Алматы. 11 сәуір. 7kun.kz - БанкЦентрКредитке ҚР Ұлттық банкінің жалған сайты арқылы киберашабуыл жасалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы сайтқа ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінен хабарлаған.
Банкке ҚР Ұлттық банкінің ресми сайтына ұқсас nationalsbank.kz доменінен фишингтік хаттар жіберілген. Хатта компьютерді бұзуға арналған зиянкес кодтар болғаны анықталды. Жалған сайттың хостингі Қазақстанда орналасқанымен, иесі шетел азаматы екен. ҚР АКМ хабарлауынша әзірге шабуыл жасалғаны туралы ресми ақпарат БанкЦентркредиттен ғана келіп түскен. «Алайда басқа банктерге де қатысты болуы мүмкін» дейді министрлік хабарламасында. Алайда әзірге басқа банктер бұл туралы ақпарат таратпады. Айта кетейік, соңғы кезде қазақстандық банктерге жасалатын кибершабуылдар көбейді. Бірнеше апта бұрын Халық банк, Qazkom, Альфа-банк, Сбербанк, Kaspi Bank, Банк ЦентрКредит кибершабуылға ұшыраған еді. 10 наурыз күні аталған банктер қазақстандықтарға үндеу жариялап, хакерлік әрекеттер туралы ескертті.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024