Аты дардай Coco-Cola, KFC, McDonalds, Дженерал Моторс, Хилтон, Zara брендері қалайша әлемді жаулап алды? Әлемнің әрбір елінен олардың бөлімшелерін кездестіруге болады. Оның сыры неде? Жауап: франчайзинг. Иә, бұл танымал брендтер атауын пайдалануға құқық беру арқылы, өз бөлімшелерінің санын ұлғайтқан. Тиісінше, сатып алушы да пайдаға кенеледі. Дайын бизнес-үлгіні, бренд атын сатып алады, осылайша кәсіпте кездесетін біршама қиындықтарды айналып өтеді. Ендеше 7kun.kz екі тарапты да қанағаттандыратын франчайзинг туралы 7 кітапты ұсынады.
Анықтама
Франчайзинг - нарық субъектілері арасындағы қарым-қатынас түрі, бір тарап (франчайзер) екінші тарапқа (франчайзи) ақыға бизнестің белгілі бір түріне құқық береді. Бұл ретте сатып алушы кәсіпті жүргізудің әзірленген бизнес-моделін алып, технологияны, шикізатты, тауар белгілерін және/немесе франчайзердің брендтерін пайдалана отырып, өз атынан әрекет етеді.
1. «Товар особого назначения. Ненаучный трактат о продаже бизнеса». Авторы - Алексей Москвич.
Кітапты он бес жыл бойы басшыларына нарықтық бағамен сатуға көмектесіп келе жатқан жеке бизнес-брокер жазған.
Кітапта автор сатушының ақшаны жоғалтуына әкелетін қате түсініктеір туралы айтады:
- Мен бизнесімнің нарықта қанша тұратынын білемін және құжаттарымның барлығы дұрыс, сондықтан маған брокердің көмегі қажет емес.
- Хабарландыруды орналастырғаннан кейін сатып алушы бірден табылады. Ол саудаласпай, мен ұсынған бағамен сатып алады.
- Сатылым шамамен үш апта уақыт алады, содан кейін бірден жаңа нәрсемен айналыса аламын.
Сондай-ақ, кітапта компанияны бағалау тәсілдері, сатып алушыларды іздеу алгоритмі және мәмілелердің заңды нюанстары бар.
Кітап қарапайым тілмен жазылған, артық терминдер жоқ. Әрбір мәлімдемеге автор өз тәжірибесі немесе клиенттер тарихынан мысалдар келтіреді
2. «Как купить или продать бизнес. Пособие для бизнесмена». Авторы - Егор Падалкин.
Бизнес-брокердің тәжірибесімен жазылған кітап. Автор екі басты сұраққа жауап береді: иелері неліктен тиімді бизнесті сатады және мәмілені қалай жүргізеді.
Кітапта сатушыға сату алдында көрсеткіштерді жақсартуға, ал сатып алушыға жобаны бағалаудың нақты алгоритмін табуға көмектесетін бизнесті бағалау туралы бірнеше бөлімдер бар. Сондай-ақ, Е.Падалкин кәсіпкерлердің практикалық сұрақтарына жауап береді:
- қызметкерлерді жұмыстан кетпес үшін сату туралы қалай хабардар ету керек;
- қауіпсіз шартты қалай жасауға болады;
- сатып алғаннан кейін не істеу керек.
Кітап - қарапайым бизнес туралы: мейрамханалар, құрылыс материалдары дүкендері мен зауыттар. Бірақ кеңестер әмбебап, сондықтан интернет-бизнес иелері мен сатып алушыларға да пайдалы.
3. "Покупка готового бизнеса". Авторы - Максим Новицкий.
Бұл ісін Ресейде жүргізіп, шағын бизнесті сатып алуды қалайтындар үшін нұсқаулық. Автор әрбір қадамдық алгоритмді сипаттаған: бағалаудан келісімшарт жасасуға дейін.
Дайын бизнесті сату және сатып алу нарығы қалай құрылғанын білмейтіндер үшін білім кеніші. Сондай-ақ, автор өз тәжірибесінен бірнеше кейстер келтіреді.
Кітаптың артықшылығы - стандартты келісімшарттардың шаблондары және сәтті келіссөздер жүргізу бойынша кеңестер. Әңгіме дәстүрлі шағын бизнес туралы болса да, кеңестерді интернет-бизнеске бейімдеуге және қолдануға болады.
Тілі қарапайым, кітап кәсіпкерліктен, келіссөздерден және бизнесті бағалаудан хабарсыз адамға түсінікті етіп жазылған.
4. «Старт в бизнесе. Купить готовый бизнес или открыть по франшизе?». Авторлары - Александр Мельников және Максим Новицкий.
Кітап дайын бизнесті немесе франчайзингті сатып алу саласында тәжірибесі жоқ кәсіпкерлерге жарамды. Авторлар бірнеше тақырыпқа назар аударған:
- сатып алушының тәуекелдері;
- франшизаны немесе дайын кәсіпті таңдау өлшемдері;
- іскерлік тауашаларды (ниша) таңдау;
- келіссөздер стратегиялары;
- заңды қырлары.
Кітапта дайын бизнес пен франшизаны салыстырады. Мысалы, франшиза кемшіліктерінің бірі - бизнес кез келген өңірде пайда әкеледі деген нақты кепілдік жоқ. Мысалы, Алматыда табыс әкелген кәсіп, Ақтау немесе Қостанайда дәл сондай көрсеткішке ие бола бермейді.
Франшиза сатып алудың тағы бір минус - басқарушылық шешімдерді, маркетингтік стратегияны қабылдаудағы және ассортиментті өзгертудегі франчайзер-компанияның шектеулері.
Дайын бизнесті сатып алу жағдайында да авторлар тәуекелдерді жіктейді: алдау, кадрлардың кетуі, клиенттердің жоғалуы.
5. «Франчайзинг. Путь к богатству». Авторлары - С. БерлиС. Спинелли, Р. М. Розенберг.
Франчайзинг туралы ең егжей-тегжейлі жазылған кітаптардың бірі. Авторлар өз тәжірибесі мен нарықты зерттеулер негізінде франчайзингтің қалай жұмыс істейтінін, кәсіпкерлердің қандай проблемалармен бетпе-бет келгенін және франшизаның қаржылық көрсеткіштерін қалай бақылау керектігін баяндайды.
Кітапта он бөлім бар, олардың кейбірі:
- франчайзинг бизнес формасы ретінде;
- франчайзинг модельдері;
- франшизді сатудан түскен пайда;
- маркетинг;
- қаржылық талдау;
- компания және франчайзи иесінің қарым-қатынасы.
Авторлар кітапты шетелдік компаниялардың мысалдарында жазған, сондықтан әдістің барлығы Қазақстанда жұмыс істейді деп айта алмаймыз. Алайда кітаптан франчайзинг бойынша қажетті ақпаратты алуға болады.
6. «Клонирование бизнеса. Франчайзинг и другие модели быстрого роста». Авторлары - Сергей Ватунин, Михаил Тришин.
Авторлардың бірі Сергей Ватунин – 150 кеңсе мен жүзге жуық франшизадан тұратын туризм мен желі туралы «1001 тур» порталын құрушы. Ол дәстүрлі бизнесті кеңейту туралы және интернет-жобалардың ерекшеліктері туралы жазады.
Авторлар масштабтаудың төрт нұсқасын ұсынады:
- филиалдар желісі;
- қашықтағы сату;
- франчайзинг;
- барлық үш нұсқаны бірден пайдалану.
Әрбір әдіс толық алгоритмі бар жеке бөлім. Кітап ресейлік компаниялардың тәжірибесінен алынған мысалдар мен кеңестер негізінде жазылған.
7. «Масштабирование бизнеса. Создаем франчайзинг в розничной торговле». Авторлары - Смирнова, Парабеллум, Мрочковский.
Кітап дүкен, дәмхана, мейрамхана, дайын тағамдар жеткізу орындарының иелеріне арналған. Сондай-ақ жаппай тұтыну тауарларын өндірушілерге де пайдалы: газдалған сусындардан тіс пастасына дейін.
«Масштабирование бизнеса» - көтерме саудагерлер мен өндірушілерге арналған нұсқаулық. Авторлар алгоритм ұсына отырып, келесі сұрақтарға жауап береді: филиалдарды қалай ашуға және франчайзингті сату арқылы федералды желіге қалай шығаруға болады.
Интернет-кәсіпкерлер үшін есептерді жеңілдету, активтер мен пайданы талдау туралы бөлімдер қызықты болады.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024