Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Еуропаның Орталық банкі 500 еуролық банкнотты шығаруды тоқтатады

Еуропаның Орталық банкі 500 еуролық банкнотты шығаруды тоқтатады

Еуропаның Орталық банкі өкілдері 500 еуролық банкнотты шығармау туралы шешім қабылдады. Бұған себеп - купюраға қатысты заңсыз әрекеттер жиі орын алуда. Бұл туралы ЕОБ-ның сайтындағы хабарламада жазылған, деп хабарлайды РБК.

Аталған банкнотты шығару 2018 жылдың соңына қарай "Еуропа" сериясындағы 100 және 200 еуролық банкноттар айналымға енгізілген соң тоқтатылады деп жоспарлануда. Ал қалған 5-тен 200 ге дейінгі номиналдар бұрынғыдай шыға береді.

«Еуропа» сериясы — еуро банкнотының біртіндеп қолданықа еніп келе жатқан екінші сериясы. Бұл серия бойынша алғаш рет 2013 жылы 5 еуролық купюра айналымға шықты. Одан соң 2014 жылы 10 еуро, 2015 жылы 20 еуролық банкнот шығарылды.

Похожие материалы