Қазақстан. 12 шілде. 7kun.kz – 11 шілдеде ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сапасыз байланыс пен интернет қызметтері үшін жазаны қатаңдатуды қарастыратын заңға қол қойды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Енді заңбұзушылықтар анықталған жағдайда байланыс операторлары 100 АЕК орнына 1000 АЕК айыппұл төлейді, ал бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл мөлшері 200-ден 1500 АЕК-ке дейін артады.
Соңғы уақытта байланыс сапасының төмендігі туралы шағымдар саны 10 есе өскен. 2021 жылдың қорытындысы бойынша министрлік 562 тексеру жүргізген (2020 жылы – 51, 2019 жылы – 93).
Сапасыз байланыс үшінресми өтінішті «Электрондық үкімет» порталы, «Е-Өтініш» өтініштер жүйесі арқылы немесе қағаз жеткізгіште тиісті облыстың Телекоммуникациялар комитетіне (ТКҚБК) немесе министрліктің аумақтық коммуникациялар инспекциясына жолдау қажет.
Шағымда шағымның нысанасы, байланыс операторының атауы және тексеру жүргізу қажет болған жағдайда өтініш берушінің нақты мекенжайы көрсетілуге тиіс. Прокуратура шағымды алғаннан кейін тексеру тағайындау туралы актіні тіркейді.
«Тексеру барысында көрсетілетін байланыс қызметінің сапасына өлшемдер алынады. Операторға қатысты бұзушылықтар анықталған жағдайда, бапқа сәйкес айыппұл түріндегі әкімшілік хаттама жасалады. ӘҚБтК-нің 637-бабына сәйкес бұзушылықтарды лауазымды тұлға белгілеген мерзімге жою туралы ұйғарым шығарылады», – деп хабарлады Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024