Apple сәрсенбі күні iPhone 6S және iPhone 6S Plus жаңа смартфондарының тұсауын кесті. Сыртында елеулі өзгерістер болмаса да, іштей барлығы жаңаша деп сендіреді жасаушылар.
Жаңа смартфондар iOS 9 жаңа операциялық жүйесімен жабдықталған. А9 процессоры осыған дейінгілерден гөрі 70%-ға жылдам жұмыс жасайды. Сонымен бірге, биометрикалық тетік пен Touch ID 2-де жаңартылған.
Корпусы алюминий қоспадан жасалған. Жасаушылар Ion-X жабыны бар экранға баса назар аударған. Басу күшін тануға қабілетті Force Touch технологиясын да айта кету керек. Бұл технология бұрын-соңды Apple Watch және в MacBook 2015-те ғана қолданылған болса, осы жолы iPhone 6s пен 6s Plus-ті де жабдықтаған.
Камерасын жетілдіретінін айтпай-ақ түсінікті шығар. Бұл жолғы камераның мегапикселі 12-ге жетті. Енді қолданушылар 4K стандартында видеолар түсіре алады.
Алдыңғы камерасының рұқсаты - 5 мегапиксель. Оның да жарқылы бар. Фотосуреттері қарау үшін Live Photos қосымшасын қолдануға болады. Қосымша суретті түсірмес бұрын жарты секунд және түсіріп болған соң жарты сағатты жазып алады. Осылайша, фотосуретті "тірілтуге" болады.
Таныстырылған құрылғылар Apple iPhone 6 мен iPhone 6 Plus-тің жаңартылған модельдері.
Смартфондар төрт түсте шықты: осыған дейінгі алтын түстес, ақ және күміс түстес IPhone-дарға енді "алқызыл алтын түстес" түрі қосылды.
iOS 9 жаңа операциялық жүйесі бір аптадан соң қолжетімді болады. Айфондар 12 елде 25 қыркүйектен бастап сатылымға шығады. Алдын-ала тапсырыс беру 12 қыркүйектен бастап қабылданады. Жыл соңына дейін жаңа смартфондар тағы 130 елде пайда болады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024