Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Фоккер-100 ұшағының апатты жағдайда қонуының себебі анықталды

Фоккер-100 ұшағының апатты жағдайда қонуының себебі анықталды

27 наурызда Bek Air әуе компаниясына тиесілі Фоккер-100 ұшағының апатты жағдайда қонуының себебі анықталды. Бұл туралы әуе компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз мәлімдемесінде хабарланғадай, ұшақтың алдыңғы шассиінің ашылмай қалуына құрылымдық-өндірістік ақау себеп болған.

Себепті анықтау жұмыстарын Фоккер-100 ұшағын шығарушы зауыттың техникалық қызметкерлерінің қатысуымен әуе компанияның инженерлік-авиациялық қызметі жүргізді және атқарылған жұмыстар апатты зерттеу бойынша құрылған комиссия және Көлік прокуратурасы өкілдері тарапынан бақыланды.

Компания қызметкерлерінің анықтауы бойынша, шассидің ашылмай қалуы әуе кемесінің тарихында бірінші рет болып отыр.

Айта кетейік, 27 наурыз күні Астана қаласының Халықаралық әуежайында болған апатты жағдайға байланысты ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті «Фоккер-100» әуе кемесін техникалық актісіз пайдалануға тыйым салды. Дегенмен компания өкілдері ұшақтар техникалық тексеруден өтіп қалыпты ұшуын жалғастыратынын мәлімдеді.

Похожие материалы