Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Hyundai премиум-класстағы жеке жол талғамайтын көлігін шығармақшы

Hyundai премиум-класстағы жеке жол талғамайтын көлігін шығармақшы

Оңтүстік кореялық автоөндіруші Hyundai Motor Co. нарықтағы жоғары сұранысқа байланысты премиум-класстағы жол талғамайтын көлігін шығармақшы деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.

Компанияның атап өтуінше, қазір осындай көлік өндіру мүмкіндігі тақыланып жатыр, бірақ оған негіз болатын алаң әлі таңдалынған жоқ. Қазір әлемдік автоөндірушілер жол талғамайтын көліктер шығарылымын барынша көбейтіп жатыр. Алайда жанармай құнының төмендеуіне байланысты Hyundai нарықтағы бұл тенденциядан қалыс қалып тұр. Дегенмен оңтүстік кореялық вонның АҚШ долларына қатысты нығаюы Hyundai өнімдерінің америкалық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін шектеп отыр. "Компанияның жаңа көлігі үшін негізгі нарық АҚШ-та болады. Бұл жерде көліктер соңғы уақытта танымалдылыққа ие", - деп атап өтеді Kyobo Securities Co. сарапшысы Ким Дон Ха. 2015 жылдың бірінші тоқсанында Hyundai-дың бірде-бір үлгісі Қытайдағы ең көп сатылатын жол талғамайтын көліктер тізімінен орын алған жоқ. Атап өтейік, Қытай - аталған компания үшін ең ірі нарық. Дүйсенбідегі саудада Hyundai акциялары 2,2 пайызға төмендеді. Жыл басынан бері олардың құны 21 пайызға түскен.

Похожие материалы