IDC зерттеу компаниясы бейсенбі күні әлемдік планшет саудасына арналған болжамды алдағы бес жылға төмендетті. 2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы осы нарық 2,1% -ға өсіп, 234,5 млн құрылғыға жетеді деп хабарлайды IDC баспасөз қызметі.
Сонымен бірге, компания сауданың жылдық қысқартулары болмауы мүмкін және 2019 жылға қарай сатылым көлемі 269,4 млн болады деп топшылайды.
"Фаблеттердің жақсы өтіп жатқанына қарамастан, нарықта әлі күнге дейін үлкен көлемді құрылғыларға деген сұраныс азаяр емес", - дейді IDC бас сарапшысы Джайтеш Убрани.
IDC 2015 жылы нарық қысқартылуының соңғы үш жылдағы көрсеткіштерінен төмен болады деп отыр. Айтарлықтай өсім көрсеткішіне Windows ие болмақ. 2014 жылы 5,1%-дан, 2019 жылға қарай 14,1% өсім көрсетеді деп күтілуде.