Facebook акционерлері Цукербергтің директорлар кеңесінің төрағалығынан кетуін талап етті
Алматы. 15 сәуір. 7kun.kz – 2018 жылы Facebook компанияның бас директоры Марк Цукербергтің қауіпсіздігі үшін 20 млн доллар бөлді, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 4 есе көп. Бұл туралы CNBC телеарнасы хабарлады.
Телеарнаның айтуынша, компания қаржылық құжаттарын АҚШ-тың бағалы қағаздар мен биржа жөніндегі Комиссиясына тапсырған. Ондағы мәліметтерге сүйенсек, өткен жылы компания Цукербергтің қауіпсіздігіне бөлінетін қаржыны екі есеге өсірген. Мәселен, 2017 жылы 9,1 млн доллар бөлінсе, 2018 жылы бұл көрсеткіш 22,6 млн-ға жеткен. Ал, 2016 жылы 5,1 млн доллар бөлінген екен.
Құжатта бұл
қаражаттардың Цукерберк резиденциясында және жеке іс-сапарларындағы
қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бөлінгені айтылады.
Сондай-ақ, бөлінген қаражаттың барлығы тек
қауіпсіздікке ғана бағытталмағаны да белгілі болды. 22,6 млн доллардың 2 млн-ы
жеке ұшақтарды пайдалану шығындарына жұмсалыпты.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024