Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астаналық әйгілі газет жабылды

Астаналық әйгілі газет жабылды
Алматы. 5 қаңтар. 7kun.kz — «Цесна» корпорациясының «Инфо-Цес» газеті өз жұмысын тоқтатты деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Газеттің нақты жабылу себебі айтылған жоқ. Ол Астанадан 20 мыңдық тиражбен таралып, 20 жыл бойы ақпараттық-жарнамалық бағыттта жарық көріп келген еді.

«Цесна» корпорациясы – Қазақстандағы ең ірі инвестициялық компаниялардың бірі.

2016 жылдың қазанындағы мәлімет бойынша Әділбек Жақсыбеков (37,19%), оның ұлы Дәурен Жақсыбеков (36,75%), бауыры Серік Жақсыбеков (11,15%)  корпорацияның акционерлері болып табылады.

Похожие материалы