Fiat Chrysler Automobiles NV (FCA) автоконцерні 1,73 млн автокөліктерін шыққан ақауларына байланысты АҚШ-қа қайтарып алу жөнінде мәлімдеді. Бұл жөнінде Bloomberg агенттігі хабарлайды.
Сондай-ақ, пикап модельді RAM 2012-2014 жылдар аралығындағы автокөліктерін сымдарынан шыққан кемшіліктерге байланысты және ондағы қауіпсіздік жастықтарының еріксіз түрде іске қосылып кетуі салдарынан 1,35 млн автокөліктерін қайтарып алуда. Әзірге аталған ақаудың салдарынан зардап шеккен екі оқиға белгілі. Сонымен қатар, FCA зауыттарына 190 мыңға жуық Quad Cab пикаптарын қайтарды. Оған себеп - бүйірлік қауіпсіздік жастықтарының жаңа стандартқа сай еместігі мен 190 мыңнан астам жүк көліктерінің кейбір бөлшектері дұрыс бекітілмегендіктен, көлікті басқару қиындап кетуі. Шілде айында жөндеу жұмыстарының сапасына байланысты АҚШ реттеушілері тарапынан компанияға 105 млн доллар көлемінде айыппұл салынған болатын. Бейсенбі күнгі Нью-Йорк биржасында FCA акциялары 1 пайызға қымбаттады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024