Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Google смарт киімдер шығарумен айналыспақ

Google смарт киімдер шығарумен айналыспақ

Google корпорациясы сенсорлы экранмен жабдықталған киімдер жасаумен айналысып жатқандығын мәлімдеді.

Google жыл сайын Сан-Францискода өтетін конференцияда Jacquard атты жобаны таныстырды. Леви Страусс компанияның осы бағыттағы алғашқы серіктестерінің бірі екендігі белгілі болды. Жобаны компанияның шағын бөлімшесі Advanced Technology and Projects (ATAP) жүзеге асырмақ.

«Біз интерактивті текстиль шығара аламыз. Біз оны электрөткізгіш жіптердің көмегімен жасаймыз. Мата созылады, оны жууға да болады. Бұл күнделікті біз қолданып жүрген мата сияқты», — дейді АТАР тобының маманы Эмре Карагозлер.

Жоба бойынша, мата ишара түсіне алатын әрі сенсорға әсер ете алатын болады. Кез келген киім мен сол матадан жасалған зат бақылау функциясы бар «touch-pad» технологиясымен жабдықталады.

Технология сымсыз байланыс арқылы смартфондар мен өзге құрылғыларға қоңырау шалып, хабарлама жібере алады.

Похожие материалы