Экономика
Еуропалық қайта құру және даму банкі Қарағандыдағы фабрикаға 100 млн доллар инвестиция салады
Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) мыс-алтын концентратын өндіретін фабриканың жобасына 100 млн доллар инвестиция салады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Несие Қарағанды облысындағы Көктасжал мыс-алтын кен орнында жұмыс істейтін "Теректі Кен Байыту" ЖШС және "Алтай Полиметалдар" ЖШС кәсіпорындарына берілді. Бұл қаржыға зиянды қалдықтар көлемі мен су қажеттілігін азайтатын ленталы конвейерлер және басқа да құрылғылар алынбақшы.
Қазақстанда жұмыс істеуді бастағалы бері ЕҚҚДБ ел экономикасына 6,8 млрд доллар инвестиция құйды деп атап өтілген хабарламада. Еуропалық қайта құру және даму банкі Орталық Еуропа мен Орта Азия аралығындағы 35 елдің және Оңтүстік және Шығыс Жерорта теңіз елдерінің жобаларын қаржыландыратын ірі халықаралық қаржылық ұйым болып табылады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024