Google Drive көлемін аз ғана үлкейтуге бола ма?! «Қауіпсіздеу интернет» күніне орай Google өз қолданушыларын қауіпсіздік баптауларын тексеруге шақырды. Оның есесіне, компания әрбір қолданушының виртуальді дискісіне 2Гб қосып береді. Бұл туралы компанияның ресми блогында жарияланған.
Бұл үшін барлық қауіпсіздік баптауларының қосылып тұрғанын тексеретін Security Checkup сілтемесіне өту керек. Бұл сілтеме арқылы телефонға және аккаунттың күдікті белсенділігі туралы хабарламаларға жалғастырылған екі факторлы тіркелуді, аккаунтқа кім кіргенін(ОС, браузер және аймақ), сондай-ақ аккаунт ақпараттарына қандай құрылғы мен қосымшаның кіру мүмкіндігі бар екенін тексеруге болады. Компания бұл рәсімнің бірнеше минут қана алатынын айтып жатыр. Егер сіз тексерудің барлық пунктілерінен өтсеңіз, сізге жасыл белгі көрсетіледі. Бұл сіздің Google Drive үшін қосымша 2Гб алғаныңызды білдіреді. Диск көлемін ұлғайту айдың аяғында басталады деп уәде берілді(28 ақпанға жақын). Еске сала кетейік, бұған дейін компания хакерлерге Google Play-дың осал жерін тапқаны үшін ақша төлейтінін мәлім еткен болатын. Зерттеудің әрбір кезеңіне қатысуға жекелей $3133 төленеді деп уәде етілуде, ал гонорар қателіктерге қатысты нақты талаптарсыз-ақ аванспен төленеді.Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024