Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан Иранға сататын еттің келісін 3,5 доллар деп белгіледі

Қазақстан Иранға сататын еттің келісін 3,5 доллар деп белгіледі

Қазақстан Иранға етті келісіне 3,5 долларға сатады. (1288 теңге/ 1 доллар 368 теңгемен). Бұндай келісім Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешевтің Тегерандағы сапары барысында жасалды, деп хабарлайды KAZNEXINVEST.

Апта сайын отандық өндірушілер құны 60 мың доллар болатын 17 тонна етті экспорттайтын болады. Кездесу барысында Қазақстанның Иранға ет экспорттауына қатысты құны 30 миллион доллар келісімге қол қойылды.Сонымен қатар, қазақстандық фермерлер 1 млн долларға  ирандық құс фабрикаларына жүгері жеткізетін болды.

Естеріңізге сала кетейік, Тегеран қаласында өткен бизнес-кездесулерге екі елдің іскер топтарының 1000-нан астам өкілі қатысты. Сондай-ақ, сауда миссиясы аясында Қазақстанның алпыстан астам өндіруші-экспорттаушылары өздері шығарған өнімдерінің тұсаукесерлерін өткізіп, ирандық рынокқа шығу мүмкіндіктерін талқылады және осы кездесулер барысында машина жасау, құрылыс, химия, фармацевтика, тамақ өнеркәсібі өнімдері кеңінен таныстырылды.

Фото: metro.com.kz

Похожие материалы