Алматы. 31 қаңтар. 7kun.kz - Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" АҚ Басқарма төрағасы Ермек Қизатов Инновациялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек және Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің төрағалығымен өткен көлік және логистикалық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру жөніндегі республикалық кеңесте мәлімдеді.
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Ермек Қизатов интеллектуалды көлік жүйесін енгізудің экономикалық пайдасы 2021 жылға дейін 450 млрд теңгені құрайды, деп атап өтті. "ҚазАвтоЖол" көлік-логистикалық кешенді цифрландыруға бағытталған бірқатар шараларды іске асыруға кірісіп те кетті. Атап айтқанда, жол қозғалысының қарқындылығын, қозғалыс жылдамдығын бақылауды және реттеуді, цифрлық геолокацияны, қозғалысты бейне бақылауды, автоматтандырылған салмақ бақылауды, ауа-райы мен жолдардағы ауа райы болжамдарын, жолдарды жөндеу мен күтіп ұстауға арналған жоспарлау үдерістерін автоматтандыруды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қолға алынды. "Толық цифрлық трансформациялау жұмысын жасау үшін ұсынылған интелектуалды көлік жүйесін қолдану керек. Ол мынадай жүйелер: жол активтерін басқару жүйесі, арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдары жүйесі, апат болған жағдайда шұғыл шақыру жүйесі және IRU, GoogleMap пен YandexMaps халықаралық сандық платформа",-деді Ермек Қизатов.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024