Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ford Focus автокөлігіне деген сұраныс азаюда

Ford Focus автокөлігіне деген сұраныс азаюда

Ford Sollers компаниясы (америкалық Ford және ресейлік Sollers компаниясының бірлескен кәсіпорны) сұраныстың төмендеуіне байланысты Всеволожск зауытында Ford Focus моделін шығару көлемін азайтып отыр.

«Шығарып жатырмыз, бірақ өндіріс көлемін азайттық. Бұл жабық коммерцялық ақпарат болғандықтан нақты көлемін айта алмаймын», - дейді Ford Sollers өкілі. Еуропалық бизнес қауымдастығының (ЕБҚ) мәліметтеріне сүйенсек, Ford автокөліктерінің сатылымдары Ресейде 2014 жылдың сол уақытымен салыстырғанда қаңтар-ақпан айларында үш есе азайып, 3,2 мың машинаны құрады.

«Біз күн сайын зауытта не шығару керектігін қадағалап отырамыз. Дилерлердің тапсырыстарын бақылаймыз, — осыдан соң автокөлік шығару көлемі туралы шешімдер шығарамыз. Бәлкім, бүгін Focus өтпес, бірақ ертеңгі күні шығару керек болып қалуы әбден мүмкін», — дейді өкіл.

Ford Focus-тың жаңа нұсқасы шығатын уақыттың өзгермегендігін компания атап өтті. Ол уақыт - 2015 жылдың үшінші тоқсаны.

Бүгінде Всеволожскідегі Ford Sollers кәсіпорнында Ford автокөлігінің екі моделі шығарылады, олар -  Focus және Mondeo.

Похожие материалы