FlyArystan жолаушыларына төмен бағамен қатар сапалы қызмет, қауіпсіз сапар ұсынуға дайын

29 наурызда бірінші отандық FlyArystan лоукостері Тараз бен Орал, одан кейін Нұр-Сұлтан мен Қарағанды бағатындағы билеттерді сатылымға шығарып, қазақстандықтар жарыса сатып алды. Енді қолжетімді әуе тасымалының арқасында мыңдаған қазақстандық мамыр айындағы мерекелерде туыстары және жақындарына қонаққа аттанады.
Лоукостер деген не және оның жолаушыларға қандай пайдасы бар? Біз мұны FlyArystan компаниясының сату және маркетинг жөніндегі директоры Жанар Жайлауовадан сұрадық.
- Алғашқы лоукостер Америкада 70-ші жылдары пайда болды. Біздің елде енді ғана қолдана бастады. FlyArystan бірінші отандық лоукостер. Бірақ бюджеттік компанияның ерекшелігі мен пайдасы туралы көбі түсіне бермейді екен.
- Сіз FlyArystan-ды бірінші отандық лоукостер деп дұрыс айттыңыз, бірақ Қазақстанда алғашқы ұшуды жүзеге асыратын лоукостер еместігін атап өткен жөн. Себебі FlyDubai, Air Arabia, WizAir және басқа да бюджеттік компаниялардың қызметтерін пайдаланатын қазақстандықтар бар. Сізбен келісемін классикалық әуекомпанияларға қарағанда өз бизнесін мүлдем басқа жолмен дамытатын бюджеттік әуетасымалдаушылардың жұмыс ерекшеліктері туралы түсінбейтіндер көп. Лоукостер ең бірінші кезекте жолаушыларға базалық қажеттіліктер: борттағы орын мен қол жүгін алып жүру мүмкіндігін ұсынады. Қалғанын жолаушы өз қалауына қарай таңдайды. Яғни, егер сіздің жүгіңіз жеңіл болса, багаж немесе тамаққа ақша төлеудің қажеті жоқ. Біз артық ақша төлеуді қажет етпейтін және бюджеттік сапар шыққысы келетін жолаушылардың таңдауына құрметпен қараймыз.
- Жолаушылар өз қалауы бойынша таңдайтынын айттыңыз. Ол қалай?
- Бақытымызға орай, интернетті және оны қалай пайдалану керектігін кішкентай балаларға дейін біледі. Барлығы смартфондарды белсенді пайдаланады, телефоннан сатып алулар жасайды және уақыттын үнемдейді. Сондықтан біз билеттерді онлайн брондауға қорықпауға кеңес береміз. Flyarystan.com сайты ұялы телефондарға бейімделген және ондағы барлық ақпарат үш тілде. Телефон арқылы билетті сатып алуға, пошта арқылы маршруттың түбіртегін алуға, онлайн-тіркелуге, борттық тамақтану сияқты қосымша қызметтерді сатып алуға, багажды тіркеуге, борттан қолайлы орын таңдауға болады.
- Жолаушылар қосымша қызметтерді қалай сатып ала алады?
- Жолаушыларға әрдайым сатып алу алдында тариф шарттарымен танысуға кеңес беретінімізден бастайық. Мысалы, егер адам бір күннің ішінде ұшса және оның қолында тек рюкзак болса, онда ол 5 келі қол жүгін қамтитын «Стандарт» пакетіндегі ең арзан «Тиімді» тарифі бойынша билет ала алады. Кейде адам билетті жүксіз брондап, бірақ кейіннен жоспарын өзгертетін, белгілі бір жағдайларға байланысты, айталық, құдалыққа немесе тойға сөмке апаруы керек болатын оқиғалар да кездеседі. Бұл жағдайда жолаушы сайттағы брондауды басқару бөліміне кіріп, бронь нөмірін көрсетіп, багажды немесе қол жүгі 10 келіге дейін ұлғайтылған норманы сатып ала алады.
- Қандай дайын шешімдерді ұсынасыздар?
- «Тиімді» және «Икемді» тарифтерінен басқа, біз жолаушыларға әр тарифке үш пакетті ұсынамыз: «Стандарт», «Комфорт» және «Комфорт плюс». «Стандартты» сатып ала отырып, жолаушы жүйеде берілген борттағы кепілді орынын және 5 кг қол жүгін алады. «Комфорт» пакетіне негізгі 5 келі қол жүгі, салмағы 20 келіге дейінгі багаж, 5-тен 11-ге дейінгі, сондай-ақ 14-30 қатардағы орындарды таңдау мүмкіндігі кіреді. «Комфорт плюс» пакетіне келсек, мұнда «Комфорт» пакетінің барлық көрсетілген қызметтерін, сонымен қатар кез келген орынды, соның ішінде ұшақтың бірінші қатарындағы орындарды, жоғары қызметті және басқаларын таңдау мүмкіндігі бар. Пакеттерде қосымша қызметтер жеке-жеке сатып алғаннан қарағанда арзанырақ болатынын атап өткен жөн.
- «Тиімді» және «Икемді» тарифтерінің қандай айырмашылығы бар?
- Атауларының өздері айтып тұр, «Тиімді» тарифі бойынша ең арзан билеттер сатылады. Мұнда ең бастысы - билетті мүмкіндігінше ертерек сатып алу. Бүкіл әлемде әуе билеттерінің бағасы тез өзгереді және сұранысқа байланысты екенін ұмытпаңыз. Мейрамдарда, демалыста жолаушылар ағыны бірнеше есе артады және билеттер жарты жыл бұрын сатылып кетуі мүмкін. Айта кету керек, арзан тарифтер дегеніміз - бұл әрдайым қатаң ережелер. Мысалы, «Тиімді» тарифіне сәйкес билетті қайтару тек қана ваучерде, 10 000 теңге айыппұл төлегенде ғана мүмкін. Егер сіздің билетіңіздің құны айыппұл мөлшерінен аз болса, онда ваучер берілмейді.
«Икемді» тарифі туралы айтатын болсақ, ол ыңғайлы шарттармен, бірақ жоғары бағамен белгіленген. Сондықтан біз міндетті түрде сайттағы тариф ережелерімен танысуға кеңес береміз.
- Еуропалық және азиялық лоукосотерлер ұшу кезінде үнемі қолайлы қызмет ұсына бермейді. Тар орындықтар, арқасы тегіс, шалқаю мүмкіндігі жоқ. FlyArystan-ды таңдаған кезде жолаушылар мұндайға дайын болуы керек пе?
- Шынында да, көптеген бюджеттік компаниялардың басты принципі - орындықтардың көп санын орналастыру есебінен борттағы кеңістікті үнемдеу. Бірақ, біз жайлылық пен қолайлылықты, ең бастысы, жолаушылардың қауіпсіздігін құрбан ете алмадық. Барлық ұшақтарымызды жоспарлы техникалық тексерістен өтуге жібердік, оны сәуірдің соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Техникалық тексеріс Минералные воды қаласындағы (Ресей Федерациясы) S7 Technics техникалық базасында өтуде. Сондай-ақ, Airbus өндіруші зауыттың құжатына сәйкес жолаушылар салонын қайта жаңарту жүргізіледі. Енді әуе лайнерлерінің салондарында аты аңызға айналған неміс өндірушісі Recaro-ның жаңа орындықтары болады. 3530 SLIM үлгісінің жап-жаңа былғары креслолары - берік және ыңғайлы орындықтар. Креслолар арасындағы 70 см-ден 82 см-ге дейін қашықтық арқылы жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасай алдық. Жолаушылардың жайлы орналасуын басты назарға алдық және креслолардың арқаларын 5 см-ге шалқаятын етіп жасадық. Сонымен қатар, аяқ ыңғайына қарай орындық арқасында орналасқан қалтаны төменнен алып тастап, жоғары орнаттық. Бұл аяқты кеңімен созып отыруға мүмкіндік береді.
Біз алғашқы рейсімізді асыға күтудеміз. FlyArystan өз жолаушыларына тек төмен бағаларды ғана емес, сондай-ақ сапалы қызмет көрсету, ұшу қауіпсіздігі және ұшақтың жаңа салонын ұсынуға дайын екенін хабарлаймыз.
- Қызықты сұхбатыңыз үшін алғыс айтамыз. Жолаушы толы борттар мен бүкіл әлем бойынша бағыттар тілейміз.
- Рахмет, FlyArystan борттарында барлық жолаушыларды 1 мамыр күні күтеміз.