Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«ЕуроХим» Қазақстандағы кен орнынан фосфор ұнтағын алғаш рет тиеп жөнелтті

«ЕуроХим» Қазақстандағы кен орнынан фосфор ұнтағын алғаш рет тиеп жөнелтті

Әлемдегі жетекші агрохимиялық компаниялардың бірі EuroChem Group AG (ары қарай «Еурохим») Қазақстандағы жеке фосфорит кен орнынан фосфор ұнтағын алғаш рет тиеп жөнелтті. Бұл жөнінде компанияның баспасөз қызметі хабарайды.

Құрамындағы фосфор оксидінің (Р2О5) мөлшері орташа есеппен 30,5%-ға тең фосфорит шикізатының шамамен 11 000 тоннасы «ЕвроХим-Белореченские Минудобрения» компаниясының мекен жайына тиеліп, жеткізілмек. Ресейдің оңтүстік-шығысында орналасқан кәсіпорын аммофосты және азоттық-фосфорлық тыңайтқыштарды өндіруге маманданған. 2015 жылдың соңына дейін «Еурохим» Қазақстандағы кенорнынан Ресейдегі және Бельгиядағы меншікті кәсіпорындарына фосфорит шикізатының 50 000 аса тоннасын жөнелтуді көздеп отыр. «Өндірістік алаңдарымызға шикізатты алғаш тиеп жөнелту арқылы өзімізде өндірілетін фосфориттік шикізатпен өзімізді қамтамасыз ету туралы міндетті шешуде тағы бір қадам жасап отырмыз. Алдағы уақытта біз кенорынға тікелей жақын орналасатын тыңайтқыштарды өндірумен айналысатын кешенді салу есебінен Қазақстандағы қызметімізді кеңейтуді жоспарлап отырмыз», - деп түсініктеме берді«ЕуроХим» бас директоры Дмитрий Стрежнев. Қазақстандық жобаны іске қосқан сәттен бастап «Еурохим» оған $160 млн. аса қаржы құйып үлгерді. Аталған қаржының бір бөлігі әлеуметтік инфрақұрылымды құруға бағытталды. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына атсалысу секілді міндетті шешуге бағытталған бұл жобаны жүзеге асыру кезінде Топ жергілікті билік органдарымен және Қазақстан Республикасының Үкіметімен белсенді ынтымақтастық жүргізіп келеді.

Похожие материалы