Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Грекияның қаржы министрі қызметінен кетті

Грекияның қаржы министрі қызметінен кетті

Грекияның қаржы министрі Янис Варуфакис дүйсенбі күні отставкаға кететіні туралы мәлім етті. Бұл туралы ол өзінің жеке блогында жазды.

Жуырда өткізілген референдум қорытындысы бойынша Грекияда дауыс бергендердің 61,31%-ы несие берушілердің ұсыныстарына "жоқ" деді, қолдау көрсеткендердің үлесі - 38,69%. "Мен несие берушілердің ұсынысы кері қайтарылғанын мақтан тұтамын. Біз, солшылдар, лауазым қамын ойламай, жұмыла әрекет етеміз. Мен премьер-министр Ципрасты, жаңа қаржы министрін және үкіметімізді толықтай қолдаймын", - деп жазды ол өз блогында.  

Похожие материалы