Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ірі компания қызметкерлеріне 5%-бен ипотека беріледі

Ірі компания қызметкерлеріне 5%-бен ипотека беріледі

Алматы. 27 қыркүйек. 7kun.kz - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі алғашқы жарнасы 0%, жылдық мөлшерлемесі 5% ипотекалық бағдарламаны іске қосты.

Жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы жеке компаниялар мен кәсіпорындар, мемлекеттік және коммуналдық мекеме қызметкерлеріне арналған.


«Корпоративтік» атты жаңа өнімді пайдалану үшін, ұйым өз қызметкерлерінің заемдарына 100 пайыз көлемінде қор жасау үшін қажетті қаражаттың болуын қарастыруы тиіс.

Бұл жағдайда несиелендіру механизмі төмендегідей болады:
1. Ұйым ақшаны банктегі өз шотына құяды. Аталған қаражат кепіл ретінде есептелініп, олар бойынша алдын ала заемдар беріледі.
2. Егер «Корпоративтік» өнімді жергілікті атқарушы органдар пайдаланса, ондай жағдайда жергілікті әкімдік банкке 8 жылға дейінгі мерзімге шақтап бюджеттік несиені ұсынады.
3. Қор жинау үшін арналған қаражатты банкке аударғаннан кейін, ұйым жеңілдетілген несиеге үміткер қызметкерлер тізімін жолдайды. Банк олардың несиені төлеу қабілеттілігін тексеріп, тұрғын үйді сатып алулары үшін алдын ала заем түрін береді. Алдын ала заем 8 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Заемның ең максималды сомасы 45 млн.теңгені құрайды.


Қарыз алушылар тұрғын үй заемына өтісімен, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қор жинау үшін қажетті қаражатты ұйымға қайтарып береді.


«Корпоративтік» өнімінің аясында ұйымдар тұрғын үй сертификаттары механизмдерін мысалға ала отырып, өз қызметкерлерінің алғашқы жарналарын төлеп берулеріне болады. 

Похожие материалы