Егер батыстық компаниялар Ресейдегі зауыттың құрылысына инвестиция салатын болса, Кремль Еуропа мен АҚШ-тан келетін ауыл шаруашылық өнімдерінің импортына енгізілген шектеуді алып тастауы мүмкін. Бұл туралы "Известия" газетіне берген сұхбатында Ресей президентінің баспасөз-хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.
Грецияның Ресейден ауыл шаруашылық өнімдерін кіргізуге рұқсат сұрау мәселесіне пікір айта отырып, Ресейдің ДСҰ-ның мүшесі екендігін, Еуроодақ тарапындағы елдердің бірінің санкциясын алып тастай алмайтындығын мәлімдеді. "Бұл жағдайда тікелей жеткізу жүйесін емес, Ресей аумағында азық - түлік өндіретін кәсіпорынның құрылысына инвестиция салу арқылы алыс-беріс тауарларын әкелу мәселесін қарастыруға болады", - деді В.Путиннің баспасөз-хатшысы.
Осыған дейін, грек үкіметі Ресейден кейбір ауыл шаруашылық өнімдері үшін эмбарго алып тастауды өтінгені белгілі болды. Жекелей алғанда, Афина апельсин, клубника және шабдалы үшін салынған шектеулерді кері қайтаруын сұрайды. Осындай мазмұндағы хат жақын арада РФ премьер-министрі Дмитрий Медведевке жіберілмек.
Еске салайық, 2014 жылы 7 тамызда Ресей өзіне қарсы санкция енгізген елдерден келетін шошқа еті, құс еті, шұжық, көкөністер, жеміс-жидек және сүт өнімдері тәрізді тауарлардың импортына тыйым салған еді. 28 ақпанда вице-премьер Аркадий Дворкович Кремльдің азық-түлік өнімдеріне салынған шектеулерді әзірше алып тастамайтындығын мәлімдеді.





