Алматы. 15 қазан. 7kun.kz — 2019 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша Германиядан Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 169,4 млн долларды құрады, бір жыл ішінде 22,4%-ға төмендеді. 2018 жылдың дәл осы кезеңінде бұл сома 218,2 млн доллар болған, деп хабарлайды FinProm.
Жалпы, 2018 жылы Германиядан инвестициялар ағыны 400,5 млн долларды құрады, бұл 2017 жылмен салыстырғанда (391,3 млн доллар) 2,4%-ға көп.
Осы жылдың маусым айының соңына қарай Қазақстанның германиялық инвесторлар алдындағы міндеттемелері 1,7 млрд долларды құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 4,5%-ға артық.
Германия Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіндегі (396,5 млн доллар) инвестиция көлемі бойынша көшбасшы он елдің қатарына кіреді. Германия электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау саласына 111,8 млн доллар, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет саласына 181,8 млн доллар инвестиция салды.
2019 жылдың қыркүйек айының соңында Қазақстанда Германиядан келген капиталдың қатысуымен 606 компания жұмыс істеді. Олардың 575-і — шағын кәсіпорындар, 20-ы - орта, 10-ы - ірі компаниялар.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024