Өткен аптада «ЭйрАстана» әуе компаниясының президенті Питер Фостер жаңадан «FlyArystan» бюджеттік авиакомпаниясының ашылғанын жариялап, оның басшысын тағайындаған болатын. 2019 жылдың бірінші жартысында қызмет көрсете бастайтын авиакомпанияның жаңа басшысы – Тим Джордан.
Cebu Pacific және Virgin Blue секілді бюджеттік авиакомпанияларда жұмыс істеген, 15 жылдық тәжірибесі бар маман туралы тағы қандай ақпарат бар, зерттеп көрейік.
Тим Джордон Эйр Астанаға келмес бұрын Asia Pacific Air Consulting (APAC)-тің басқарушы директоры қызметін атқарған. Жалпы, Тимнің авиа саласында, оның ішінде қымбат емес әуекомпаниялардың коммерциялық операциялары қызметінде 20 жылдан астам тәжірибесі бар.
Қызмет жолын Лондон қаласында бастаған. Оның авиа саласындағы алғашқы жұмысы – басқарма бухгалтерінің көмекшісі. Novair International Airways-та әуе кемелерінің маршруттық шығыстары мен ай сайынғы басқару шоттарын дайындаумен айналысқан. Бұл жерде 1 жыл жұмыс істегеннен кейін 1990-1998 жылдар аралығында United Airlines авиакомпаниясында әртүрлі лауазымдарда қызмет етеді: бухгалтер, Еуропа қаржы бақылаушысының көмекшісі, Еуропадағы маркетинг және сату жөніндегі менеджер, желілік жоспарлау менеджері. 1999 жылдан бастап 2 жыл көлемінде Price Waterhouse Management Consultants компаниясында авиациялық кеңесші болып жұмыс істейді.
Тим әлемдегі ең табысты 2 бюджеттік авиакомпаниялардың пайда өсуінің басты факторы болған. Екі авиакомпания да рентабельділік бойынша көшбасшылар қатарына енді. Соның бірі 2002 жылы коммерциялық бөлім басшысы,кейіннен бас коммерциялық директоры болған Virgin Blue Airlines бюджеттік әуе компаниясы. Австралияның Брисбен қаласындағы жаңа жұмысында Тимге 250 адамнан құралған командасы бар Virgin Blue & Pacific Blue-нің автопарк жоспарлау, желілік жоспарлау, күнтізбелік жоспарлау, кіріс-шығысты бақылау, сату және колл-центр қызметтерін атқару, сондай-ақ жылына 1млрд $ табыс табу жауапкершілігі берілді.
Тим Virgin Blue-де жұмыс істеп жүргенде B737 флотында ішкі және халықаралық деңгейде қызмет көрсететін ұшақтар саны 15-тен 49-ға дейін өсті. Нәтижесінде 2004 жылдың наурызында аяқталған қаржылық жылда Virgin Blue әлемде 16%-дық көрсеткішпен операциялық пайда табуда бесінші орынға тұрақтаған.
Джордонның келесі бюджеттік әуе компаниядағы жұмысы Филипинде жалғасты. Cebu Pacific Air-дің авиациялық кеңесші ретінде Тимнің алдына Cebu Pacific-қа Филиппиндік твистпен ең арзан тасымалдаушы әуе компаниясына айналуы үшін оңтайлы стратегияны анықтау талабы қойылды.
Авиакомпанияның коммерциялық директоры болған уақытта Cebu Pacific-те қонақтар вагоны 2005 жылғы 2,2 млн-нан 2008 жылы 6,7 млн-ға өсті. Халықаралық курорттарға арналған ұшу бағыттары 20-дан 40-қа дейін артты. Филиппиннің жалпы нарығындағы компанияның ішкі нарық үлесі 2005 жылдың соңында 28% - дан 2008 жылдың соңына қарай шамамен 50% - ға көтерілді.
Ең бастысы, өзгерістердің нәтижесінде Cebu Pacific үшін 2007 жыл табысты жылға айналып, әлемдегі таңдаулы авиакомпаниялар қатарына енді.
2009 жылы Жаңа Оңтүстік Уэльстегі шағын авиациялық консалтингтік Asia Pacific Air Consulting (APAC) компаниясына жұмысқа орналасады.Мұнда 5 жылдан аса уақыт қызмет етеді.Кейіннен Мумбайдағы жылына шамамен 7 млн жолаушы тасымалдайтын Go Air-дың коммерциялық директоры болып тағайындалады.Алайда, бұл жұмысында ұзақ тұрақтамайды.Бар-жоғы 3 айдың ішінде 500 адамнан құралған командамен түрлі жұмыстарды жүзеге асырады.2015 жылдың соңында APAC-қа қайта оралады.
Қазтай Гүлдана "7"
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024