Алматы. 29 қараша. 7kun.kz — Грузиндіктер өздерінің жаңа президентін сайлады. "Грузиндық арман" басқарушы партиясы қолдаған Саломе Зурабишвили енді Грузияны 6 жыл бойы басқарады.
Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, сайлау учаскесінің 99,7 пайыз дауысын санағаннан кейінгі нәтиже бойынша, Саломе Зурабишвилиге халықтың 59,56 пайызы (1,14 миллион) дауыс берген. Оның қарсыласы, Григол Вашадзе сайлаушылардың 40,44 пайыз дауысына ие болды.
ОСК барлығы 3703 сайлау учаскесін ұйымдастырды, оның ішінде 55 шет елдерде орналасқан.Саломе Зурабишвилиге сайлаудың бірінші кезеңінде жеңіске жетті. Президент сайлауының екінші туры Грузияда сәрсенбі күні өтті. Алдын ала мәліметтер бойынша, сайлауға қатысу 56,23 пайызды құрады.
Саломе Зурабишвили 1952 жылы 18 наурызда Париж қаласында грузиндік саяси эмигранттардың отбасында дүниеге келген. Франция СІМ жүйесінде отыз жылдан астам жұмыс істеді. 2004 жылдан 2005 жылға дейін ол Грузияның сыртқы істер министрі қызметін атқарды.
2013 жылы Саломеге Президенттікке кандидат болу үшін екі елде азаматтық тіркеуде болғаны кедергі келтіреді. Осы жылдың тамыз айында Зурабишвили Мемлекет басшысының сайлауына қатысу үшін Францияның азаматтығынан бас тартты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024