2016 жылғы қаңтар-наурызда экспортталатын тауарларға баға 5,1%-ға төмендеді, импортталатындарға 7,3%-ға жоғарылады. Бұл туралы Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жыл басынан бергі кезеңде экспорттық жеткізілімдердің бағасы мұнайға – 13%, газ конденсатына – 10,4%, марганец кендеріне 5,4%-ға төмендеді, қорғасынға – 24,4%, алюминийге – 15,9%, мысқа – 13,2%, ферроқорытпаларға – 11,7%, мырышқа – 10,8%, көмірге 4,3%-ға жоғарылады. Бағаның астыққа – 15,8%, мақтаға – 9%, жүнге 8,4%-ға жоғарылауы тіркелді.
Импорттық өнімдерден темекі – 35,3%, көкөністер – 31,9%, қағаз – 25,1%, шай – 24,6%, жемістер мен жаңғақтар – 19,3%, аяқкиім – 13,8%, кофе – 12,3%, маргарин – 11,6%, қант – 3,8%-ға қымбаттады, өсімдік майы – 6,4%, макарон өнімдері 0,9%-ға арзандады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024