Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Халық банк: Қазақстанда "рублдендіру" саясаты жүріп жатыр

Халық банк: Қазақстанда "рублдендіру" саясаты жүріп жатыр

Қазақстанда "рублдендіру" саясаты жүріп жатыр. Бірақ ел басшылығы бұл процессті одан әрі жылдамдатпауы қажет. Халық банкінің төрағасы Үміт Шаяхметова осындай мәлімдеме жасады.

Оның сөзінше, Қазақстан теңге курсын еркін айналымға жібермес бұрын Халық банкі күн сайын 1 млрд рубльден сатып отырған. "Мұның өзі де-факто біздің кәсіпкерлеріміз бен бизнесмендер, қарапайым халық рубль сатып алып жатқандығын білдіреді. Тіпті кей жерде рубльдің сатылым көлемі долларға қарағанда артық болды. Бұл экономикада "рублдендіру" саясаты жүріп жатқандығын білдіреді", - деді ол. Банк басшысының пікірінше, егер жақын арада жағдай өзгермесе үкіметаралық шешімдер құрудың қажеттілігі де азая түседі.

Похожие материалы