Бизнес-жоспарды жазу бір бөлек, ал оны таныстыра білу де көп ізденушілік пен еңбекті қажет етеді. Презентация инвесторларға жобаңызды таныстырып, таңдауға шешім қабылдауына көмектесетін бірден-бір құралдың бірі. Таныстырылымыңыз сәтті шығу үшін төмендегі кеңестерді ұсынамыз.
Таныстырудың басты ережелері
- Презентация инвесторға қысқа тезистер түрінде берілуі тиіс. - Безендіру өте қарапайым және көрнекі болу керек. - Презентация жасаудағы ұтымды тәсілдердің бірі - сандарға тоқталу. Цифрлар тым көп болмасын, оларды орнымен қолдана білсеңіз, инвестордың шешім қабылдауына оң жағынан әсер ете аласыз. - Презентацияның форматы мен көлемі өткізілетін уақыт пен жерге тікелей қатысты. Үлкен аудитория алдында таныстырған кезде өте жарқын суреттерді, диаграммалар, көрнекі графиктерді пайдаланғаныңыз дұрыс. - Ойда жоқта бір іс-шарада инвестормен жолығып қалсаңыз жобаңызды 30 секунд ішінде таныстыруға дайын болыңыз. Барынша керекті ақпаратты ұсына білуіңіз қажет, бизнесіңіздің табысы мен артықшылығына назар салыну керек.
Презентацияны инвесторға қалай таныстыру қажет?
Елестетіңіз сізге жобаңызды тек бір сөзбен ғана таныстыруға мүмкіндік бар. Ол қандай сөз болуы мүмкін? Ал енді сізге бірінші сөзден де қызықты болатын екінші сөзді айтуға мүмкіндік берді. Сізде қанша уақыт болмасын, таныстыруыңыз бірнеше есте қалатын сөздер, нақты сандар, аргументтер, суреттер, оқиғалар мен қалжыңдар арқылы көзге түсу керек.
Презентацияны таныстырып үйрену үшін әрқашан қайда және кіммен болмасын жаттығу керек. Достар, әріптестер, туыстарыңызбен жаттықсаңыз болады. Оның мазмұны мен сіздің таныстыра алуыңызға байланысты сындарды ескеретін боласыз. Екіншіден, сіз дағдылана бастайсыз. Яғни, инвестордың күтпеген сұрақтарына жауап беруге сенімді боласыз.
Кездесуге тек өз жобаңызға ғана дайындалып келмеңіз. Инвестор туралы мәлімет жинап, екеуіңіздің ортақ қызығушылықтарыңыз бен мақсаттарыңызды анықтап бару керек.
Кездесуге келген қатысушыларға үлестірмелі материалдар болғаны жөн. Презентацияның көшірмесін немесе біржақты түйіндеме берсеніз болады. Инвесторға қызығушылығы туған жағдайда құжаттарды қалдырасыз.
Бәсекелестеріңізден тезистер және сандар арқылы маркетингтік айырмашылық бар екенін көрсетіңіз. Егер көрнекі прототипі бар болса, олардың түп нұсқасын, суретін, слайдтарын көрсетуге болады. Бұл ауызша және жазбаша сипаттауға қаранда сенім ұялатады.
Қаржылай ұсыныс. Жобаңыздың кірістілігі қаншалықты, инвестициялауға қанша қаражат қажет екенін нақты көрсету керек. Бұл ақпараттарды инвесторға презентация соңында айтып, назар салғандары үшін алғыс айтуды ұмытпаңыз.
Бірнеше күннен кейін презентация қатысушыларына хат жолдап өзіңізді еске салып қойыңыз.
Презентацияның техникалық тұстары
Прзентация жасау үшін қарапайм әрі түсінікті слайд редакторы PowerPoint/Prezi-ді қолданған жөн. Ол сапалы әрі көрнекі болу үшін не істеу керек?
— Аудиторияңызды анықтап алыңыз. Кіші немесе орта бизнес басшыларына, инвестициялық фонд мүшесіне немесе стартап конкурсына арналатынын шешіп алу керек.
— Қарапайым дизайнерлік шаблон таңдаңыз. Оқуға оңай 2-3 түрлі шрифтерді қолданған жөн.
— Суреттерді артқы фонға қоймаған дұрыс. Бір бетке бір сурет болса, жинақы көрінеді.
— Презентация мазмұны бір тізбекте болғаны дұрыс: кіріспе, негізгі мәселе, шешім, қорытынды. Шығармашылық жағында ұмытпағаныңыз жөн.
Слайдқа қарай берудің қажеті жоқ. Қатысушылардың назарын өзіңізге аударып, слайд аяқталғанға дейін байланыс үзілмеуі тиіс.
Риторикалық сұрақтар қою арқылы қатысушылармен байланыста болыңыз. Атақты адамдарға, кітаптарға, ғылыми журналдарға сілтеме жасай отырыңыз.
Сөз соңында қатысушылардың назарына алғысыңызды білдіріп, сенімді түрде сұрақтарына жауап беріңіз.
Толғанай АЙТКЕНОВА “7”
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024