Еуроодақ Грекияға 7,2 млрд еуро көлеміндегі несиенің берілуі туралы шешімді ресми түрде бекітті деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.
"ЕО-ның 28 елі қолдау көрсеткен бұл келісім Грекияға шұғыл дефолттан құтылуға мүмкіндік береді. Қаражат дүйсенбі күні аударылады", - деп мәлімдеді Еурокомиссияның вице-президенті Валдис Домбровскис. Бұған дейін еуроаймақ мемлекеттерінің қаржы министрлері Афинаға 7 млрд еуро көлеміндегі бридж-несиені бөлу жөніндегі шешімді мақұлдаған болатын. Бридж-несие Афинаға дүйсенбі күні Еуропа орталық банкінің алдындағы 3,5 млрд еуро қарызын өтеуге, сондай-ақ жәрдемнің үшінші бағдарламасы талқылану кезеңінде елдің бір қалыпты экономикалық жағдайда болуына мүмкіндік береді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024