
2015 жылғы 8 шілде. Еуразиялық банк үшінші рет Asian Banking & Finance халықаралық қаржылық басылымының "Қазақстанның үздік бөлшек банкі" номинациясы (Domestic Retail Bank of the Year – Kazakhstan) бойынша марапатына ие болды.
2015 жылғы 6 сәуір. Еуразиялық банк 2014 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша жыл сайын өткізілетін Europe Banking Awards конкурсының «Қазақстанның үздік банкі» номинациясында тағы да жеңімпаз деп танылды. Бұл халықаралық EMEA Finance басылымы сарапшыларының екінші наградасы: Банк 2013 жылы қол жеткізген атақты сақтай білді.
2015 жылғы 27 қаңтар. Еуразиялық банк 2014 жылғы жұмысын қорытындылады. ҚРҰБ стандарттары бойынша шоғырландырылмаған қаржылық есепке сәйкес Банктің таза табысы салық шегерімімен 11,02 млрд теңгені құрады. Бір жылдың ішінде Банк активтері 42,3%-ға, 836 млрд теңгеге дейін артты, ал несиелік портфель 32,5%-ға, 609,8 млрд теңгеге дейін ұлғайды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024