Global Islamic Finance Awards (GIFA) сыйлығы жыл сайын исламдық банкинг саласындағы дүниежүзілік ең үздік іс-тәжірибелерді белгілеп отырады, осы ретте шешімдер қабылдау үрдісі толықтай тәуелсіз өтуі қамтамасыз етіледі - бұл сыйлықтың жоғары мәртебесінің көрсеткіші.
GIFA сыйлығының тізімінде активтерді басқару, корпоративтік құқық, IT, әлеуметтік жауапкершілік, капитал нарығы, білім және т.б. осы секілді салалардағы номинациялар бар. Үміткерлерді іріктеу әдістемесін Лондонда негізделген «Edbiz Consulting Limited» халықаралық исламдық қаржылық кеңес беру фирмасы жүргізеді. Осы әдістеменің негізі кешендік зерттеу болып табылады, мұнда үміткерлер екі әдіспен анықталады. Біріншісі, өздігінен қатысуға өтінім берген салалық компаниялар арасында үміткерлерді іріктеуді білдіреді. Екінші әдіс аясында Edbiz зерттеушілер тобы Номинациялар жөніндегі комитетке қатысушылардың тізімдерін тапсырады. Бұл жеке ұйымдар, сондай-ақ, исламдық банкингтің дамуына айрықша үлесін қосқан танымал тұлғалар болуы мүмкін.