Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Facebook биржада Wal-Mart-ты басып озды

Facebook биржада Wal-Mart-ты басып озды

Facebook биржада Wal-Mart бөлшек сауда желісін басқаратын америкалық ритейлер компаниядан артық бағаланды.

Ең ірі әлеуметтік желі NYSE және NASDAQ биржаларында сауда жүргізетін 500 ірі компанияның капиталдандырылуын қамтып көрсететін Standard & Poor's 500 рейтингінің ең қымбат 10 компания тізімінде Wal-Mart-ты ысырып тастады. S&P 500 рейтингін көп жағдайда акциялар нарығындағы бағалардың жалпы деңгейін анықтау үшін және экономиканың жалпы жағдайының бір көрсеткіші ретінде пайдаланылады. Өзгерістер дүйсенбі күні байқала бастады да, сейсенбі күні жалғасын тапты. Facebook Inc. капиталдандырылуы 242,7 млрд долларға бағаланды, бір құнды қағаз 2%-ға, 86,59 долларға дейін қымбаттады. Ал Wal-Mart Stores Inc. 233,8 млрд долларға бағаланды, құнды қағазы 21%-ға, 72,58 долларға дейін арзандады. Соңғы бір жыл ішінде Facebook акциялары 32%-ға өскен, ал S&P 500 индексінде тек 8,2%-ға жоғарылаған. Facebook-тың жарнамадан түскен табысы осы жылдың қаңтар-наурызында 46%-ға, 3,32 млрд долларға дейін артқан. Жылдың басында компания олардың белсенді жарнама берушілерінің саны 2 миллионнан асып түскенін хабарлаған болатын, 2014 жылдың шілдесінде бұл көрсеткіш 1,5 млн деңгейінде болған-тын. Facebook табысының өсіміне әсер еткен негізгі фактор - мобильді жарнама. Осы жылдың І тоқсанында жарнаманың осы түрі барлық түсімнің төрттен үшін (73%) қамтамасыз етті, 2014 жылдың қазан-желтоқсанында мобильді жарнама табыстың 69%-ын берген-тін, 2014 жылдың қаңтар-наурызында - 59%.

Похожие материалы