Еуропаның Орталық банкі өкілдері 500 еуролық банкнотты шығармау туралы шешім қабылдады. Бұған себеп - купюраға қатысты заңсыз әрекеттер жиі орын алуда. Бұл туралы ЕОБ-ның сайтындағы хабарламада жазылған, деп хабарлайды РБК.
Аталған банкнотты шығару 2018 жылдың соңына қарай "Еуропа" сериясындағы 100 және 200 еуролық банкноттар айналымға енгізілген соң тоқтатылады деп жоспарлануда. Ал қалған 5-тен 200 ге дейінгі номиналдар бұрынғыдай шыға береді.
«Еуропа» сериясы — еуро банкнотының біртіндеп қолданықа еніп келе жатқан екінші сериясы. Бұл серия бойынша алғаш рет 2013 жылы 5 еуролық купюра айналымға шықты. Одан соң 2014 жылы 10 еуро, 2015 жылы 20 еуролық банкнот шығарылды.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024